Тақырып 1.Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі
Мақсаты :
Студенттерді педагогикалық диагностиканың ғылыми - теориялық негіздерімен таныстырып,оның мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік беру.
Жоспар:
1.Педагогикалық диагностиканың оқыту пәні.
2.Педагогикалық диагностиканың мақсаты мен міндеттері.
3.Педагогикалық диагностиканың қолданылуын талап ететін арнайы тәжірибе аумақтары.
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір обьектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжауы мен сол тәртібіне әсер етуінің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Сондықтан, педагогикалық диагностика деген кезде, біз диагностикалық танымның белгілі бір обьектілер, яғни психикасы бар нақты адамдар туралы айтамыз. Педагогикалық диагностиканың зерттеу объектісі – педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық диагностика педагогикалық үдерістегі өзгерістерді оқушы бойындағы өзгерістермен байланыстыра болжайды.
«Педагогикалық диагностика» ұғымын дұрыс түсіну үшін философия мен психологиядағы диагностиканың жалпы теориясын қарастыруымыз қажет. Өйткені педагогикалық диагностика философия мен психологиядағы диагностикагың заңды жалғасы болып табылады.
Диагностиканың әртүрлі ғылым саласында пайда болуын тарихи хронологиялық аспектіде қарастыратын болсақ, алғаш рет « диагностика » термині антикалық дүниеде кездеседы.
Диагностика жасау үрдісі, оны кезеңдерге бөлу ғалымдардың еңбектерінде әртүрлі көрініс тапқан.
Мысалы, Е.И.Воробьева диагностика жасау үдерісін мынадай кезеңдерге бөлінеді:
Жүйенің жалпы және дәл қазіргі кездегі жағдайы туралы мәліметтерді жинақтау;
Үдерістің ( немесе объектінің ), жүйенің үйлесімді жұмыс істеуін сипаттайтын, жүйенің негізгі параметрлері туралы ақпараттың болуы;
Жүйенің нақты жағдайын оңтайлы анықтауға мүмкіндік беретін ақпараттығ екі немесе одан да көп түрін салыстыру;
Басқару сигналын жасап шығару, яғни жүйені үйлесімді күйге келтіру үшін қажетті әсер ету;
Болжау – егер киліксе және әртүрлі килігу тәсілдері қолданылса немесе ештеңе килікпесе не болатынын алдын ала болжау;
Практикалық тәсілдердің көмегімен жүйені басқару бағдарламасын жүзеге асыру.
Диагностика жасау үдерісі кезеңдерінің екінші бір түрін Корч Ивонна ұсынады:
Объектіні диагностикалық тексеру және диагностикалық ақпараттарды жинақтау;
Мәліметтерді өңдеу диагноздың болжамды түрін құрастыру;
Дифференциалды диагностика;
Диагнозды негіздеу және бағалау;
Объектіні қосымша тексеру және жеткіліксіз ақпараттарды жинау.
Диагностика жасау үдерісін кезеңдерге бқлу көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Диагноситка нәтижесінде алынған білім объектінің қалыпты жағдайынан ауытқуының алдын алуға, сондай-ақ объектінің дамуын қамтамасыз етуге пайдаланылады.
Педагогикалық диагностиканың мәнін оның атқаратын функциялары арқылы талдауға болады.
Педагогикалық диагноз -бір ғана сөзден тұрмайды, кең мағынада жүйелі түрде болады. Қазіргі педагогикалық диагностикада педагогикалық диагноз - ауруды анықтамайды, сонымен қатар психологиялық ауруларға болжам жасамайды. Педагогикалық диагноз кез - келген сау адамға қойылып, сонымен қатар психикалық қасиеттердің комплекстік бейнесін береді,- қабілеттілігін, стилін және адамның өзіне байланысты себептерін, Мысалы,бір адамда бір уақытта бірден бірнеше қабілеттер анықталады: креативтік дамуының жоғары деңгейі, вербальдық(ауызша) интеллекттің орташа деңгейі, социалдық табысқа жетуінің негізі, себептердің негізінде зейінді концентрациялау қабілеттілігінің төмен деңгейі.
Белгілі бір адамның кейбір қасиеттері мен қабілеттері кейбір жағдайларда өзара конфликтке ұшырап, әртүрлі қимылдарға итермелеуі мүмкін. Педагогикалық диагностиканың мақсаты - адамның қайсы педагогикалық қасиеттері өзара қайшылықтарға ұшырағанын анықтау. Бүл ішкі конфликтті шешуге көмектеседі. Педагогикалық диагностикада норма деген ұғымның үлкен маңызы бар. Норманың екі түрі болады: статистикалық және социокультуралық. Бірінші түрі- стильдік және мотивациялық қасиеттерді бағалау үшін пайдаланады. Екіншісі - қабілеттерді және жетістіктерді бағалау үшін. Статистикалық норма - өлшенетін қасиеттің орта диапазоны.
Социокультуралық норма - қоғамда қажет қасиеттің деңгейі.
Барлық жағдайда ғылыми және практикалық педагогикалық диагностика өзіне тән бірнеше міндеттерді шешеді. Олар мыналар:
1.Адамдағы белгілі бір психологиялық сапалар мен мінез - құлық ерекшеліктерінің бастамасын анықтау.
2.Бұл сапаның даму деңгейін анықтау, оның белгілі бір сапалық және сандық көрсеткіштерінде көрініс табуын анықтау.
3.Қажет болған жағдайда адамның (мінез- құлық) диагностикаланған мінез құлық және психологиялық ерекшеліктерін сипаттау.
4.Әр түрлі адамдардағы бұл сапалардың даму деңгейін салыстыру.
Практикалық педагогикалық диагностикада бұл міндеттердің барлығы бөлек - бөлек шешіледі немесе жүргізілетін зерттеулердің мақсатына байланысты комплексті түрде шешілуі мүмкін. Барлық жағдайда нәтижелерді сапалы сипаттаудан басқа, сандық талдау әдістерін меңгеру де талап етіледі.
Сонымен педагогикалық диагностика арнайы дайындықты талап ететін психологтың кәсіби қызметінің күрделі аймағы болып табылады. Психолог диагносттың(меңгеруге тиісті болған дағды мен икемділік,білімнің жиынтығы) меңгеруіне тиісті барлық білімдер жиынтығы, дағды мен икемділіктері соншалықты аумақты,ал білім, дағды мен икемділіктері соншалықты күрделі, педагогикалық диагностика психолог кәсібіндегі арнайы сапа ретінде қарастырылады. Шынында да, мысалы, АҚШ- та практикалық психологтарды дайындау XIX – ғасырдың соңынан бастап жүргізіліп келеді, бұл жерде мамандарды арнайы екі жылдық факультетте жоғары психологиялық, қосымша педагогикалық салада дайындайды.Бұл факультет түлектері мынадай кәсіптердің бірін меңгеріп шығады: педагогикалық диагностика, психологиялық консультация және психокоррекция(түзету). Бұл жерде дипломдарының артықшылығы оларға практикалық педагогикалық диагностикамен де шұғылдануға құқық береді. Әрине, бүл салаларда психо педагогикалық диагностика бірінші орында тұр. Психологияның бұл саласынсыз бірде бір психолог маманы жұмыс істей алмайды. Кәсіби дайындықта мамандарды іріктеу практикалық психологтар арасындағы еңбекті іріктеумен сәйкес келеді. Олардың бірі педагогикалық диагностикамен айналысса, екіншілері психологиялық кеңес берумен шұғылданады, ал үшіншілері психологиялық коррекциямен айналысады. Әсіресе, педагогикалық диагностика аумағында мұндай еңбектің нақты бөлінуі мен өз сапасын терең меңгеру кәсіби біліктіліктің ең жоғарғы деңгейіне жетуіне көмектеседі. Педагогикалық диагностикадағы кәсіби қателіктердің салдарынан эксперименталды нәтижелермен қатар, консультациялық, психокоррекциялық жұмыстар да жоққа шығарылады.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1. Психодиагностиканың пәні мен міндеттерін анықтау ?
2. Психодиагностиканың міндеттерін шешу тәсілдерін көрсету ?
3. Арнайы тәжірибенің аймақтарын бөліп көрсету ?
4. Психодиагностикадағы аралас әдістердің бағытын бөліп көрсету ?
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.-
М.,-2003
Тақырып 2.Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздері.
Мақсаты :
Студенттерді педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздерімен таныстыру және компьютерлік педагогикалық диагностика туралы түсінік беру.
Жоспар:
1. Педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздері.
2.Компьютерлік педагогикалық диагностика.
Педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздері.
Педагогикалық диагностика практикалық педагогиканың бағыты ғана емес, ол теориялық пән болып табылады. Теориялық пән ретінде педагогикалық диагностика адамның ішкі дүниесін сипаттайтын тұрақты және тұрақсыз шамалармен жұмыс істейді. Бұл шамаларды анықтап,сипаттап, тіркеу үшін фактілерді қорытындылап, анализдің теориялық жұмысы жүргізіледі. Осы фактілер арнаулы әдістерімен тексерілетін теориялық құрылымдары мен гипотезалардың негізін құрайды. Сондықтан педагогикалық диагностика бір жағынан теориялық құрылымдарын тексеру әдісі , екінші жағынан абстрактық теориядан жылжу әдісі болып табылады. Мысалы, жеке тұлғаны зерттеу барысында тұлғаның қорғау механизмдері деген ұғымға көп жүгінген. Теориялық диагностикамен айналысатын педагогтар үшін мына сұрақтар қызықтыруы мүмкін.
1. Қорғау механизмдері адамның іс - қимылдары фактілерінің деңгейінде
қалай көрінеді.
2. Қалай, қандай әдістермен оларды тіркеу керек.
Теориялық педагогикалық диагностика жалпы педагогиканың мәліметтерін пайдаланады.( оның салаларының, психометриканың, психологиялық білімді пайдаланып практиканың мәліметтерін ) т.б.
Педагогикалық диагностика педагогиканың негізгі әдістеріне сүенеді:
1. Кескіндеу принципі ( қоршаған дүниенің адекваттық кескіндеу адамға оның іс қимылдарының тиімді регуляциясын қамтамасыз етеді).
2. Даму принципі (психикалық құбылыстардың пайда болу жағдайын зерттеуге бағытталған жобалау(ориентация), олардың өзгеруінің тенденциясы,сол өзгеруінің сапалық және сандық мінездемелерінің тенденциялары).
3. Құбылыс пен мәннің диалектикалық байланысының принципі ( осы философиялық категориялардың өзара қамтамасыз етілуі )
4. Іс-қимылдарының және сананың бірлік принципі (сана мен психика адам іс-қимылдарында қалыптасады).
Психологтың осы салада жинаған нәтижесі психологиялық информацияны алудың әдістері болып табылады. Ол әдістерді өзінің әріптестеріне беру мүмкіншілігі бар.
Педагогикалық диагностиканың методикасы – шешілген психологиялық-педагогикалық есеп. Бұл есепте психологиялық-педагогикалық информацияны алудың әдістері бар , әртүрлі варианттары , сол варианттардың мәні. Педагогикада көптеген әдістер өзінің авторларының есімімен аталған – Роршахтың тесті, Розенцвейгтің тесті , Вартеннің тесті , Косстың кубиктері , Равенттің тесті және т.б.
Компьютерлік педагогикалық диагностика.
Экспериментальды педагогикалық диагностика әдістердің дамуында педагогикалық диагностика хабар алудың стимуляциясын тіркеуде және өңдеуде техникалық құралдар негізгі орын алады. Компьютерді қолдану практикалық педагогикалық диагностика тұрғысынан қарағанда бірнеше тиімділіктерге қол жеткізеді:
1. Дәстүрлі педагогикалық диагностика эксперименттің ескішіл тәсілдерін жеделдету (автоматизациялау). Оларға зерттелетін адамның жауаптарын тіркеу , хаттама жүргізу , нәтижелерді шығарып беру және т.б. жатады. Мұндай жеделдетудің арқасында педагогикалық диагностиканың стандарттық деңгейі жоғарылайды , диагностика мәліметтерді алудың жылдамдығы мен нақтылығы жоғарылайды.
2. Көпшілік педагогикалық диагностика зерттеуде қысқа мерзімде өткізу.
3. Педагогикалық диагностика зерттеулердің жаңа түрлерін реализациялау :
жаңа стимулдарды генерирация өткізу мүмкіншілігі;
стимулдық жүйелікті ұйымдастыру;
зерттелетіндердің реакция параметрлерін тіркеу;
педагогикалық диагностика әдістемелерін копьютер ойындары ретінде бейнелеу;
статикалық стимулдарды (мәтіндерді, суреттерді) жылжымалы динамикалық объектілерге өзгерту және т.б.
4. Педагогикалық диагностикадағы жаңа бейнелерді ажырата білу, алгоритімдердің жаңа түрін шығару, жасанды интелекттердің әдістерін шығару.
Жоғарыда аталған тиімділіктер тек қана компьютерлік технологияларды қолданғанда пайда болады. Компьютерлік зерттеулерді барлық жағынан жақсы деп айтуға болмайды. Зерттелетін адамда компьютермен жұмыс істегенде «психологиялық тосқауыл» эффекті пайда болуы мүмкін. Сондықтан психологиялық зерттеулердің жеделдетілген жүйесі ресстандартизациядан өту керек.
Компьютерлік педагогикалық диагностиканың дамуының үш негізгі бағытын анықтауға болады.
1. Педагогикалық диагностика мәліметтердің даму базасын құру;
2. Педагогикалық диагностика информация анализінің тиімді әдістерін құру;
3. Интеллектуалдық педагогикалық диагностика жүйесін құру;
Педагогикалық диагностика мәліметтердің базасы:
Мәліметтер базасының негізгі мақсаты информацияны қайталауды эою және әртүрлі информацияның ішкі түсінігін информациялау болып табылады. Біріншіден, мәліметтер базалары шексіз информацияны және мәліметтерді жинап, сақтауды мүмкіншілік береді. Екіншіден, мәліметтер базалары зерттелетін контингенттердің статистикалық мінездемелерінің оперативті анықтауларды жүргізуге мүмкіншілік береді.
Педагогикалық диагностика мәліметтердің анализінің компьютерлік әдістері.
Мәліметтердің компьютерлік анализі информацияны шығарудың әдістерінің жиынтығынан тұратын кең сала.
Қазіргі заманның компьютерлері педагогикалық диагностика информацияның күрделі құрылымын толық есепке алады.
Интеллектуалдық педагогикалық диагностика жүйелер.
Қазіргі компьютерлер бағдарламашылардың негізгі еңбегін өздері атқарып, басқа салаларды да тиімдін. Бұл бағыт жасанды интеллектті зерттеу негізінде 80-жылдары пайда болған. Бұл бағыттың аты интеллектуалдық жүйелердің өндірісі. Интеллектуалдық жүйелер интеллектуалдық есептерді шешуге арналған. Олар мәтінді түсініп құрастыру есептерін табиғи түрде шешіп тіл түсінуімен синтезі, бейнелеудің анализі, синтезі және өңдеуі болып табылады.
Мысалы отандық нұсқау 17ЛФ интеллектуалдық педагогикалық диагностика жүйе. Ол алдыңғы 16РҒ Р.Кеттелдің тестінен көптеген модернизациялауымен көзге түседі. Мұнда :
1. Оригиналдық әдістің пункттері нақтыланған.
2. Тесттің толық психометриялық бейімделуі атқарылған.
3. Шкалалардың мықтылығы жоғарылаған.
4. Кері байланыстың көмегімен зерттелетіннің стратегиясын меңгеру әдістері қолданылады.
Қорытынды.
Педагогикалық диагностика іс жүзінде қолданатын психология ғылымы ретінде әдістемелік қамтамасыз етілуден басқа педагогикалық диагносттың зерттелетін адаммен әр түрлі педагогикалық диагностика жағдайларда қарым-қатынас жасайды, зерттеулердің нәтижелерін тіркеу технологиясын, зерттеулер негізінде диагностикалық қорытынды жасалады. Клиентке нәтижелер туралы кері байланыс туғызады, диагностқа деген талаппен мамандық-этикалық стандарттар көрсетіледі. Сонымен мамандықты жете білуді, мамандық құпиясын сақтау және мамандар еместерді педагогикалық диагностика әдістерге жолатпау, алынған мәліметтерді құпия түрде сақтау талап етіледі.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. Педагогикалық диагностика психологияның қандай әдістерін қолданады ?
2. Педагогикалық диагностиканың әдістемелік негіздеріне не жатады?
3. Арнайы тәжірибенің аймақтарын бөліп көрсету ?
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003
Тақырып 3. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың пайда болу тарихы
Мақсаты:
Студенттерді педагогикалық диагностиканың пайда болу тарихымен таныстыру. Ежелгі Қытай, Үнді және Вьетнам елдеріндегі педагогикалық диагностиканың дамуы туралы түсінік беру.
Жоспары:
1.Педагогикалық диагностиканың қысқаша тарихы.
2.Педагогикалық диагностиканың ғылым ретіндегі қайнар көздері.
1.Педагогикалық диагностиканың қысқаша тарихы.
Педагогикалық диагностикарың тарихы ІІІ- ғасырдан басталады.
Ежелгі Мысыр, Қытайда, кейіннен ежелгі Грецияда, Вьетнамда мемлекеттік қызметке үміткерлерді, дінге қызмет етем деушілерді бірнеше сындардан өткізетін еді. Педагогикалық диагностиканың тарихы ғылыми негізделген компакттық әдістердің, нұсқаулардың методологиясы ретінде ХХ ғасырдың басында пегогикадан бөлек дами бастады. Ол педагогиканың бірнеше бағыттарының әсерімен пайда болды. Оның біріншісі – экспериментальдық педагогика. Өйткені педагогикалық диагностика әдістемелерінің негізінде эксперименттер болатыны заңды.
Экспериментальды педагогика,психология 1878 жылы пайда болған делінеді, өйткені осы жылы В.Вундт Германияда өзінің экспериментальдық психологияның бірінші лабораториясын ашты. Бұл лабораторияда негізінен түйсіктер және олардан пайда болатын іс- қимыл актілер – реакциялар. Сонымен қатар перифериялық және бинокулярлық көру, түстерді ажырату және т.б. зерттелді. В.Вундттың лабораториясы сияқты басқа да елдерде экспериментальдық лабораториялары ашылды. Англияда Ч.Дарвиннің Ф.Гальтон бірінші болып өзі шығарған жаңа комплексттік ғылымы «антропометрикаға» ерекше сындарды кіргізген. Мысалыға көзінің өткірлігін анықтау, есту қабілетін т.б. реакцияларын анықтау және Ф.Гальтон «Тест» терминді енгізді, соның атымен педагогикалық диагностика тарихының пайда болуын байланыстырады. Алғашқы да педагогикалық диагностика экспериментальдық дифференциялық педагогиканың әдістемелері туралы ғылым ретінде қалыптасты. Эксперимент арқылы адамдар арасындағы педагогикалық айырмашылықтарды зерттейді, бұл зерттеулер медицинамен педогогика содан соң өнер кәсіп өндірістерінің талаптарының ықпалымен пайда бола бастаған. Әр педагогикалық мектептерінің негізін қалаушыларымен олардың жолын қуғандар практиканың талаптарына әр түрлі жауап берген. Тесттік әдістемелер Бихебиоризмнің теориялық принциптерімен тығыз байланысты. Бихебиоризмнің методологиялық тұжырымдамасы организммен қоршаған ортаның арасында бірдей себептік қарым – қатынастар негізінде пайда болған. Организм қоршаған ортаның стимулдарына жауап беріп, жағдайларды өзіне пайдалы жағына өзгертіп соған бейімделеді. Бихебиоризм педагогикаға тәртіпті жетекші категория ретінде енгізді. Алғашқы да диагностиканың мақсаты тәртіпті тіркеуге келіп тірелген. Бірінші педагогикалық диагносттар тест әдісін шығарған. Клиникалық бағыт ассоциятивтік психологиямен психоанализге негізделген. Педагогикалық диагностиканың келесі кезеңі А.Бине есімімен байланысты. Ол ой дамуының және ой әрекетінің артта қалуының дәрежесінің педагогикалық диагностика әдістемелерінің нұсқауларына негіз салды. В.Штерн iQ коефицентін (ой дамуының) ұсынды. Бұл коефицент зерттелетін адамдардың даму деңгейінің интегралдық мінездеме ретінде алынған. Ешқандай қиындықтарға қарамастан интеллектің педагогикалық диагностикасы практиканың әр түрлі салаларында кең таралып кәзіргі күнге дейін пайдаланады. Сонымен қатар К.Юнгтің есімімен ассоциация әдісімен Г.Роршахтың (1921) тесттері проекцияның әдістемелік принципіне негізделген жеке тұлғалық құрылымының педагогикалық диагностика алғашқы проективтік әдістері пайда болады.
30-шы 40-шы жылдары консультациялық нұсқаулар өзекті бола бастады. 40-шы 60-шы жылдары жеке анкеталар кең таралған болатын. Г.И.Россолиммо (1910) еңбектерінен бастап интелектуалдық дамуының әдістерінің адаптациясымен пайда бола бастағандығына байланысты үлкен жұмыс атқарылды. Критикалық емес мамандардың емес бөгде адамдардың тест нәтижелеріне араласып тез арада дұрыс емес шешім қабылдау арқасында СССР-де педагогикалық диагностиканың барлық зерттеулер таратылған еді. Педагогикалық диагностиканың қайта өрлеуі 60-шы 70-шы жылдарына тура келген.
Педагогикалық диагностика (грек тілінен Diagnostikos-танып білуге қабілетті деген мағынаны білдіреді) жеке тұлғаның индивидуалдық ерекшеліктері мен оның дамуының ерекшеліктерін айқындайтын әдістерді жасап шығаратын педагогиканың сапасы болып табылады. Педагогикалық диагностиканың даму тарихы шамамен педагогика сапасының даму жолымен сәйкес келеді. Кез келген педагог өзінің кәсіби қызметін жоспарлау барысында өзінің мүмкіндігінің мативациясы мен оның нәтижесін анықтай білуге тырысқан. Мұндай әрекеттер мың жылдықтар барысында әр түрлі әдістер көмегімен жүзеге асырылып отырды.
Егерде педагогикалық диагностика оқу-тәрбие процессінің нәтижелілігін зерттеудің қортындысы болса, онда оның тарихы ежелгі ғасырлар тереңіне кетеді. Ол әртүрлі қабілеттер білім мен дағдыларды зерттеумен –
III мың жылдықтың ортасында ежелгі Вавилонда мектеп бітіретін түлектерге арналып жазушыларды дайындау үшін сынаулар өткізілетін болған. Кәсіби дайындалған жазушы сол кездегі цивилизациядағы ең негізгі адам болып табылған. Ол барлық арифметикалық әрекет-амалдарды беруі тиіс еді, жерлерді өлшей алды, рациондарды анықтап мүліктерді бөліп беруі тиіс еді, ән айту өнері мен музыкалық инструменттерде ойнай білуі тиіс еді. Сондай ақ маталарды, металлдарды, өсімдіктердің және т.б. ажырата білуі тиіс болған.
Ежелгі Египетте білім алу үшін белгілі бір сынау жүйесінен өту керек. Ең алдымен адамнан биографиялық мәліметтер алу үшін әңгімелесу процесі жүреді, соның нәтижесінде оның білім деңгейі де анықталып отырған, сондай-ақ сырт келбеті мен әңгімені колдау қабілеттілігі де бағаланған. Одан кейін еңбек ете алу қабілеттілігі, тыңдай білуі мен сөйлей білуі, отпен, сумен, қорқынышпен сынау процестері де жүріп жатты.
Бұл қатаң жазаларға қоса әрбір адам, бұл сынауларға төзе алады ма, әлде жоқ па? өзі шешуі тиіс еді, егерде сыннан өте алмаған жағдайда өлім жазасына кесілетін еді. Сондықтан да әрбір адамға, алдын ала жақсылап бәрін таразылап алу ұсынылатын еді. Мұндай қатаң сынаулардың барлығын Пифагор сәтті өткізген еді. Грецияға келісімен ол мектеп ашты. Мектепке тек қана белгілі бір сынаулар жүйесінен өте алған балалар ғана жіберіліп отырды.
Деректерге сүйенетін болсақ, Пифогор «Меркурийді кез келген ағаштан жонып алуға бола бермейді» дей келіп, интеллектуалдық қабілеттердің маңызды рөлін атап өткен. Сондықтан осы қабілеттердің диагностикасына ерекше маңыз берген. Бұл үшін әрбір адамға салыстырмалы түрде күрделі математикалық есеп берілді. Есептің шешімін тапқан талапкер лезде қабылданатын болған. Алайда көпшілік жағдайда есептің шешімі табыла бермейтін еді. Жасы болмағанды үлкен бөлмеге кіргізіп, сынақ ережесі бойынша мұнда оны оқушылар аяусыз күлкіге айналдыруы тиіс болды. Егерде сынға алынған адамның бұл сыны сағаттағы қимыл-әрекеті жасалынып жатқан сөз шабуылдарына лайықты түрде жауап берумен және өзін-өзі лайықты түрде ұстай білумен сипатталса,онда ол адам мектепке қабылданатын еді.
Пифогор жастардың күлкісі мен жүріс-тұрыстарына ерекше мән берді. Ол күле беру адамның мінез-құлқының ең жақсы көрсеткіші болып табылады деп есептеді. Ол ата-аналар мен мұғалімдердің ұсыныстарына зейін қойып қарады,жаңадан келген әрбір баланы өз көз қарасын еркін түрде айтуға және де қарсыластарының көз-қарастарымен қысылмастан таласуға шақырғаннан кейін оларды мұқиятты түрде бақылауға алып отырады.
Б.з.д 2200 жыл бұрын ежелгі Қытайда үкімет шенеунерінің лауазымын иеленгісі келген тұлғалардың қабілеттерін тексеруге арналған жүйе қалыптасқан болатын. Шенеуніктер әрбір үш жыл сайын музыка, садақ ату, ат үстінде отыру, жазу, санау, жөн-жорадғылар мен сән-салтанаттарды білу секілді алты «өнер» бойынша императордың алдында емтиханды қайта тапсырып отырды. Мемлекет үшін емтихандар жүйнсі қажетінше қабілетті, тапқыр және де ең бастысы үкіметке одан әрі пайдалану үшін таңдап алудың маңызды тәсілі болды.(Р.Dubois,1970)
Интеллектуалдық қабілеттерді сынаудың нәтижелері жиі түрде белгілі бір халықтың мақтанышына да айналып отырды , ал кей жағдайларда ол табыс көзі ретінде қызмет етті. Мәселен, үнді патшасы Девсаремнің ирандықтардың данышпандығын сынау мақсатында, оларға шахмат жібергені мәлім. Ирандықтардың бұл ойынның мәнін ашуға қабілеттері жетпейді деп ұйғарылып осы шарт бойынша олар Үндістанға алым-салық жөнелтуі тиіс болды. Алайда, Хосраудың уәзірі Важургмихр ойынның ережесін түсініп, өз кезегінде кәзіргі уақытта «нарды» деп аталатын ойыынды ойлап тапты. Ол (Хосрау) уәзірді жаңа ойынмен бірге Үндістанға жібереді. Ал мұнда ешкім де бұл ойынның мәнін аша алмаған екен (И.А.Орбели,1936).
Тестілік сипаттағы сынақтарды пайдаланудың өзге де бір көрінісі ретінде чань-буддизмнің діни ілімінің негізін білдіретін материалдар болып табылады. Чань-буддизмнің ұстаздары жұмбақтарды,таңғажайып сурақтарды пайдалана отырып, сонымен бірге психологиялық стресс жағдайын қалыпиастырып отырды. Бұл сұрақтарға бір сәтте,ойланбастан, лезде жауап беру қажет болды. Н.В.Абаев келтіргендей, чаньдік жекпе-жек сұхбаттарда сұрақтардың қойылуының таң қаларлығының өзі (мәселен, сақалды жабайының сақалы болды ма?) ұстаздың бүкіл қимыл-әрекеті арқылы күшейтілген шиеленісті жағдайды қалыптастырып отырды. Өз қарсыласын жұлқып, әрі оған Айт! Айт! Кідірместен жауап бер! Деп айқайлап отырып, ол психикалық шиеленісті жағдайды қалыптастырып отырды.Осы автордың пікірінше чаньдық ғажайып жұмбақтар белгілі бір чаньдық ойлау барысына тест ретінде пайдаланылды. Тестіленуші неофиттің осы жұмбақтарға қалай жауап беруіне қарай, тәжірибелі жетекші оның «көзінің ашылуының» қай деңгейде екенін және оның «чаньдық тәжірибесін» тереңдету үшін нендей амалдарды қолдану керектігін анықтап отырды. Сондай ақ дөрекілік пен түсініксіз қылықтардың аржағында өзінің дәрменсіздігін жасырып тұрған симулянттарды да айқындап отырды.(Н.В Абаев,1980).
Чжурчшеньдердің (шүршіттердің) құрған Цзинь мемлекетінде емтихан нәтижелері медицинналық училищелердің түлектерін жұмыс орындарына бөлу үшін қолданылды. Емтиханнан сүрінбей өткендердің ішіндегі ең үздіктері емдеуші дәрігер, оқытушы немесе зерттеуші ретінде мемлекеттік қызметке орналасты. Ал емтиханнан сүрінгендерге дайындықты жалғастыру немесе мамандықты өзгерту ұсынылды ( М.В.Воробьев,1983).
Орта ғасырлық Вьетнам мемлекетінде де әртүрлі байқаулар мен емтихандар өткізіліп жатты. 1370 пен 1972 жылдар аралығындағы екі жылда бүкіл әскери және адамзаттық шенеуніктер қайта аттестациядан өтті. Бұл бүкіл елдегі мемлеекеттік аппаратты тексеруді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Мұның нәтижесінде Вьетнам қуатты және өміршең феодалдық мемлекетке айналды, әсіресе соғысқа аса қабілетті офицерлік корпустық құрылуына ерекше назар аударылды. XVI ғасырда конкурстық сынақтар белгілі бір тәртіпке келтірілді. Олар кезеңдер мен турлар бойынша өткізілетін болды. Емтихандарда жоғары дәрежелерді беру рәсімі аса үлкен құрметпен өткізілді. Лауреаттар, корольден сыйлықтар алып отырды, олардың есімдері астананың Шығыс қақпасына ілінетін «алтын тізімге» енгізілді,олардың жеңістері жайлы туған қауымына хабар беріліп отырылды. Ал ерекше көзге түскендердің есімдері әдебиет храмында орнатылған арнайы тас қабырғаларға қашалып жазылды (Э.О.Берзин,1982).
Шамандарды оқыту жайындағы қызықты мәліметтерді В.Н.Басилов келтіреді. Кейбір халықтарда мәселен эскимостарда әрбір ересек ер адам өзін шамандыққа қабілеттімін деп есептеді. Алайда мұндай талап-сенім сынаудың барысында жоққа шығарылып отырылды.
Тексеру мен оның нәтижесі – мойындау, шамандық қызметтің міндеті шартты болды. Әртүрлі халықтарда шаманды сынау, алуан түрлі формаға ие болды. Айталық қазақтарда өзін шаманмын (бақсымын) деп жариялаған адам халықтың талап етуі бойынша мұздай қар үстімен жалаң аяқ,бас киімсіз,қызған темірді тілімен жалауы тиіс болды. Ал ханттар халқында жолы болмаған үміткерді есі ауысқан деп есептеді. Ульчилер шамандарды кісіні жерлеу сәтінде сынақа алып отырды, дәл осындай дәстүр нанайлықтарда да болды (В.Н.Басилов,1984).
Осы келтірілген қысқаша тарихи шолу жеке бастық қабілеттерін сынауды көптеген халықтардың көне замандардан күні бүгінге дейінгі қоғамдық өмірінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастырудың қажеттілігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл тарихи тәжірибе адамдардың,адам мүмкіндіктерінің мәнін тануға деген ұмтылыстары қандайда бір өлшемдегі сапа мен қасиетте болғандығын және де бола беретіндігін дәлелдейді. Алайда таным әдістері ұзақ уақыт бойы тұрпайы болып келді.
2. Қазіргі заманғы педагогикалық диагностиканың тарихы XIXғасырдың бірінші жартысынан басталады. Бұл кезеңнің ерекшелігі сонда, адам туралы эмпирикалық психологиялықбілімдерді талдауда шешуші рольді дәрігерлер атқара бастады. Психиатр -дәрігер Еуропа емханаларында науқастарды жүйелі түрде бақылауға алып, өз бақылауларының нәтижелерін жазып алып, талдап отырды. Осы кезде педагогикалық диагностиканың бақылау, сауалнама жүргізу, құжаттарды талдау секілді әдістері пайда болды. Алайда, ол жылдардағы педагогикалық диагностика әлсіз, буыны бекімеген сипатта болды. Мұндай жағдайды шектеулі әдістердің көмегімен белгілі бір науқастарды қайта-қайта бақылауға алған, дәрігердің келтірген әртүрлі қорытындылары мен ой-қорытындыларынан байқауға болады.
Педагогикалық диагностиканың сандық әдістемелерінің пайда болуының бастапқы кезеңі ретінде XIXғасырдың екінші жартысын айтуға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы В.Вундтың басшылығымен дүние жүзі бойынша алғашқы тәжірибені жасау үшін педагогикалық зертхана құрылды. Мұнда педагогикалық диагностика мақсатында техникалық құрылғылар мен аспаптар қолданыла бастады.
Адамдағы негізгі педагогикалық процестерге, қасиеттер мен жағдайларға қатысы бар. Қазіргі заманғы педагогикалық диагностиканың бастапқы кезеңі ретінде XIXғасырдың соңы мен XXғасырдың басын атауға болады. Бұл кезеңде белсенді түрде, әрине маман психологтардың қатысуынсыз ықтималдық теориясы мен математикалық статистиканың кейінгі уақыттарда сандық педагогикалық диагностиканы ғылыми әдістері арқа сүйеген салалары дами бастады.
Статистикалық тұрғыдан дәйектелген алғашқы ой-өріс тесттерінің бірін 1905-1907 жылдары француз ғалымы Т.Симонмен бірге ол осы тесттерді жетілдірс түсті. Сондықтан бұл тесттер педагогикалық диагностика тарихына Бине - Симон тесті ретінде енді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдарында адамның әртүрлі процестері мен қасиеттеріне педагогикалық диагностика жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа педагогикалық, соның ішінде интеллектуалдық және жеке адамға арналған тесттер пайда бола бастады.
Алуан түрлі педагогикалық диагностика әдістемелердің басым көпшілігі XXғасырдың 50-60-шы жылдарында пайда болды. Бұл ғалым педагогтардың психометриялық аса белсенді кезеңі болды.
Қазіргі кездегі педагогикалық диагностика ғылымы және практикалық психологиялық білімдердің жеке саласы болып XIXғасыр мен XXғасырдың шегінде бөлінді. Көптеген педагогикалық диагностика әдістемелер құрылды және де олардың саны жылдам қарқынмен көбейіп келеді.
Педагогикалық диагностикада барған сайын математика мен физиканың казіргі заманғы әдістері сондай-ақ электронды педагогикалық диагностика құралдары мәселен ЭВМ-дер кең түрде қолданысқа енгізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: |