6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша


Дәріс. Су құбырлары, оның классификациясы және гидравликалық параметірлері



бет12/47
Дата19.10.2023
өлшемі6,17 Mb.
#186656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47
Байланысты:
6B08674- су ресурстары ж не суды пайдалану білім беру ба дарлама

7 Дәріс. Су құбырлары, оның классификациясы және гидравликалық параметірлері.

Кедергілер мен арын шығындарының түрлері Өзендер мен каналдарда, құбырларда, тағы басқа өткізгіштерде сұйық энергиясының біршамасы кедергілерді жеңу үшін шығын болады, оны арын шығыны немесе үлесті энергия шығыны (сұйықтың бірлік салмағына тиісті) деп атайды. Жалпы түрде, арын шығынын Бернуллидің шынайы сұйықтар ағыны үшін шығарған теңдеуінен табуға болады:


Практикада гидравликалық кедергілерді екі түрге бөліп қарастырған, көп жағдайларда, ыңғайлы. Оның біріншісі бойлық (өзен, құбыр учаскілеріндегі) үйкеліс кедергілері (сұйықтың қатты бетке үйкелісі және сұйық қабаттары арасындағы үйкеліс); екіншісі – жергілікті кедергілер: арнаның (құбырдың) кенет кеңеюі, немесе тарылуы, бұрылуы, шүмек, диафрагма, ысырма тағы басқа жергілікті кедергілердің әсерімен сұйық оларды орап ағады, иірім пайда болады, масса алмасу процесі жүреді. Осының бәріне энергия ысырап болады, арын шығындалады.
Кедергінің екі түріне байланысты арын шығыны да екі түрлі болады: бойлық арын шығындары және жергілікті арын шығындары.
Гидравликалық кедергілерді жеңу үшін кететін арын шығынын есептеуде шығындарды қосу принципі пайдаланылады, оның мәні мынада: жалпы арын шығыны - әр кедергіні жеке-жеке жеңу үшін кететін арын шығындарының қосындысына тең:
Ескерте кететін бір нәрсе, жақын жерде орналасқан бірнеше жергілікті кедергілердің бір-біріне әсері осы күнге дейін толық зерттелмеген, кейбір жағдайларда, жалпы арын шығыны жергілікті арын шығындарының жай қосындысына тең емес.
Гидравликалық есептеулерде құбырларды ұзындығына және есептердің шарттарына қарай екі түрге бөледі: қысқа және ұзын құбырлар деп.
Қысқа құбырлар деп, жергілікті арын шығындары бойлық арын шығындарының кемінде 5 ... 10 пайызын құрайтын құбырларды айтады. Ұзын құбырлар қатарына: суландыру құбырлары, сумен қамтамасыз ететін және ирригациялық жүйелердегі құбырлар, сондай-ақ гидромеханизацияда пайдаланатын құбырлар және т.с.с жатады.

15-сурет

Құбырлар, гидравликалық жұмыс істеу схемаларына қарай: тармақталмайтын, жай (15 а,б - сурет) және тармақталатын, күрделі (7.1 в,г-сурет) құбырлар деп бөлінеді.
Сол сияқты құбырлардың тұйық және айналып қосылатын (15 г-сурет) жүйелері болады.
Сұйықтың бір резервуардан екінші резервуарға аққандағы арын шығынын анықтайық.
Резервуарлардағы ағынның өтім қималарының ауданы едәуір үлкен болғандықтан



16-сурет

ол жердегі жылдамдықтар аз болады, ал нөлге жақын болады. Олай болса Бернулли теңдеуінен

Демек қарастырылып отырған екі резервуардағы сұйық деңгейлерінің айырмасы толығымен құбырдағы кедергілерді жеңуге жұмсалады.
Бұндай жағдай тек сұйықтың деңгей астындағы тесіктен ағып шыққан (В резервуары бар) кезінде орын алады. Сұйық тізбектеп қосылған құбырлардан ашық атмосфераға еркін ағып шыққанда арын шығыны басқаша табылады (17сурет).

17-сурет



Айналып қосылатын құбырлар тұрақты жұмыс істейді, басқа сөзбен айтқанда, кейбір жері істен шыққанда немесе жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда, басқа жерлері тоқтаусыз сумен қамтамасыз етіле береді.
Құбыр өткізгіштерді гидравликалық есептеу барысында мынандай үш негізгі есептер кездеседі:

  1. берілген мәндері бойынша құбырдың өтімін (Q) анықтау;

  2. берілген , мәндері бойынша арын шығындарын есептеу;

  3. берілген мәндері бойынша құбырдың қажетті диаметрін табу.

Құбырлардың гидравликасына қатысты басқа да есептерді шешкенде, құбырлардың өтімдік сипаттамасы (өтім модулі) туралы ұғым жиі пайдаланылады. Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі сұйық өтімі
немесе
формуласы бойынша анықталады.
Қимасы өзгермейтін құбырлар үшін ω,C,R – тұрақты.
Олай болса мына шама да тұрақты

Мұны өтімдік сипаттама немесе өтім модулі деп атайды:
(7.10)
немесе

Сұйық өтімі
7.11)
Еңістіктің бірлігі жоқ болғандықтан өтімдік сипаттама (K) сұйық өтімінің өлшем бірлігімен өлшенеді.
Сонымен, өтімдік сипаттама дегеніміз, гидравликалық еңістігі бірге тең құбырдағы сұйық өтімін білдіреді.
Егер өтімдік сипаттаманы құбыр диаметрі арқылы өрнектесек,

Мұндағы
немесе
екенін еске ала отырып, мынандай тұжырымға келеміз: n=const болғанда өтімдік сипаттама тек қана құбыр диаметрінің функциясы боп табылады:

Енді, бұрынырақ алынған, (7.5) формуласына оралып оны өтімдік сипаттама арқылы өрнектейік.
Арын шығыны

болғандықтан,

Олай болса

немесе (7.11) еске алсақ
(7.12)
(7.12) тәуелділігін (7.5) формуласына апарып қойсақ:
(7.13)
немесе
(7.14)
Өздік бақылау сұрақтары

  1. Құбырлардың бұжырлық коэффициенті нені көрсетеді? Мысал келтіріңіз.

  2. Құбырлардың қандай түрлері болады?

  3. Олардың ерекшеліктері қандай?



Қолданылған оқулықтар

1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б


2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет