6ЖОҒары молекулалық Қосылыстар


Пластикалыц масса өндірісі



бет4/8
Дата17.04.2024
өлшемі436,5 Kb.
#200973
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
лекция - 12 (1)

Пластикалыц масса өндірісі
Пластнкалық масса (пластмасса) деп жоғары температура мен қысым жағдайында пластикалық (майысқақ) күйге ауысушы, сыртқы күштердің әсерімен қалыпқа түсуші және содан кейін сол қалыпты түрде қалушы жоғары молекулалық смоланың (шайыр) негізгі компоненты қүраушы материалдарды айтады. Термопластикалық полнмерлер қыздыру кезінде жұмсақ күйге ауысады, сосын тұтқыр сүйық күйге түседі, ал суытқан кезде бастапқы сапасын өзгертпестен қатты күйге ауысады. Термореактивті полимерлер суытқан кезде де, қыздырған кезде де балқымайтын және ерімейтін қатты материалға айналады.
Полимерленген смолалардың ішінде полиэтилен, полистирол, хлорлы винилдің полимерлері мен сополимерлері, этилен-фтор туындыларының полимерлері, полиакрилаттар, полипропилен, поливинилацетат, полизобутилен, полиформальдегид жэне т.б. көп таралған.
Поликонденсациялық смолаларға фенол-альдегидтік, аминоформ-альдегидтік, полиэфирлік, полиамидтік. кремнийорганикалық жэне т.б. жатады. Бұлардың көпшілігі термореактивті түрде, біраз бөлігі термопластикалық күйде болып келеді.
Пластмассалар қүрамдылығы жағынан толтырылмаған және толты-рылған болып бөлінеді. Толтырылмаған пластиктер таза немесе аз ғана қоспалар қосылған полимерлер болып табылады, ал толтырылған қоспалар өздерінің байланыстырушы смоласының ішінде біркелкі таралған толтырғыштар, пластификаторлар, бояулар. стабилизаторлар, қатайтқыштар жэне баска да қоспалардың болатындығымен ерекшеленеді.
Толтырғыштар пластикалық массаға белгілі бір физикалық қасиеттерді беруге немесе күшейтуге арналған қатты заттар болып табылады. Ондай қасиеттерге мықгылық, жылу төзімділік, суыту кезінде көлем кішіреюін азайтушылық, жандырмаушы, сыртқы түрді әдемілеуші жэне диэлектрлік қасиетті көтеруші жэне т.б. жатады. Толтырғыш есебінде органикалық жэне минералдық қосындылар қолданылады (кесте).
1-кесте. Пластмасса толтыргыштары


Пластификаторлар негізінен сұйық аз ұшқыш заттар болып табылады, бұлар жоғары температурада композицияның пластикалық (жұмсақтық) қасиетін көтереді, сосын қалыпқа тускен затқа аязға төзгіш, үлкен эластика жэне серпімділік қасиеттерді береді. Көп таралған пластификаторларға майсана (кастора) майы, дибутилфтолат, трикрезилфосфат және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет