Пьезометрлік және вакуумметрлік биіктіктер
Сұйық бетіне атмосфералық қысымнан (ра) артық қысым р0түсіп тұрған жабық ыдысты (I) қарастырайық (2.7-сурет). Ыдыстың А нүктесінен тесік жасалынып, оған, жоғарғы жағы ашық түтікше (2) жалғанған. әлбетте, сұйық оның бойымен hpбиіктікке көтеріледі. өйткені сұйық бетіндегі қысым атмосфералық қысымнан көп (р0> ра).
3-сурет
Сұйық көтерілетін түтікшені пьезометрлік түтік, немесе пьезометр деп атайды. А нүктесіндегі гидростатикалық қысымды тәуелділігі арқылы табады:
(3.17)
немесе
(3.18)
А нүктесіндегі абсолюттік қысымды (рабс) басқа жолмен де табуға болады. Шынында, А нүктесіне ыдыстағы сұйық бағанасы мен сұйық бетіне түсіп тұрған р0қысымы әсер етіп тұрған жоқ па?
Олай болса
Тыныштық күйдегі сұйықтың А нүктесіне пьезометр жағынан да, ыдыс жағынан да қысым бірдей түседі, сондықтан
Бұл теңдіктен
(3.19)
Демек, пьезометрлік биіктік, А нүктесіндегі артық қысымды көрсетеді.
Енді пьезометр жалғанған ыдыс ашық болсын делік. Онда сұйық бетіндегі қысым атмосфералық қысымға тең болады (р0 = ра) және де өрнек мынандай қарапайым түрге енеді
(3.20)
Бұл жағдайда, пьезометрлік биіктік, сұйықтық ішіндегі қарастырылып отырған нүкте тереңдігіне тең болады.
Инженерлік практикада, әртүрлі себептермен, қысымы атмосфералық қысымнан аз (вакуум) болатын облыстар (сиреген ауа, сұйық жылдамдығы кенет өсіп кеткен кеңістіктерде) жиі ұшырасып отырады.
Вакуум – атмосфералық қысым мен абсолюттік қысымның айырмасы.
(3.21)
Басқа сөзбен айтқанда, вакуум – атмосфералық қысым мәніне жетіспей тұрған абсолюттік қысымның шамасы.
4-сурет
Мысалы,.4 - суретте А резервуары көрсетілген. Ондағы толтырылған сұйықтың бетіне атмосфералық қысымнан аз қысым р0түсіп тұр делік (резервуардағы ауаның бір бөлігі вакуум-насоспен сорып алынған). Осы вакуумды табайық. Ол үшін екінші ыдыстағы (В) сұйыққа, h тереңдікке дейін, батырылатын етіп иілген түтікті А резервуарымен жалғайық. Мұндай түтікті кері пьезометр, немесе вакуумметр деп атайды. Резервуардағы сұйық бетіне түсірілген қысым (р0), атмосфералық қысымнан төмен болғандықтан, иілген түтіктегі сұйық деңгейі, екінші ыдыстағы сұйық бетінен вакуумметрлік биіктікке (hвак) дейін көтеріледі.
Енді осы биіктікті анықтайық. Ол үшін К нүктесіндегі сұйықтың тепе-теңдігін қарастырамыз.
Түтік тарапынан К нүктесіне түсетін бұл қысым (2.21) өрнегі бойынша
Ал екінші ыдыстағы /В/ сұйық тарапынан түсетін қысым
Сұйық тепе-теңдік күйде болғандықтан
(3.22)
Демек
(3.23)
немесе
Достарыңызбен бөлісу: |