Практикалық кескінді суағарлардағы өтім мүмкіндігі
Жалпақ табанды суағарлардағы ағын сипаты
11.10- сурет
Өздік бақылау сұрақтары
Суағарлар және олардың түрлері
Суағарлардың жіктелуі қандай шамаларға байланыты
Қолданылған оқулықтар
1 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б
2 Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.
3 Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б
4 Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.
13-дәріс Бьефтердің жалғасуы Төменгі және жоғарғы жақтаулардың жалғасуы Қабыспа құрылымдар
Бөгеттер мен тежегіш құрылымдар сулы арнаны екі бөлікке бөледі, олар жоғарғы және төменгібьефтер деп аталады. Ағынның жоғарғы бьефтен төменгі бьефке ағып өтуін бьефтердің жалғасуы дейді. Кейде бьефтердің жалғасуы деп ағынды жоғарғы бьефтен төменгі бьефке өткізуге байланысты техникалық шаралардың жиынтығын да атайды.
Практикада бьефтердің жалғасуын негізінен екі түрге бөледі – еңістік кенет өзгергендегі жалғасу және тежегіш құрылымдар арқылы жалғасу.
13.1. Еңістік өзгергендегі бьефтердің жалғасуы
Ағын түбінің еңістігі әртүрлі болған кезде қалыпты тереңдік те әртүрлі. Еңістік неғұрлым кіші болса, қалыпты тереңдік те соғұрлым үлкен болатыны белгілі. Сондықтан төменгі бьефтегі еңістік жоғарғы бьефтегі еңістіктен кіші болса, онда көтерілу қисығы (28сурет)
28-сурет
пайда болады, ал керісінше төменгі бьефтегі еңістік жоғарыдағы бьефке қарағанда үлкен болса – түсу қисығы пайда болады (29-сурет).
29-сурет
Жоғары бьефтегі еңістіктің төменгі бьефтегі еңістікке ауысқандағы бьефтердің жалғасуы 30-суретте көрсетілген.
30-сурет
Бьефтер жалғасуының күрделірек түрін еңістіктен еңістікке (буырқанған ағыннан жайбарақат ағынға) өту жағдайын қарастырайық. Мұндай жағдайда арнада гидравликалық шапшыма пайда болады. 31-суретте гидравликалық шапшыма түрінде жалғасудың сүлбелері келтірілген: I – төмен ығысқан шапшыма; II – сығылған қимадан басталатын шапшыма; III – тірелген шапшыма.
31-сурет
Шапшыманың пайда болатын орнын және биіктігін анықтайық. Айталық шапшыма тура су бөлетін жақтаудың түбінде пайда болсын. Мұндай жағдайда төменгі бьефтегі дағдылы тереңдік жоғарғы бьефпен жалғасқан ағынның сығылған қимадағы тереңдігіне байланысты қосақы тереңдікке тең болады.
Сығылған қима тереңдігіне қосақы тереңдікті жорамал тереңдік деп атаймыз, олай болса ол мынандай формуламен анықталады
12.1)
Демек, дағдылы тереңдік жорамал тереңдікке тең.
Егер де төменгі бьефтегі дағдылы тереңдік жорамал тереңдіктен кіші болса , онда шапшыма ағыс бойымен жылжып төмен ығысқан шапшыма пайда болар еді, ал керісінше болса, онда шапшыма құрылымға жақындап, тірелген шапшыма орын алар еді.
Сөйтіп, шапшыманың пайда болатын орнын анықтайтын белгіні таптық
(12.2)
Егер:
а) болса, шапшыма ағыс бойымен төмен ығысады - ыққан шапшыма;
б) болса, шапшыма ағысқа қарсы, жоғары жылжиды - тірелген шапшыма;
в) болса, шапшыма сығылған қимадан басталады - алмағайып шапшыма.
Достарыңызбен бөлісу: |