Тақырып Педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негізі Мақсаты


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет4/5
Дата09.04.2020
өлшемі82,92 Kb.
#62095
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс материалдары


Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

  1. Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық даму деңгейіндегі жеке айырмашылықтар.

  2. Кіші мектеп жасындағы балалардың педагогикалық диагностикасындағы эксперименттік және ойын ситуацияларының ролі.

3.Кіші мектеп жасындағы балалар жұмысында қолданылатын графикалық әдістер туралы айтып беріңіз.

Әдебиеттер

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.

10 дәріс. Интеллектуалды дамудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы
Интеллект – бұл білім мен іскерлік жиынтығы емес, оларды жетістік пен игеруге көмектеседі. Индивидтің жеткен ақыл-ой дамуы деңгейі оның интеллектуалды қабілеттеріне тәуелдігі.

Дегенмен де, ақыл-ой дамуы тек инттелектіге тәуелді емес, ол көптеген факторлармен шарттасады-деп те көрсетеді: Мәселен: мәдениетпен, өмір жағдайымен, оқу мекемесінің ерекшелігімен, оқыту әдістерімен т.б. Отандық психологияда тұтас зерттеу бағыттары ақыл-ой дамуы деңгейі мен оқыту мазмұны арасындағы, тәрбиелік әдістердің сипаты мен байланыстылығын анықтайды. Ойлауды қалыптастырудағы оқыту әдістерінің ролі туралы зерттеулер ақыл-ой әрекеттерін кезеңдермен қалыптастыру теориясымен байланыстырады. Бұл теорияларға негізделген еңбектерде ойлау дамуын басқарудың және оған жоспарлы әсер ету жолдары теориялық, әдістемелік жағынан өңделген. «Ақыл – ой даму деңгейі», «интеллект», «оқыту» түсініктерін қатар қойып қарастыру дұрыс емес. Бұл психологиялық феномендердің диагностикасы әртүрлі болуы мүмкін.



А.Бине, Ч.Спирмен, Л.Термен интеллект - деп интеллектуалды тестер арқылы өлшенетін нәрселерді атады. Интеллектуалдылық коэффциенті (IQ) интеллект синомине айналады. Психодиагностиктер интеллекттіні дұрыс өлшеу үшін әр түрлі міндеттерді немесе тапсырмаларды таңдады. Біреулері абстрактылы ойлау тапсырмаларын таңдап алды, себебі олар шынайы өмірде кездеспейді де өткен өмірде меңгерген білімдердің әсері тимейді деп есептеді. Ал, басқалары интеллект жасанды, өмірге сай келмейтін конструкттімен өлшеу қателік, оларды күнделікті өмірден алу керек деп есептеді. (Р.Стернберг).

Интеллект IQ мен теңестіріп, ХХ ғ. бірінші жартысындағы психологтар оны туа біткен және тұқым қуалайтын қасиет, дамудың шартарына тәуелсіз деді. Осыдан оның ұзақ уақыт бойы өзгермейтіндігі және тұрақтылығы туралы пікір қалыптасты. Жас ұлғайған сайын IQ өспейді деп есептеді. Адамның IQ көрсеткішін анықтау үшін сынаушыға берілген объекттер арасындағы логико- қатынастарын түзуді талап ететін тапсырмалардың бірқатарын орындау керек болады. Дұрыс орындалған тапсырмалардың баллдарының қосындысын стандарттыққа өткізеді. Міне осы IQ көрсеткіші болып табылады. Стандартты IQ индивидуалды көрсеткіштің статистикалық нормамен сәйкестігін көрсетеді. Ол өзінің орындау көрсеткіштері бойынша топты тестілеу нәтижелерінің жинағының осіндегі индивидтің алған орнын белгілейді. Интеллектуалды тестің нәтижесін дұрыс қолданып, бағалау үшін тесттік көрсеткіштер бойынша индивидтің алған орнының қаншалықты тұрақты екендігі туралы сұраққа жауап беру керек. Кейінгі зерттеулердің арқасында интеллектуалды тесттер адамдар арасындағы табиғи өзгешіліктерді емес, сыналу уақытына дейін қалыптасқан білім деңгейі мен ой ептілігінің болуымен анықталатындығын мойындайтын түсініктер өріс ала бастады.

Қазіргі кезде интеллектуалды тесттер жалпы қабілеттер ретінде немесе қабілеттердің тобы ретіндегі интеллекті өлшеу құралы ретінде өзін ақтаған жоқ. Психологтардың бір бөлігі «интеллект» деп жалпы қабілеттерді түсініп, IQ интелекттің көрсеткіші деп қарастырудан бас тартты. Олардың ойынша интеллекттіні бағалау үшін адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт әр түрлі жағдайларда бақылау керек және әр түрлі іс әрекетте табысқа қалай жеткендігіне талдау жасай отырып бағалау керек. Психологтар индивидтің ақыл-ой дамуының тепе-тең бағасын алу үшін тесттік балл жеткіліксіз екенін көрсетеді. Бұл үшін тестілеу нәтижелерін басқа көздерден: бақылаулар, оқыту ерекшеліктерін талдау арқылы алынған мәліметтермен толықтырылу керек. Тестілеу нәтижелерін дұрыс интерпретациялау үшін келесі нәрселерді білу қажет:

- тесттерді орындаудағы сыналушының жаттығу дәрежесі туралы;

- тест орындау мотивациясы туралы;

- тестілеу кезеңдегі эмоционалды күйі туралы;

- тест бағаларына зерттеуші тұлғасының әсері туралы;

- тестілеуден алдын индивидтің жасаған іс-әрекеті және басқа мәліметтер туралы.

Осының бәрін ескере отырып, интеллектуалды тестті кейбір іскерліктер мен дағдылардың шынайы қалпын сипаттау үшін қолдануға болады деген қорытындыға келеміз және адамның ақыл-ой дамуындағы өзгерістер мен ығысуларын да көруге болады.

«Интеллектуалды тест»- деген ұғымды алғаш рет американ психологы Дж.Кеттел еңгізді. Кейінірек жаңа қадамды француз дәрігері, психолог Альфред Бине (1857-1911) жасады. Стэнфорд-Бине шкаласы деп аталады. 1939 жылы американ психологы Д.Векслердің құрастырған интеллектті өлшеу шкаласының бірінші формасы жарыққа шықты.

Неміс елінде кең қолданылған белгілі топтық тестінің бірі-Рудольф Амтхауэрдің интеллект құрылымының тесті.
Тақырып 10. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары

Мақсаты: Студенттерді педагогикалық диагностиканың кәсіби-этикалық нормаларымен таныстыру. Педагогикалық диагностика этикалық кодекстің қандай принциптерін меңгеретіндігі туралы түсінік беру .

Жоспар:

1. Этикалық кодекстің негізгі принциптері.

2.Моральдық-этикалық нормалар.

Педагогикалық диагностиканы іске асырудағы негізгі принциптерді анықтағана, басты екі жолды бөліп қарауға болады.

Бірінші жолда диалектика заңы мен В.И.Ленин негізін қалаған диалектикалық таным принциптеріне негізделген гносеологияның әдіснамалық талаптарына бағынады. Мұндай жолдың көрнекті өкілдерінің бірі Л.Н.Давыдова педагогикалықсдиагностиканы ұйымдастыруда педагог басшылыққа алуға міндетті негізгі бес принципті ұсынады:



Тұтастық принципі - педагогикалық диагностика жүргізілетін объектіні өзара байланысқан құрам бөліктерден тұратын, біртұтас жүйе ретінде қарастыру;

Негізгі бөлім принципі – зерттеліп отырған объектінің жұмыс істеуіне ықпал ететін, негізгі бөлімді анықтау;

Әділдік приципі - педагог бағалаған кезде жіне қорытынды жасағанда ғылыми тәсілді қолдануы қажет;

Детерминизм принципі – педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарын, байланыстың көп түрлілігі заңдылығы және олардың өзара бағыныштылығын ескеру;

Анализ және синтез принципі – педагогикалық диагностика жүргізілетін объектінің мәнін анализ және синтез негізінде түсінуге болады. Анализдің көмегімен оның қандай бөліктерден құралғаны, қандай байланыстармен және қарым-қатынастармен сипатталатыны анықталады.

Екінші жолдың принциптеріне педагогика ғылымында бекітілген, педагогика ғылымында бекітілген, педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талаптар жатады. Мұндай жолдың ұстанушыларының бірі А.И.Кочетов негізгі алты принципті анықтады:



Диагностиканың мақсаттылық принципі – балалардың рухани дүниесіндегі негізгі объектілеоді айқындау.

Оқыту мен тәрбие берудің бірлігі принципі – мұғалім оқу үдерісін ұйымдастырғанда және әдістемесінде оқушының білім алуындағы нәтижелерін барлық жағынан есепке алауы қажет.

Ал тәрбие беру үдерісі ұатар жүреді;



Ұжымды және тұлғалардың біолігін зерттеу бірлігі принципі;

Педагогикалық диагностиканың үздіксіздігі принципі – балаларды тәрбиелеу және дамыту үдерісі үздіксіз болғандықтан, ұжымды және тұлғаны зерттеу тұрақты үдерісіке айналады;

Дигностиканың ғылымның даму деңгейіне сәйкестігі принципі – балаларды зерттегенде ғылымда мақұлданған және нақты мағлұмат беретін әдістерді қолдану;

Диагностиканың кешенді сипаты принципі – балаларды зерттеуде бірін-бірі толықтырып, әрбір бала туралы анық мәлімет беретін әдістер жүйесін қолдану.

  1. Этикалық кодекстің негізгі принциптері.

Практикалық педагогикалық диагностика-педагогтардың кәсіби іс-әрекетінің өте қиын және жауапты саласы. Ол сәйкес білімді, кәсіби шеберлікті қажет етеді, ол адамның тағдырына әсер етуі мүмкін. Оның негізінде медициналық немесе сот-педагогикалық диагноз қойылады, оның негізінде жұмысқа іріктелу жүргізіледі. Осыған байланысты педагогикалық диагностикаға және педагогикалық диагносттарға бірқатар әлеуметтік – этикалық талаптар қойылады. Оның жартысы практикалық педагогтың этикалық кодексіне енгізілген. («білім алу психологиясы», 28-парау), қалғандары қосымша талқылауды қажет етеді. Оның ішінде – педагогикалық диагностика құпияларын сақтау, педагогикалық диагностика әдістемелердің ғылыми негізделуі, зерттеу нәтижелерінің ашықтығы, қорытындылардың объективтігі және ұсынылатын нұсқаулардың тиімділігі.

  1. Құпия сақтау принципі. Зерттелетін адамның рұқсатынсыз зерттеу нәтижелерін жарияламау. Біріншіден, бұл нәрсе кәмелет жасқа жеткендерге қатысты. Егер кәмелет жасқа толмағандар туралы айтатын болсақ, онда олардың ата-аналарының немесе басқа олардың орнындағы адамдардың рұқсаты керек. Егер зерттеу эксперимент ретінде өткізілсе, онда аты жөндері өзгертіліп жазылу керек.

  2. Ғылыми негізделу принципі педагогикалық диагностиканың валидты болуын, сенімді нәтижелерді талап етеді.

  3. Зерттелетіндерге зардап келтірмеу принципі. Педагогикалық диагностикадан өтетін адамға нәтижелер ешқандай зиян келтірмеу керек. Бұл принцип нәтижелердің ашықтығы принципімен қатар қолданылады.

  4. Қорытындылар объективтігі принципі нәтижелер ғылыми негізделгендігін талап етеді, яғни тест нәтижелерінен шығу керек, ол тесттерде мықты, сенімді және валидтық әдістемелер қолдануы керек, тест өткізетін адамдарға тәуелді болмауы керек.

  5. Ұсынылатын нұсқаулардың тиімділік принципі. Нұсқаулар міндетті түрде зерттелетінге пайдалы болу керек. Пайдасы жоқ тест нәтижелерінен ешқандай нұсқау ұсынуға болмайды.

  6. Педагогикалық диагностикамен айналысатын адамдарға ерекше кәсіби талаптар қойылу керек. Мыналар негізгілері:жақсы теориялық дайындық, педагогикалық диагностика әдістемелерді өте жақсы білу сәйкес әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибенің бары.

  7. Әр педагогикалық диагностика әдістеме бос жерден пайда болмайды, ол сол объектің педагогикалық теорияның негізінде пайда болып, дамиды. Мысалы интелект тесттері өзінің шығу табиғатына, құрылымы, маңызы туралы ғылыми анықтамаларына негізделеді. Тұлға тесттері тұлғаның белгілі бір теориясынан жығады. Әр сәйкес теорияны біліп, зерттелетін объект туралы қорытынды жасауға болады. Мысалы, бір қасиеттің педагогикалық диагностикасын жүргізіп, екінші қасиет туралы нәтижелер алуға болады. Мысалы Фрейдтің педагогикалық анализіне сүйенетін тақырыптық апперцептивтік тест тұлға тестінің нәтижелерін интерпретациялап және ғылыми негізделген қортындыларды алуды көздейді.

  8. Кез келген педагогикалық диагностика әдістемелік дұрыс қолдануға байланысты теорияны білу міндетті болады. Онсыз педагогикалық диагностика анализде қате жіберуі мүмкін.

  9. Бірде бір психологиялық тестті зерттеуші бәрін түсініп тексермейінше қолдануға болмайды. Тест қандай болмасын жақсы болғанымен міндетті түрде жағдайды, зерттелетіндердің жеке ерекшеліктерін, басқа психодиагностикаға релевантты факторларды ескеру керек.

  10. Сәйкес педагогикалық диагностика әдістемелердің практикалық қолданудың жеткілікті тәжірибесі аз маңызы жоқ. Бұл нәрсе жобалы және басқа, контент-анализ қолданатын интуитивтік немесе стандарттық процедураларын және нәтижелер интерпретацияларын қолданылатын әдістемелерге қатысты. Бұндай педагогикалық диагностика әдістемелерді қолдану тәжірибесі үздіксіз болу керек, өйткені ұзақ үзілістер керекті білімді жоғалтуға, жұмыстың санасының төмендеуіне әкеліп соғады.

  11. Педагогикалық диагносттың білімі, дипломы міндетті түрде тұру керек пе ? Кейбір жағдайларда, мысалы, сот-медициналық немесе педагогикалық диагностика экспертиза өткізу керек, жұмысқа қабылдаған кезде, қиын психологиялық тесттерді қолдану кезінде дипломдағы білім міндетті түрде керек. Ал егер мектепте, басқа мекемелерде жай, қарапайым педагогикалық диагностика тест өткізу үшін педагогиканың өзінше алған білімі жетеді. Жоғары кәсіби дайындық барлық мемлекеттік білім алу мекемелерде (практикалық педагогтарды дайындайтын) мүлдем ойдағыдай емес. Мысалы, қанағаттанарлық деңгейде педагогикалық диагностикамен кез келген жоғары педагогикалық, медициналық, әлеуметтік білімі бар адамдар шұғылданулары мүмкін.

2. Моральдық-этикалық нормалар.

Төменде берілген моральдық-этикалық нормалармен танысыңыз.

1.Адамды өзінің рұқсатынсыз ешқандай педагогикалық диагностика зерттеуден өткізуге болмайды, тек заңға негізделген жағдайда ғана соттың немесе медициналық практикада.

2. Тест өткізу алдында зерттелетін адамға зерттеу процесінде ол өзі туралы кейбір мәліметтерді еркінен тыс беретінін ескерту керек.

3. Әр адам (егер заңмен негізделмеген болса) тест нәтижелерін білуге және қай жерде, қашан қолданылатынын білуге құқығы бар.

4. Тест нәтижелері тестті жүргізетін адамдармен беріледі. Кәмелет жасқа толмаған балалардың ата-аналары тест нәтижелерін білуге құқылы.

5. Егер тест жұмысқа алу үшін жүргізілсе, онда адам тек нәтижелерін ғана емес, оның әрі қарай не мақсатта қолданылатыны туралы құқылы.

6. Іс жүзінде педагог тесттерді дұрыс қолдану жауапкершілігі педагогтарға жүктеледі.

7.Көп елдерде педагогикалық тесттерді таратуға және қолдануға мемлекеттік, заңда тіркелген шектеулер бар. Олар міндетті нормалардан тұрады:

8. Кәсіби іріктелуге және экспертизаға қолданатын психологиялық тесттің кәсібін БАҚ-та (бұқаралық ақпарат құралдарында) шығаруға тыйым салынған, өйткені кәсібі жоқ адамдар қолданылуы мүмкін.

9. Педагогикалық тестті қолданылатын және педагогикалық тестілеумен нұғылданатын педагогтар жоғары педагогикалық білім туралы дипломы және педагогикалық ғылым кандидаты деген ғылыми дәрежесі болу керек, ал басқа адамдар – осы әрекетпен шұғылдануға рұқсат беретін лицензиялары болу керек.

Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.

1.Педагогикалық диагностқа тест жағдайында, нұсқауға қойылатын талаптар.

2. Педагогикалық диагностика қалай және қашан пайда болған.

3. Педагогикалық диагносттарға және педагогикалық диагностикаға қойылатын әлеуметтік-этикалық талаптар.

4.Педагогикалық диагностиканы жүргізетін адамдарға қойылатын кәсіби талаптар.

Әдебиеттер:

1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003

2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985

3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001

4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.

5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.

6.Эльконин Д.Б.Психолого-педагогическая диагностика: проблемы и задачи, в кн. Психодиагностика и школа под ред. К.М.Гуревича. Таллин, 1990.

7.Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка. М. 1996.

8.Варданян Г.А. Диягностика икоррекция умственногоразвития в начальных классах. Ереван, 1995.

9.Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996.

10.Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995.

11.Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991.

12.Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996.

13.Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000.

14.Непомнящая Н.И. психодиагностика личности. М. 2001.

11 Дәріс. Жекелік қасиеттердің психодиагностикасы
Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы.Бүкіл психикалық әрекеттердің бір-біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршаған дүниені іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз моделін түзеді.

А.Т. Спиркиннің пікірінше, адамның өзіндік сана- сезімі, адам қалыптасқан кезден басталады. Және ертедегі дәуірден кейінгі даму кезеңдеріне байланысты. Бұл көзқарасты қабылдассақта, өзіндік сана- сезімнің айырмасы ретінде әлеуметтік- психологиялық міңез- құлық сана- сезімнің дамуына әсер етеді.

Өзіндік сана-сезімнің құрылымынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

а) Өзінің «менің» жақын және алшақ мотивтері мен мақсаттарын саналы түрде түсіну;

ә) өзіні реалды және қалайтын сапаларын саналы түрде түсіну («Реалды Мен» және «Идеалды Мен»);

) өзі туралы таңымдық және когнитивті көзқарастары ( «Мен бақылаушы объект ретінде»);

в) өзіне деген сезімталдық, эмоциональды көзқарастары.

Адамның өзіне қызығушылығы «Мен» - ұғымы арқала анықталады. Психологтардың көзқарасынша, адамның «Мені» бұл өте жоғары және интегралды мағлұмат, динамикалық жүйелі психикалық процесстер арқылы сезінеді. Мен және өзіндік сана- сезім бұл бір тұтас дүние.Жеке адамның психологиялық , міңез- құлық, дүниелік көзқарасының негізі.Адамның «Нағыз менің» қарастырсақ, белгілі бір мақсатқа ойластырылған, басқа біреуі өз менін даралық ретінде қалдырса, онда арнайы мәнін жоғалтады. Адамның мәні бұл өмірдегі жағдайларға байланысты өзгереді. Өзіндік сана-сезімнің дамуына адамзатқа жалпы инвариантты негіздер бар. Біздің барлық саналы өміріміз тізбектелген жіпке ұқсас, біздің өз «Меңіміз» біртұтас жеке адамдық тұрақты түрдегі орнымыз бар.Ол тарихи өмірден маңызды ортадан келе жатқан өзін-өзі бақылау мен міңез-құлқын басқару. Күрделі жүйесі, оның қоғаммен және басқа адамдармен қарым- қатынасы.

Психологияда алғашында рефлексия ұғымы психикалық процесстердің өмір сүруін түсіндіретін принцип ретінде қарастырылады. Ал, қазіргі кезеңде рефлексия зерттеудің бір тәуелсіз пәні болып отыр (С.Қ.Бердібаева) .

Қазіргі шет елдік зертеулерде «рефлексия» ұғымы сирек қолданылады. Әрине, бұл рефлексия жайлы зертеулердің жоқ дегенін білдірмейді. Рефлексивті процесстер көбінесе басқа басқа бір терминдермен суреттеледі, мәселен, «recursive thinking» ( рекурсивті ойлау)(Д.Вейс) суреттеледі, «self – referent thought» (өзің туралы ойлану) (А.Бандура). Тағы бір бағыттардағы жұмыстарда рефлексия ұғымы адамның «мен» феномені мәселесі төңірегінде қарастырылады, мұнда рефлексия негізінен «өзіңді тану» «self - awarentss»



(С. Дьювел. Р.Виклунд), өзіңді тексеру (self – control) (Д.Миченбаум), өзіңе зейін қою (self- attention) (А. Фенингстейн) деген мағына беріледі. Рефлексияны нақты экспериментальды зерттеулер әлеуметтік психологияда (У.Джеймс), адамның әлеуметтік мен ұғымында көп зерттелді.

Қабылдау заңдылықтары дегеніміз-әрбір адамның қабылдау кезінде жекелеген ерекшелігін айтады. Яғни адам заттар мен құбылыстарды өз мағынада қабылдайды немесе қатар жібереді. Қабылдаудың заңдылықтары: қабылдаудың тұтастығы константтылығы немесе тұрақтылығы деп аталады. Таңдамалығы, структуралығы, иллюзиялығы, галлюцинация.

Қабылдаудың тұтастығы: кейде қабылдайтын затқа тұтастық мағына болмаса да оны есте қалдыруды жеңілдету үшін тұтастай бір затқа ұқсатып қабылдау. Мысалы: кеңістіктегі 3 нүктені (:.) біз 3 нүкте емес, 3 бұрыш деп қабылдаймыз. Тұтастай қабылдау адамның есте сақтауын жеңеді. Кейде өзімізге таныс, бұрынғы нәтижесінде кездесетін кейбір обьектілердің жеке болатын қабылдау, біз оған тұтастық мағына беріп, мазмұнын тұтастай есте қалдырамыз.

Қабылдаудың константтылығы дегеніміз- заттың көрінісі уақытша өзгерген кезде, оны өзгерген қалпында қабылдамай, бұрынғы өзінің қалпында қабылдауды ойлаймыз. Адамның көз құрылысы жағынан оптикалық приборға ұқсатады. Көз жанарының 2 жағы дөңес линза болып келеді. Көру түйсігіне сырттан әсер еткен бейне көзге түскенде, линзаның ролін, көздің торлы қабықшалары атқарады. Егер қабықшықтарын зат көз алдымыздан алыстаса, көз торындағы бейне кішірейеді. Мысалы: көшенің бас жағынан тұрып қарасақ, көшенің аяғына дейін, бағаналар кішірейе береді. Аспанда ұшып бара жатып, самалеттен қарасақ транспорт та үйлерде кішкентай болады. Бірақ та зат бейнелерін өзгертпелі, қабылдауда тұрақты болады. Мысалы: ақ қағазға әр түрлі жарық түсірген түсі өзгеріп тұрады. Тек көру анализаторы өзгерген күнде көрінеді.

Қабылдаудың таңдамалығы дегеніміз- толып жатқан обьектілер ішінен адам өзіні зейіні ауғанын ғана айтамыз. Мұндай жағдайда адам обьектінің өзінің көңіл аударған ерекше белгілерін қызықтыратынын, керек жақтарын ғана қабылдайды.

Қабылдаудың структуралығы дегеніміз- кейбір ұқсас заттарды біріктіріп, бір қалыпқа келіп, қабылдау немесе ұқсас заттарды бір ғана атау бойынша атап біріктіріп атауды айтамыз. Мысалы: ағаш, бірақ ұғымды қабылдаймыз, адам бір ақ ұғым.

Қабылдаудың иллюзиялығы дегеніміз- әр түрлі себептерге байланысты шындықтағы обьектілерді бұрмалап, теріс қабылдауды айтамыз. Иллюзиялық қабылдау 3 түрлі себептерге байланысты.

1. Адам зейінің оңға, солға теріс бағыттауына байланысты. Қателіктер кетеді. Мұндай жағдайда адам кеңістікте орналасу жағынан білмегендіктен қателесуі мүмкін

2. Ойлау негізінде қателер жіберуі мүмкін

3. Адамның көңіл-күй сезінуіне байланысты қателесуі мүмкін



Галлюцинациялық қабылдау дегеніміз- адамның нерв системасының қажуына, шаршар-шалдығуға байланысты қате қабылдауды айтады. Мысалы: адам ұзақ жол жүріп келгеннен кейін нерв жүйесінің шаршап қажуына байланысты даусы ұзақ уақыт, құл-нан кетпейді немесе поезд әлі жүріп келе жатқан сияқты сезінеді.

Апперцепциялық қабылдау дегеніміз- әрбір адам жасына, өмір тәжірбиесіне, біліміне, қызығушылығына, мұқтаждығына, ой-өрісімен сезім көрінісіне байланысты өзінше өзгеріп, отыратынын айтамыз. Қабылдаудың бұл заңдылығының ерекшелігі әрәж қабылдау үстінде әркімнің жеке бас ерекшелігіне байланысты. Яғни тілегі, мүддесі, еріксезімі, мақсаты қабылдау деп аталатын затқа өзінің қажеттілігін білдіреді. Бір заттың өзін әр түрлі мамандық иелері әртүрлі қабылдайды. Мысалы: даладан теріп әкелген 1шоқ гүлді, көрген кезде суретшілер оның түр-түсіне, бояну ерекшелігіне көңіл аударады. Оның түсін қандай обяумен болады әдемі болып көреді деп ойлайды, ал биологтар болса, осы гүлді қандай өсімдіктер класына жатады, қандай гүлмен тұқымдасқан, аталығының, аналықтары қанша сол жағынан көңіл аударады, ал агрономдар болса, осы гүлдің қандай жем-шөптік қасиеті бар деп қарайды.

Кеңістікті қабылдау- қоршаған дүниедегі барлық заттар мен құбылыстар белгілі бір кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Айырмашылығы матриалдық дүниенің барлығы кеңістікте болады. Оның осы кеңістіктен алатын орны болады, белгілі бір мөлшерде көлемі, формасы болады. Осы заттар бізден немесе бір заттан белгілі бір мөлшерде қашықтықта азды-көпті жақтарынан орын алады. Заттардың осы кеңістік қасиетінің адамның санасында бейнеленуін кеңістікті қабылдау дегеніміз. Кеңістіті қабылдау өзі заттың көлемін, формасын, аумағын, түр-түсін, қашықтықтан қабылдаудан тұрады. Кеңістікті қабылдауға әсіресе қашықтықта қабылдайтын кезде, иіс түйсігі мен есту түйсігі рольі ерекше. Мысалы: адам иіс түйсігі арқылы жақын арада асхананың, дәріхананың немесе наубайхана бар екенін қабылдайды. Сол сияқты артыңда жүріп келе жатқан машинаның немесе адамның қаншалықты қашықтықта екенін ажыратуға болады, кейде заттың кеңістік қасиетін қабылдайтын кезде, жолдан көруге де болады. Мысалы:ұзындығы бірдей екі түзу сызық, кеңістікте әртүрлі орналасуына байланысты, қате қабылдауы мүмкін, яғни көлденең сызыққа қарағанда тік сызық ұзын болып көрінеді. Соның негізінді артық бағалау иллюзиясы болады.

Мінез (характер) деген сөз-гректің сөзі-яғни белгі, ерекшелік, бейне деген сөз. Адамдардың қоршаған ортаға, қарым-қатынасы әр түрлі болады басқа адамға коллективке, еңбекке міне осындай ерекшеліктерге байланысты. Адамдар бір-бірінен белгілі бір ай-та болады. Бұл қарым-қатынастар адамның мінез құлқында түрлі әрекеттерінде көрініс береді. Мысалы: ежелгі грек оқымыстылары әр адамға мінез көрінісінің әр түрлілігі анықтай бастаған.

Мінез жеке бастың кейбір сапалық көріністерімен байланысты, әсіресе темпераментпен, қабілетпен, темперамент- мінез-құлық көрінуіне әсер етеді. Мысалы: халериктің қуаттылығы, қайнаған іс-әрекетке байланысты, ал флегматикте бояу сабырлы іс-әрекет, жоғары болуы адамдарда мынадай мінез-құлықтың сапасының қалыптасуына негіз болады.

1. Колликтившілдік

2. Өзіне қатаң талап қоя білу

3. Өзінің жеке ісіне сын көзбен қарау

4. Қиыншылықты жеңе білуге

Мінез туа пайда болмайды, мінез қоршаған орта әсерінен өзінің өмір тәжірибиесінен дамып, қалыптасып отырады.

Адам қоршаған ортаның заттар мен құбылыстын көргенде, яғни қабылдағанда немқұрайлы қарамайды. Бір оқиға, әрекет болмаса, заттардың бәрі адамды қуантса, енді біреуі оған ұнамайды. Ал екінші біреуі оның көңілінен шықпауы, ал 3-ші біреуі айтады жек көру немесе керісінше адам одан қорқыуы, сескенуі мүмкін. Өзінің кейбір әрекетіне ұялуы мүмкін.

Қанағаттану, қайғыру, қорқу-бұл адамның түрлі обьектіге өзінің қатынасын білдіреді. Көңіл-күйінің қалпы сонда сезім деп- қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға өзінің танып білген, істеген іс-әрекетінен адам қатынасының әсерлерін айтады. Сезім деп-әсер етезші сигналдардың адамға ұнауы не ұнамауы. Сезім барлық, психикалық процестермен байланысты. Мысалы: түйсік арқылы зат мен құбылыстардың сапаларын қасиеттерін танып білеміз. Ал сезім болса ішкі көңіл күйі, сол заттарда өзінің қатынасын білдіреді.

Сезімді тудыратын түйсік болғанымен, сезім түрлі әсерлерге байланысты өзгертіп отырады.

Көңіл күйіне байланысты адам бір, затты әр түрлі қабылдайды. Сол сияқты сезім, эмоция, ес процесінен де тығыз байланыста. Егер есімізде жақсы сақталса өткенді еске алудың өзі айтады, қандай да болсын бір сезімді тудырады.

Қоғамдық-әлеуметтік ортаның дамуы адамның сезімін дамытып күрделендіріп отырады. Осыған байланысты адамның сезімдерде әлеуметтік сипаттама болады. Белгілі бір уақиғаларды әр кезінде өмір сүрген адамдар өзінше бір көзқараспен қабылдап бағалайды.

Сезім мен эмоцияның бір-бірінен өзіндік айырмашылығы бар.

Сезім мысалы: барынша, Отанды сүю-патриот сезім. Бұлар біршама күрделі, адам көзқарасының тұрақтылығы жеке бастың сапасы. Ал эмоция біршама жеңіл түрде болатын, дер кезінде көріністін толқулар, толғаныстар. Сезім, эмоциялар адамның сырт пішінінен жақсы көрінеді. Сезімнің сырттай көрінуіне байланысты екінші басқа біреуге тез көшеді.

Жануарларда эмоция бар: бірақ қарапайым түрде. Олардың эмоциясы дыбыс, қимыл-қозғалыс арқылы беріледі.

Ұзаққа созылмайтын немесе қысқа әсерлерді психикалық немесе эмоциялық жағдайлар деп атайды.

1. Эмоциялық жағдайлар: көңіл-күй, аффект, стресс, құмарлық.

2. Көңіл-күй деп- біршама бәсең бірақ ұзаққа созылатын және көтеріңкі не басыңқы эмоциялық жағдайлар. Мысалы: ҰОС кезіндегі совет халқының кқңіл-күйі. Көңіл-күйлер өзі кейде бір септаға, бір күнге айға, тіпті кейде адамның бүкіл өмір бойына созылады.

3. аффект- өте тез қуатты әрі қарқынды өтеді. Мысалы: аффекті ашу-ыза салдарынан өзінің әрекетін білмей алмай қалу жағдайлары кездеседі.Мысалы: Ұлы суретші Депиннің, Иван Грозный және оның ұлы Иван деген суретінде аффектігін жағдайды анық көруге болады. Бұл мидың күшті қозуына байланысты. Соның нәтижесінде тежелу процесі бәсеңдеп, ми қыртысының және төменгі бөлігінің аралық қажетті іс-әрекет тепе-теңдігі бұзылады. Аффект деген сөздің мазмұны жан толғанысын қазу деген мағынаны білдіреді. Кей жағдайларда қатты қуанудың нәтижесінде өмірде, ғылым саласында көптеген жаңалықтардың ашылуына өзіндік ықпалы болады. Мысалы: тимирязев фотосинтез құбылыстарын ойлап тапқанда өзінің лабораториясында приборлар мен препараттардың арасында қуаныштан билеп кеткен.

4. стресс (ағылшын сөзі)- адамның нервсіне қатты (салмақ түсу) эмоционалды стресті өте қиын жағдайда және ішкі терең толғаныстан туындайды. Яғни бір нәрсеге алаңдап қорқыныш кезінде және өте ауыр дене, ақыл-ой үстінде немесе тез әрі жауапты келісімге келу кезінде байқалады. Мұндай жағдайлар адамның әр түрлі іс-әрекетінде кездеседі. Стрестік жағдай мысалы: егер оқушы сабаққа дайынсыз келген кезінде мұғалімнің бақылауды орындау барысында байқалады. Кейде стрестік жағдай оқушылардың өзінде де байқалады. Стресс физиологиялық өзгерістермен мінез-құлықтың өзгеруіне себепші болады. өте күшті стресс жоғарыда адамның мінез-құлқы өзгереді дедік. Адамның өзінің қимыл әрекетін игере алмады, сөзінің байланысыз шығуы, өз-өзінен абыржуы, қабынуы зейіннің бір обьектіден, 2-ші обьектіге тез ауыстыра алмауынан көрінеді. Стресс жағдайында адамның қабылдауында, ес, ойлау процесінде қателіктер орын алады.

5. құмарлық- бұл ұзақ тұрақты әрі терең сезім. Көп жағдайда бұл жеке басьың ретінде көрініс табады. Құмарлық адамның қызығушылығынан бір іс-әрекетіне ерекше талпынысынан дамиды. Құмарлықтың жағымды, әрі жағымсыз түрі бар. әр адамда кездеседі.

6. жоғары сезім түрлері

Моралдық сезімдер- жеке адамның өзінің мінез-құлқына деген сүйіспеншілік қасиетті сезім, достық сезім-асқақ моральды деп аталады. Моральдық сезімдер адамгершілік ережелеріне бағынады. Моралды сезімге ұнату мен ұнатпау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рахымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік жатады. Моралдық сезім ерекшелігі:

1. Әлеумет сипаты мен мәнінде. Олардың көріністерінің күрделілігі мен сан қырлылығы.

2. Интелектуалды сезімдер деп- ақыл-ой әрекеті процесінде пайда болатын тебіреністерді айтады. Бұған әуестену, білім құмарлық, таңырқау, күдіктену жатады.

3. Эстетикалық сезімдер адамның әсемдікті қабылдау және қолдан жасаңқы барысында туады. Яғни адам сұлулықты қабылдай, тамашалай отырып эстетикалық әсемдік сезіммен бастап кешіреді.

 Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. А.Анастизи. Психологическое тестирование. М. 1982

2. Альманах психологических тестов М.,1996

3. Абрамова Г.С. Практическая психология. – Екатеренбург, 1998

4. Коломинский Я.Я. Человек: психология. – М., 1986

5. Кан-Калик В.А. Грамматика общения М.,1995

6. Карманова Ж.А.Курс лекций по дисциплине «Психология младшего школьника»: спец.050103 «Педагогика и психология» / Ж.А. Карманова; Карагандинский гос.ун-т. -Караганда, 2006.

7. Кузнецова С.Развитие одаренности младших школьников: электронный учеб./ С. Кузнецова. -Караганда: Инновационно-технолог. центр, 2007



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет