6ЖОҒары молекулалық Қосылыстар


Полиэтилен алудың жоғарғы қысымдық түрі



бет7/8
Дата17.04.2024
өлшемі436,5 Kb.
#200973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция - 12 (1)
40. Личко бойынша ауру?а к?з?арасты? т?рлері, 40. Личко бойынша ауру?а к?з?арасты? т?рлері
Полиэтилен алудың жоғарғы қысымдық түрі
Полиэтилен алудың көп тараған әдістерінің біріне 100-350 МПа қысым мен 190-300°С температурада және оттегінің (немесе асық тотықтардың) қатысуында жүретін әдіс жатады. Бұл полимерлеу радикалдық механизм бойынша жүреді. Этилен оттегімен әрекеттесу кезінде бос радикалдар R ■пайда болады, бұл радикалдар этилен молекулаларымен әрекеттеседі:

Бұл реакция бастамасына жатады, одан кейін тізбектің өсуі жүреді:

Тізбектің үзілуі макрорадикалдардың рекомбинациясы нәтижесінде орын алады:

Осындай процестердің нэтижесінде полиэтилен макромолекула-ларында жан қабырғалық бұтақтар (этильдік, пропильдік, бутильдік топтар) пайда болады жэне олар ары қарай одан да ұзынырақ тізбектер құрауы мүмкін.


Полиэтиленді жоғары қысымда алу әдістерінің ішінде екі сатылық қысу әдісі көп тараған.

Жоғары қысымда оттегі қатысуында этиленді полимерлеудің технологиялық схемасы.
1- этилен қоймасы, 2,4 - араластыргыштар, 3- бірінші каскад компрессоры, 5- екінші каскад компрессоры, 6—түтіктік реактор, 7 - жоғары қысымдық бөлгіш, 8- төменгі қысымдық бөлгіш, 9 - экструдер-гранулятор, 10- циклон, 11 - бункер, 12- дозатор, 13 - автоматтыц таразы, 14- қап аузын тіккіш машина

Бастапқы этилен газтаратқыш қондырғыдан шыққаннан кейін қайтқан этиленмен араласуға түседі, одан кейін бұлар араластырғышқа (2) келіп түседі, бүл жерде оттегі - бастамашы қосылады (0,002-0,006% көл.). Бұдан кейін этилен бірінші сатылық компрессорға (3) келіп түседі, мұнда газ 25-30 МПа дейін қысылады. Қысылған этилен майбөлгіш пен мұздатқыш арқылы араластырғышқа (4) келіп түседі, мұнда ол жоғаргы қысымдық бөлгіштен (7) шыққан қайтарма этиленге келіп түседі. Содан кейін бұл қоспа екінші сатылық компрессорға (5) келіп, қосымша қосылысқа (150-300 МПа) түседі. Бүдан кейін этилен түтіктік реактор-ға (6) жіберіледі, бүл реактор тізбектей қосылған «түтік ішіндегі түтік» түріндегі жылу алмастырғыштар болып табылады. Сыртқы түтік ішімен ыстық су жүреді, бүл су реактордың бірінші аймағы үшін қыздырушы рөл атқарады да, ол екінші жэне үшінші аймактар үшін суытқыш рөл атқарады. Бірінші аймақта этилен 150°-190°С дейін қызады да, екінші және үшінші аймақтарда ол полимерленеді.


Полиэтилен балқымасы мен газ түріндегі этилен қоспасы түтіктік реактордан (6) шығып, жоғарғы қысымдық бөлгішке (7) келіп түседі, бүл жерде қысым 25 МПа дейін төмендейді. Бөлгіштен (7) шыққан этилен циклон, сүзгіш жэне суытқыш арқылы араластырғышқа (4) келіп түседі, ал балқыған полиэтилен төменгі қысымды бөлгішке (8) келігі түседі, мұнда қысым 0,13-0,18 МПа дейін төмендейді. Мұнда бөлінетін этилен алдымен сілтілік тазалаудан өтеді, сосын

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет