Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектелмей, оның түр-түрін қалай оқытуға болатынын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |