6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Дәріс – Саңлаулар мен саптамалар жайлы түсүнік. Сұйықтың саңлаулар саптама арқылы ағуы



бет13/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

8 Дәріс – Саңлаулар мен саптамалар жайлы түсүнік. Сұйықтың саңлаулар саптама арқылы ағуы.

Саңылаулардың түрлері және олардан сұйықтың ағып шығу ерекшеліктері Инженерлік практикада өлшемдері және тұрпаттары әр қалай болатын түрлі саңлаулардың, сондай-ақ Саптамаларлар мен сұғындырмалардан сұйықтың ағып шығу мәселелері жиі қарастырылады. Сұйық тұрақты немесе айнымалы арынмен ашық атмосфераға (көмілмеген тесік), немесе сұйық ішіне (көмілген тесік) ағып шығуы мүмкін. Сұйықтың жұқа қабырғадағы саңлаудан ағып шығуымен қалың қабырғадағы саңлаудан ағып шығуы екі түрлі. Қалың қабырғадағы саңлаудан сұйықтың ағып шығуы Саптамалардан (қысқа құбырдан) ағып шығуымен бірдей деп қарастыруға болады. Саңлауларды, олардан шыққан ақпалардың сығылу ерекшеліктеріне байланысты, жетілген және жетілмеген деп, ал ақпалардың өздерін толық және жартылай сығылған деп тармақтайды.


Жұқа қабырғадағы тесік деп, қабырғасының қалыңдығы ақпаның тұрпаты (формасы) мен сұйықтың ағып шығу шартына әсер етпейтін тесікті айтады. Сұйық жұқа қабырғадағы саңлаудан ағып өткенде ағынның кілт тарылғандағы кедергісі секілді тек қана жергілікті арын шығындары орын алады.
Қабырғаға өте жақын жерде, сығылған қима (С-С) деп аталатын, (ақпаның) жіңішкерген қимасы пайда болады (6.1-сурет).
Бұл қимада ағын сызықтары өзара параллель орналасады. әрі қарай, ақпа ауырлық күші мен беттік жиырылу күшінің әсерімен төмен құлайды. Ақпаның көлденең қимасының тұрпаты өзгереді. Бұл құбылысты ақпаның инверсиясы деп атайды
Тұрақты тегеурінді сұйықтың жұқа жазық қабырғадағы үлкен саңлаудан ағып шығуыСұйық шағын саңлаудан ағып шыққанда тесіктің жоғарғы және төменгі шегіне әсер етуші тегеурінді бірдей деп санауға болады, өйткені тесіктің диаметрі кішкентай. Егер тесік үлкен (биіктігі 0,1Н шамасынан артық) болса, тегеурін шамасы тесік шектерінде бірдей деуге болмайды: тесіктің жоғарғы бөлігіндегі сұйық -дің әсерімен, ал төменгі жағындағы сұйық -нің (6.5-сурет) әсерімен ағады.Тегеуріннің тесік биіктігі бойынша айнымалылығын ескере отырып, сұйықтың үлкен тесік арқылы өтімін анықтау үшін, тесіктің көлденең қимасының ауданын, биіктігі dH, бірнеше горизонталь жолақтарға бөлеміз. Әрбір жолақ арыны (тегеуріні) тұрақты (H=const), ал өтімі шағын тесік деп қарастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет