9-дәріс.Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың жоспары:
1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теориялық ұғымдар
3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары
Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру - оны оқытуды басты міндеттерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |