6B08674- су ресурстары және суды пайдалану білім беру бағдарламасы бойынша



бет3/47
Дата15.03.2023
өлшемі6,17 Mb.
#172494
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
gidrodinamika umk vrv 21-1

Сұйыққа әсер етуші күштер

Сұйыққа түсірілген күштер массалық және беттік күштер болып екіге бөлінеді.


Массалық(көлемдік) күштер деп сұйықтың масса бірлігіне (массасы ΔМ=ρΔW) үлесті күштерді атайды. Оларға ауырлық күштер (гравитациялық күштер), инерциялық күштер (кориолистік инерция күші мен тасымалды инерция күші) және электромагниттік күштер кіреді. Егер көлемі ΔW сұйықтың А нүктесіндегі массалық күшін табу керек болса, оны былай жазуға болар еді:
(1.1)
Бұл жерде ΔF – массасы ΔМ сұйыққа әсер етуші күш. Массалық күштің бірлігі үдеудің бірлігіндей [LT-2]. Бұданшықты массалық күш дегеніміз – үдеу.
Беттік күштер деп сұйық ішіндегі белгілі беттің аудан бірлігіне түсетін күштерді айтады. Су бетінің А нүктесіне көлбеу түскен ΔР күшті ΔPnжәне ΔPτдеп екі құраушыға бөліп жазады. Нүкте айналасындағы Δω аудан бірлігіне тік түсірілген күшті (1.1-сурет),


Pn = (1.2)
тіктеме күштеу деп атайды.
Мұндағы:
ΔРn – бетке тік түсірілген күш – қысым күші;
ΔPτбетке жанама бағытталған күш – үйкеліс күші.



1. -сурет


Массалық және беттік күштердің кез-келгені ішкі немесе сыртқы күштер қатарында бола беруі мүмкін. Ол қарастырып отырған жүйеге байланысты.
Ішкі күштер деп сұйық бөлшектерінің өзара әсерлерін айтады.
Олар сұйықтың тыныштық (тепе-теңдік) күйінде қос-қостан келеді де, жалпы қосындысы нөлге тең болады. Ал сыртқы күштер деп, қарастырылып отырған сұйық көлеміндегі әрбір массалы бөлшекке немесе әрбір беттің элементіне, сырттан әсер ететін күштерді айтады.
Егер сұйыққа сыртқы күштер әсер етсе, ол сұйықтың ішкі күштерінің (молекулааралық) тепе-теңдігін бұзады. Кез келген қимада ішкі күштердің қосындысы нөлден ауытқиды және ол сыртқы күштерге қарсы бағытталады. Ішкі күштердің шамасы сыртқы күштермен теңескенше өседі. Сұйықтың мұндай күйін жүктену(күштену) деп атайды. Соған сәйкес сұйық қимасында пайда болған күштерді жүктену күштерідеп атайды. Мысалы, тепе-теңдік жағдайда тұрған сұйықтың екінші бөлігінің (.2-сурет)



.2-сурет
бірінші бөлігіне әсерін күшімен алмастырсақ және оны N қимасындағы А нүктесіне тіркелген екі құраушы (Pn және Pτ) күштеулерден тұрады десек, онда сұйық осы сыртқы күштердің әсерімен ширай түсер еді. Сұйық қимасында осы күштерге тең және қарама-қарсы бағытталған бірлік ауданға үлесті күштер-тіктеме (Pn') және жанама (Pτ') күштенулер пайда болар еді.


Өздік бақылау сұрақтары



  1. Гидровалика дегеніміз не?

  2. Гидровалика ғалымдар сияты анықтала ма?

  3. Сұйықтық дегеніміз не, және оларды қалай айырады?

  4. Сұйықтарға қандай күштер әсер етеді?

  5. Сұйықтықтың физикалық қасиеттерін және өлшеу бірлігін (мөлшерін) атаңыз?

  6. Тұтқырлық дегеніміз не, және оның мөлшерлігі?

Қолданылған оқулықтар



  1. Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2011 - 200б

  2. Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқулық). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2004. – 313 б.

  3. Әдіраманов Ә Гидравлика (оқулық) Тараз ТарМУ, 2000 - 400б

  4. Чугаев Р.Р. Гидравлика – 4-ішығ. – М.: Л.: Энергоиздат, 1982. – 671 б.

  5. Гаврилов М.Б. Гидравлика (оқу құралы). – Алматы: Каз.ҰТУ, 2003. – 100 б





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет