Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Тест түрлері және оны қолдану салалары.
2.Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар.
3.Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003
Тақырып 7. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың әдістемелеріне қойылатын талаптар
Мақсаты :Студенттерді педагогикалық диагностика әдістемелерге қойылатын талаптармен таныстыру. Тест, тест түрлері деген ұғымдарды түсіндіру.
Жоспар:
1.Тест – педагогикалық диагностиканың негізгі құралы.
2. Тесттің түрлері.
1. Тест – педагогикалық диагностиканың негізгі құралы.
Осыған орай педагогикалық диагностика және оның педагогикалық диагностика әдістеріне бірнеше қатаң талаптар қойылады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми білімдері қолданылатын педагогикалық диагностика әдістер мен соған негізделіп жасалынатын нәтижелердің анализі мен интерпретацияларына негізделіп жинақталады. Егер де мысалы, мұндай әдістерге проективті тұлғалық тесттер жататын болса, оларды кәсіби және дұрыс қолдану қажет. Егер де бұл тесттер адамның тұлғалық белгілерін бағалау мен өлшейтін болса, онда оларды кәсіби тұрғыдан қолдану үшін тұлға белгілерінің жалпы психологиялық теорияларын білу қажет. Тек қана әдістердің бір бөлігін меңгеру психодиагностикадағы кәсіби жұмысқа жеткіліксіз болып табылады. Педагогикалық диагностикадағы ғылыми жалпы білім негізін білмеу, өте үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, әйгілі Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сауалнама( қысқ. - МКТС) әртүрлі психологиялық ауытқулары бар адамдарды іріктеу барысында тіркеліп, реттелініп жасалынды, іс - тәжірибеде бұл әдістеме тұлғаның клиникалық диагностикасында жиі қолданылады яғни адамды медициналық тұрғыдан нормадан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады. Бірақта бұл ерекшеліктер тесттің өзінде жоқ кәсіби тұрғыдан дайындалмаған адам бұл тестті жалпы психологиялық тұлғалық тест деп қабылдап, оны адамның кез - келген сапаларының деңгейін анықтауға көмектеседі деп ойлауы мүмкін. Осыған орай, бұл тестті адамның кәсіби жарамдылығын яғни басқарушылық қабілетін анықтауға пайдалану идеясы туындап отыр. Басқарушылар мен бұл орынға үміттенушілер тобын зерттеу үшін ММРІ тесті қолданылады, алынған нәтижелері нормамен салыстырылады, егерде нормадан ауытқыса немесе нормада болатын болса, сонда зерттелінуші адамның кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады. Негізінен кәсіби педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талап - бұл адамдардың сенімінен шыға білу, адамдарды өзіне тарта білу және жауаптарының шынайы болуына қол жеткізу.
Психологияда тест деп Осыған орай педагогикалық диагностика және оның педагогикалық диагностика әдістеріне бірнеше қатаң талаптар қойылады. Педагогикалық диагностиканың ғылыми білімдері қолданылатын педагогикалық диагностика әдістер мен соған негізделіп жасалынатын нәтижелердің анализі мен интерпретацияларына негізделіп жинақталады. Егер де мысалы, мұндай әдістерге проективті тұлғалық тесттер жататын болса, оларды кәсіби және дұрыс қолдану қажет. Егер де бұл тесттер адамның тұлғалық белгілерін бағалау мен өлшейтін болса, онда оларды кәсіби тұрғыдан қолдану үшін тұлға белгілерінің жалпы психологиялық теорияларын білу қажет. Тек қана әдістердің бір бөлігін меңгеру психодиагностикадағы кәсіби жұмысқа жеткіліксіз болып табылады. Педагогикалық диагностикадағы ғылыми жалпы білім негізін білмеу, өте үлкен қателіктерге әкелуі мүмкін. Мысалы, әйгілі Миннесоталық көпфакторлы тұлғалық сауалнама( қысқ. - МКТС) әртүрлі психологиялық ауытқулары бар адамдарды іріктеу барысында тіркеліп, реттелініп жасалынды, іс - тәжірибеде бұл әдістеме тұлғаның клиникалық диагностикасында жиі қолданылады яғни адамды медициналық тұрғыдан нормадан ауытқу дәрежесін анықтау мақсатында қолданылады. Бірақта бұл ерекшеліктер тесттің өзінде жоқ кәсіби тұрғыдан дайындалмаған адам бұл тестті жалпы психологиялық тұлғалық тест деп қабылдап, оны адамның кез - келген сапаларының деңгейін анықтауға көмектеседі деп ойлауы мүмкін. Осыған орай, бұл тестті адамның кәсіби жарамдылығын яғни басқарушылық қабілетін анықтауға пайдалану идеясы туындап отыр. Басқарушылар мен бұл орынға үміттенушілер тобын зерттеу үшін ММРІ тесті қолданылады, алынған нәтижелері нормамен салыстырылады, егерде нормадан ауытқыса немесе нормада болатын болса, сонда зерттелінуші адамның кәсіби жарамдылығы туралы қорытынды жасалынады. Негізінен кәсіби педагогикалық диагностикаға қойылатын негізгі талап - бұл адамдардың сенімінен шыға білу, адамдарды өзіне тарта білу және жауаптарының шынайы болуына қол жеткізу.
Педагогикалық диагностика стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын педагогикалық диагностика әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық , бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық , аппараттық болып бөлінеді. Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері. Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер - адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің педагогикалық диагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік - педагогикалық тесті. Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т.б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс - әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады.Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі. Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т.б.) болады. Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника,электрондық есептеу машиналары қолданылады. Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі,ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т.б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің педагогикалық диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның педагогикалық сапасын тура емес , жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т.б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т.б. жатады.
Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Педагогикалық диагностика эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды.
Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның педагогикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.
Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.
Тесттерге нақты педагогикалық диагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.
Тесттің социокультуралық адаптациясы. Бұл дегеніміз тест тапсырмаларының және тест бағаларының сәйкестігі. Мысалы Еуропада пайда болған интеллект тесті құрылымында сөздік-логикалық емес, образдық-практикалық ойлау басым болатын, интеллекті бар елде қолданылса, ол міндетті түрде әлеуметтік-мәдени түрде адаптациядан өту керек. Кері жағдайда біз сол елдің тұрғындарының ой дамуының деңгейіне сәйкес келмейтін төмен нәтижелерді аламыз.
Және, керісінше, практикалық ойлауға тапсырмалары бар интеллект тесті вербалдық интеллекті басым елде қолданған кезде біз ой дамуының адекваттық емес көрсеткіштерді аламыз.
Егер тест пайда болған жағдайлардан мүлдем басқа жағдайда қолданылатын болса, міндетті түрде ол жаңа жағдайларға бейімделіп, адаптациядан өту керек. Бірінші кезекте бұл нәрсе бланктік тесттерге қатысты, өйткені олар басқа елден алынған және сол елдің тілінде жазылған. Тест тапсырмаларының бір тілден екіншіге аудармасы ешқашан нақты болмайды. Көбінесе сөзбе-сөз емес мағынасына қарай аударылады.
Екінші талап- тұжырымдамалардың қарапйымдылығы және тест тапсырмаларының бір мағыналылығы. Бұл талап бойынша сөздік және басқа тапсырмаларда адамдар әртүрлі мағынада түсініп қалмау керек олар: (сурет, сөздер болуы мүмкін).
Үшінші талап- тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт. Педагогикалық тест тапсырмаларын орындау үшін бөлінген уақыт 1,5-2 сағаттан аспау керек, өйткені бұдан ұзақ уақытта адам, өзінің жұмыс істеу қабілетін жоғары деңгейде сақтай алмайды.
Төртінші талап- белгілі тест үшін тест нормалары.
Бұларға репрезентативтік орташа көрсеткіштер жатады, яғни ол бір топ адамдар. Белгілі бір адамның көрсеткіштерін оның психологиялық даму деңгейін бағалап сол адамдармен салыстыруға болады. Тест нормасы зерттелетін адамдардың жасына, жынысына қарай және алынған бағаны жасына, жынысына және басқа релеванттық көрсеткіштердің дифференциамен орталандыру нәтижесінде алынады.
Тест нормасы дегеніміз зерттелетін адамға бірнеше әлеуметтік – демографиялық мінездемелер бойынша ұқсас адамдардың үлкен шынтығының дамуының орта деңнейі. Барлық нормалар адамдардың педагогикалық дамуында жылдап өзгеретін табиғи өзгерістерімен бірге өзгереді. Мысалы ХХ ғасырдың 25-ші жылдарындағы интеллектуалдық даму нормасы 90-шы жылдардағы адамның ой даму денгейімен салыстыра алмаймыз. Эмпирикалық ереже бойынша бес жылда бір рет тест нормалары қайта қарастырылу керек.
Бұл қайта қарау төмендегідей өту керек. Біріншіден, бір топ адам зерттеуді жүргізу үшін керек. Содан соң өзінің әлеуметтік – демографиялық мінездемелері бойынша топшаларға бөлінеді. Әр топша үшін тесттің көмегімен құрметті адамдар іріктеліп зерттеледі. Соңында көрсеткіштерді орталандыру жолмен белгілі адамдардың жиынтығы үшін тест нормасы анықталады. Тестті сипаттаған кезде міндетті түрде норма кімге , қай кезде , қалай орнатылғаны туралы айту керек.
Тестті өткізу үшін , нәтижені өңдеп интерпретация жүргізу үшін қатаң ережелер белгіленген:
1.Бір тестті қолдану үшін, педагог оны бірінші өзіне өткізу керек. Бұл нәрсе тесттің нюанстарын білмеу қателіктерінен сақтайды.
2.Зерттелетін адамдар тест инструкциясымен мұқият танысып, оны жақсы түсініп алу керек.
3.Тест барысында зерттелетіндер бір-бірінен көмек сұрамай, жеке өз алдына жауап беру керек.
4.Әр тест үшін нәтижелерді өңдеп, интерпретация жүргізу үшін тексеруден өткен процедура болу керек. Әсіресе бұл мәліметтерді математико-статистикалық әдістерге қатысты. Практикалық тест өткізу үшін белгілі дайындық жүргізу керек. Біріншіден, зерттелетіндерге тестті беріп түсіндіреді, не мақсатта өткізілетіні, оның нәтижесінде қандай мәліметтер алынуы мүмкін және өмірде олар қалай қолдануы мүмкін.Содан соң ол инструкцияны түсініп алу керек. Соның бәрінен кейін педагог тестті жүргізеді.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Тест түрлері және оны қолдану салалары.
2.Тест жүргізу үшін қойылатын талаптар.
3.Тест нормаларының ұғымы және орнату әдісі.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003.
5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум ,1978.
Тақырып 8. Психологиялық – педагогикалық диагностиканың құралдардың топтастырылуы
Мақсаты :
Студенттерге педагогикалық диагностика әдістерінің анықтамасы туралы түсінік беру және педагогикалық диагностика әдістерінің өлшемдерін анықтау.
Жоспар:
1. Педагогикалық диагностика әдістерінің жалпы сипаттамасы.
2.Педагогикалық диагностика әдістері және оларды жіктеу.
Педагогикалық диагностикалық қорытындыларда қолданылатын мәлімет-тердің сипаттамасы бойынша әдістемелер объективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімінен немесе еркінен тәуелсіз көрсеткіштер қолданылады) және субъективтік (зерттелетін адамның немесе экспериментатордың сана – сезімдерімен еріктеріне тәуелді мәліметтер қолданылады). Объективтік түрге мысал ретінде қолданғанда бағалаудағы субъективтік минимумға келтірілген физиологиялық , рефлексивтік нәтижелері бар тесттерді айтуға болады. Субъективтік түріне мысал ретінде интуиция мен ішкі тәжірибеге негізделіп жасалынған интроспекция мен қорытындыларды айтуға болады. Тест мөлшерлерінің бәрінің өлшемі бойынша педагогикалық диагностика әдістемелер ұқсас мөлшерлерге және ұқсас еместерге бөлінеді. Ішкі құрылысына қарай педагогикалық диагностика әдістемелер мономерлік және многомерлік деп бөлінеді. Біріншісінде бір ғана қасиет бағаланып диагностика жүргізіледі, екіншісінде бірнеше психологиялық қасиеттер бағаланып олардың педагогикалық диагностикасы жүргізіледі. Ал соңғысында педагогикалық диагностика әдістеме бірнеше жеке әдістерге бөлінеді. Олар подшкалалар деп аталып жеке бір педагогикалық қасиеттерді бағалайды. Мысалыға белгілі бір Спилбергер – Ханен тесті адамның үрейленуін бағалау үшін жасалынған. Бұл мономерлік әдістеме , ал Кеттелдің тұлғалық тесті многомерлік әдістемеге жатады. Педагогикалық диагностика әдістеме жан – жақты қарастырылып топтастырылады. Сондықтан кез – келген әдістемені жалғыз емес бірнеше топтарға топтастырып жатқызуға болады. Осыған байланысты жоғарыда аталған топтастырылған өлшемдер әртүрлі әдістемелердің сипаттамасында бірін-бірі толықтыратын етіп бағалануы керек. Бөлек топқа эксперименталдық мәліметтердің сапалық және сандық талдауына негізделетін педагогикалық диагностика әдістемелер кіреді. Бірінші жағдайда диагностикадан өтетін қасиет белгілі ғылыми ұғымдарда сипатталады, ал екінші жағдайда белгілі бір адамды басқа адамдармен салыстырғанда ұнамды дәрежеде сипатталады. Кейде сапалық және сандық сипаттамалар бір-бірімен үйлеседі соңында зерттелетін қасиет сапалық және сандық сипат алады. Мысалы А.Е.Личко тестінде (жасөспірімдер мінезінің диагностикасы) мінезінің әр қасиеті сапалық және сандық сипаттамада болады.
Педагогикалық диагностиканың әдістемелері ғылыми және практикалық болып бөлінеді. Мұндай бөлінуі шартты түрде: белгілі психодиагнос-тикалық әдістемелердің көбісі практикалық психодиагностикада да , ғылыми – зерттеу эксперименттерінде де қолданылады. Олардың айырмашылығы төмендегіде: ғылыми – зерттеу әдістемелері анықтауға және әрі қарай зерттеуге бағытталған , ал практикалық – практикалық мақсаттарда қолданылып және оның дамуының дәрежесінің бағалауына бағытталған.
Және ғылыми әдістеме тек ғылыми зерттеулерде қолданылып , кең практикалық психодиагностика үшін тиімді емес. Практикалық әдістеме , керісінше , жан-жақты , қарапайым және арзанға түсу керек.
Педагогикалық диагностика әдістемелерінің көптігі қолданылуда шектеулер бар болғандығымен түсіндіріледі. Сондықтан шектеулері жоқ әдістемелерді шығарып , қолдану керек.
Студенттің өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Педагогикалық диагностикалық әдістемелер және олардың зерттеу әдістемелерден айырмашылығы?
2.Бланктық әдістемелерді сипаттап беріңіз.
3.Сұраулы әдістемелер және педагогикалық диагностикадағы оның орны?
4.Суретті педагогикалық диагностика әдістемелер және олардың орны.
Әдебиеттер:
1.Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003
2.Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985
3.Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001
4.Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-5.Шванцари Й. Диагностика психического развития. – Прага : медицинское издание Авиценнум , 1978.
Тақырып 9. Кіші мектеп жасындағы балаларды психологиялық – педагогикалық диагностикалау ерекшеліктері
Мақсаты:Студенттерді кіші және орта мектеп жасындағы балалардың педагогикалық диагностика ерекшеліктерімен таныстыру.
Практикалық педагогикалық диагностиканың қолданылуы туралы анықтама беру.
Жоспар:
1.Кіші мектеп жасындағы балалардың педагогикалық диагностикасының ерекшеліктері.
2. Практикалық педагогтардың жұмысындағы графикалық әдістерді қолдануы.
Мектепке барғанға дейін балалардың психологиялық даму деңгейінің жеке айырмашылықтары жоғарылайды. Балалардың бір-бірінен интелектуалдық, моральдық, персоналаралық даму жағынан айырмашылықтары болады. Олар әр педагогикалық диагностика жағдайларға әр түрлі әрекет жасайды, бірдей нұсқауларға әр түрлі қарай бастайды.
Мысалыға, бір балалар үлкен адамдарға арналған педагогикалық диагностика тесттерден жеңіл өтеді, басқалары -4-6 жасарларға арналған тесттерден қиналып өтеді. Бұл нәрсе әсіресе вербальдық өзін-өзі бағалау, рефлексия және қоршаған ортаның баланың саналық қиын бағалар қолданылатын педагогикалық диагностика әдістемелерге қатысты.
Баланың психологиялық дамуының шындық деңгейін бағалау үшін, педагогикалық диагностика әдістемені кіші мектеп жасындағы балаларға қолданудан бұрын, интеллектуалдық жағынан ол балаларға қиын емес пе, керісінше, тым оңай емес пе соны анықтау.
6-7 жасар балалардың психологиялық дайындығына қатысты белгілі эмпирикалық мәліметтер бойынша 50%-тен-80% ке дейін балалар мектепке дайын еместігін көрсетеді. Көбісі физиологиялық жасы жағынан дайын болғанымен оның психологиялық жасы 5-6 жасар баланікі сияқты болуы мүмкін. Егер ол балаға қиындау тестті ұсынса (тест баланы аз қызықтырып , одан да көп күш жігер, еркін зейін, жады, бейнелеуді талап етеді) , ол тапсырманы орындай алмауы мүмкін. Оның себебі тұлғалық – психологиялық дамуының деңгейінің төмен екенін көрсетеді, интеллектуалдық қабілеттіліктерінің жоқтығынан болмайды. Ал егер тест тапсырманы балаға ойын түрде ұсынса, онда нәтижелер әлдеқайда жоғары болуы мүмкін.
Бұл жағдайды 1,2 сыныптағы балаларды педагогикалық диагностикасында ескеру керек.
3-4 сынып балаларына үлкендерге берілетін тесттер ұсынылады (тест тапсырмалары оларға түсінікті болу керек). Егер балалар өте қызығып отырса және мотивациясы өте күшті болса, онда тест нәтижелері жоғары болады. Үлкен адам жігерлік қасиеттер көмегімен кезінде өз-өзін меңгере алады, ал 1-2 сыныптағы мен 8-9 сыныпқа дейінгілер олай ете алмайды. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың педагогикалық диагностикасындағы үлкендерге арналған тесттерді қолдануға қатысты белгілі бір шектеулер бар. Бұл шектеулер көбінесе ойлау, тұлғалы және тұлғааралық қатынастарды зерттеу үшін қолданылатын тесттерге қатысты. Қазір пайдаланатын интеллектуалдық тесттердің көбісі (үлкендерге арналған) сөйлеу – логикалық ойлаудың даму деңгейін бағалайды. Бұл ойлаудың түрі балалардың басқа ойлаудың құнды түрлеріне қарағанда (бейнелі және образдық ойлау) кемдеу болады. Сонымен қатар үлкендерге арналған тесттерде интеллектуалдық тапсырмалар сөйлеу түрде тұжырымдалады, үлкендердің өмірлік тәжірибелерін бейнелейтін тілден және ұғым жүйелері қолданылады. Сондықтан бұл тесттерді балаларға бейімдеу керек. Кейде ол мүмкін болмайды, сол кезде жаңа варианты құрылады, мысалы, Векслердің интеллектуалдық тесттің , Кеттелдің тестін. Бірақ , бұл кезде бір проблема туындайды: бірдей психологиялық қасиеттің құрылымы мен мазмұны әртүрлі тесттердің көмегімен алынған тест нәтижелері ешқашан бірдей болмайды және сәйкестендіруді талап етеді. Тестаралық сәйкестендіруде өтпелі коэффициент анықталады. Өтпелі коэффициент бір әдістеменің сандық көрсеткіштердің басқа әдістеменің көрсеткіштеріне орта қатынасы ретінде анықталады.
Мысалы, Векслер тесттің үлкендердің де, кішілердің де нұсқалары түсінікті жеткіншектер кішілердің нұсқасы бойынша 100% көрсеткіш алады, ал үлкендердің -80% , онда өтпелі коэффициент кішіден үлкендерге қарай 1,25-ке тең болу керек. Бұл көрсеткішті 100% 80% ге бөлуден шығады.
Үлкендердің тұлғалық тесттердің шектеулері тек сандық айырмашылықтарға ғана әкеліп соқпайды. Үлкендердің тесті бағалайтын тұлға қасиеттері балада болмауы мүмкін. Және керісінше, балаларда жасы үлкейген сайын жоқ болып кететін тұлғалық ерекшеліктер үлкендерде мүлдем жоқ.
Бұл жағдайдың шешімі бар. Үлкендерге және кішілерге арналған тұлғалық тесттерді іс жүзінде қолданғанда жас ерекшеліктер педагогикасы біліміне және тесттерді дұрыс құру үшін және алғашқы валидтықты қамтамасыз ету үшін керекті информация беретін адамның тұлғалық дамуының психологиялық теорияның біліміне сүйену керек.
Ұсынылатын педагогикалық диагностика әдістемелердің жүйесі мектепке енді баратын балалардың психологиялық даму деңгейінің кешендік бағалауы үшін арналған. Бұл жүйе бастауыш сыныптардың оқушыларына да арналған, олардың тану процестерінің сипаттамасына тұлғалық және тұлғааралық қатынастарына, олардың әзірге бар қабілеттердің бағасына да арналған.
Бұл жүйенің негізінде балалардың мектепке дайындығын , оқу кезінде психологиялық дамуын (1-4 сынып) бағалауға мүмкін болады.
Педагогикалық диагностикалық бағалауға төмендегілер жатады:
1. Қоршаған ортада балалардың жалпы ориентациясы.
2. Мектепке оқытуға баланың көзқарасы.
3. Зейін.
4. Жады.
5. Ойлау.
6. Сөйлеу.
7. Көркемдік – бейнелеу қабілеті.
8. Еңбекке қабілеттілігі.
9. Жетістіктерге жету мотивациясы.
10. Тұлғалық қасиеттер.
11. Тұлғааралық қасиеттер.
Бұл кешенге 6-7 ден 10-11 жасар балаларды зерттеу үшін қолданылатын әдістемелер кіреді. Барлық әдістемелер бойынша алынған бағалар кіші жастағы балалардың жеке психологиялық даму картасына жазылады.
Балалар педагогикалық жағынан дамитын үш негізгі сала бар – тану процестер, тұлғалық және тұлғааралық қатынастар. Олардың бәрі бағаланады және олар үшін арнайы әдістемелер бар.
Бұл әдістемелер кешенде педагогикалық диагностика бағалауға зейін, бейнелеу, жады, ойлау, сөйлеу, процестері жатады, сонымен қатар, оқу мотивациясы жетістіктерге жету, кейбір базистық тұлғалық қасиеттер, өзінің құрдастары және үлкендермен қарым-қатынасы.
Бұл әдістемелер кешенінің көмегімен өткізілетін балалар педагогикалық диагностикасы төмендегі мақсаттарға жетуге арналған:
1. Баланың дамуы анықталады.
2. Ондағы бар қабілеттер уақытылы анықталады.
3. Баланың оқудан қалып кетудің себептері немесе нашар тәрбиенің себептері анықталады.
4. Балаға, оқытушыға немесе ата-аналарға мамандықты таңдауға ғылыми негізделген нұсқауларды ұсыну.
Мүмкіншілік бар жерде жеке емес, топтық зерттеу өткізу уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл мүмкіншіліктер мен шерттарды орындау керек, олар туралы әрбір әдістемеге комментаршілерде айтылған. Егер ондай комментаршілер жоқ болса, онда бұл әдістемені жеке және топтық зерттеу үшін қолдануға болады.
Педагогикалық диагностика зерттеу өткізу үшін, төмендегі нәрселерді орындау керек:
1. Әдістеме мәтінімен танысу.
2. Берілген әдістеменің комментаршілерін оқу (егер бар болса).
3. Әдістемеге керек материалдарды дайындау.
4. Бұл әдістеменің көмегімен бір баланың алғашқы зерттеуді өткізіп, нәтижелерді өңдеу.
2. Практикалық педагогтардың жұмысында графикалық әдістерді қолдану.
Практикалық педагогтар графикалық тесттер мен әдістерді жиі қолданады. Әсіресе балалармен қарым-қатынас жасау қиын болса, сол кезде бұл әдістің пайдасы тиеді. Бұл кезде сұраулықтар мен дәстүрлі әңгімелер тиімді болмайды.
Волгоградтық психолог Т.Ю.Андрущенко графикалық анықтаудың арнайы әдістерін құрастырған. Біріншіден, графикалық іс-әрекеттің нәтижелері бойынша баланың проблемеларын анықтап іске асырады, екіншіден, аяғына дейін сезінбеген, дифференцияланбаған уайымдарды , оларды тудырған себептермен қосу, үшіншіден, пайда болған қиындықтардың анализін жүргізу. «Менің араласатын ортам» – бұл әдіс баланың құрдастарымен, ата-аналармен, оқытушылармен іс-әрекеттің ортасымен сипатын анықтауға арналған.
Әңгімені бастағанда, консультант: «Мен білемін, әр адам бейтаныстың сұрақтарына жауап бергісі келмейді. Сол үшін сен өз өміріңді суретте бейнелеп бер, ал содан кейін біз сенің өміріңнің қызықты моменттерін талдаймыз», – деу керек. Мұндай ұсыныс баланы қызықтырып, күдігін жоққа шығарады.
1.Кіммен, қай жерде күні бойы қарым-қатынас жасайтыныңды елестетіп көрейік, бейнелеп бер, әр адамға орын тауып бер ( «үй» ).
Консультант шеңбер салады, баламен ақылдасып, екіге бөледі (қарым-қатынас сфералары). Екі сектор пайда болады: «мектеп», «мектептен тыс» . Горизонтальдық сызық «құрдастар» , «ата-ана» секторларын анықтайды.
Әңгіменің мақсатына байланысты әр қатынас сфераға белгілі бір кеңістік беру мынадай болуы мүмкін: Мысалы, мектепте: балалар, мұғалімдер; мектептен тыс: ауладағы балалар; үйде: туысқандар. Басқа жағдайларда жоғары және төмен жартышарлар көңілді қарым-қатынастардың сфералары болады (+) және көңілсіз қарым-қатынастар (–-).
2. Енді әр «үйге» адамдарды «орналастыру» керек.
Ол жағымды және жағымсыз адамдар болуы мүмкін. Сен олармен орналасқың келмесе де, амал жоқ араласады. Әртүрлі себептерге байланысты.
белгі көмегімен консультант барлық балалар мен үлкендерді еңгізе бастайды. Олар туралы барлық мәліметтерді баланың өзі айтып береді.
3. «Сенің араласатын адамдарыңның ішінен жақсы қарым-қатынастағы және нашар қарым-қатынастағы адамдарды белгіле. - көк пен немесе қызылмен штрихтау барысында консультант көп мәлімет алады.
4. Үлкен шеңбердің ішінде екі шеңбер салайық: біреуі – ортада, екіншісі–кішкентайы , ортаға таман. Ортасына өзіңді қойып, есіміңді жаз. Енді екі түсті қарындашпен қара – «жағымсыз» , ақшыл түсті «жағымды» , кім кімге қалай қарайды, кім көбірек қуаныш әкеледі тағы да сол сияқты. Баламен бірге консультант түстерге қарай, симпатия мен антипатия өлшеуін анықтайды. Егер симпатия мен антипатия анық болса, онда ортадан ( «Мен» баланың ) және сыртқы шеңбердегі –- белгісімен ( басқа адам) сәйкес түсті сызықүш интервал етіп жүргізіледі. Егер керісінше болса стрелкамен қарым-қатынас шектері қойылады бірінші немесе екінші шеңберге дейін. Әр жағдайда баланың қарым-қатынас партнердің көзқарас туралы сипаттама анықталып, стрелкамен бағыты мен анықтық өлшеуі белгіленеді.
« Кім кінәлі? » –- бұл әдіс әр партнермен қарым-қатынас жасау барысындағы пайда болатын және конфликттерді шешу үшін жауапкершілік өлшеуін баламен сезінуін анықтауға бағытталған. «Араласу шеңберін» бала шкалаларда анықтайды.( әр қайсысы 10 бөлікте тұрады).
– конфликттің пайда болуындағы әр қатысушының инициатива өлшеуін.
– конфликтті шешу үшін әр қатысушының инициатива өлшеуі ( ашық түспен белгіленеді).
– конфликтті шешуде әр қатысушының қарсы тұру өлшеуі (қара түспен белгіленеді). Өзінің іс-әрекетін және партнердің әрекетіне комментарий бергенде конфликттердің пайда болуына, дамуына және шешілуіне керекті себептер анықталады: достасуға сенімсіздік , түсініспеушіліктің қорқынышы және т.б. проблеманы талқылау баланың агрессия дәрежесін , партнерға, өзіне көзқарасының өзгертуін анықтайды.
« Менің өмірімдегі қуанышпен реніштер » – бұл әдіс уайымдардың басымдылық модальдығын анықтауға бағытталған.
1. Баланың туылғанынан қазірге дейінгі «өмір жолы» салынады, онда үйде болуы, бақшаға баруы, мектепке бару кезеңдері интервал ретінде бейнеленеді.
2. Екі кеңістік – сызықтан жоғары, төмен. Жоғарыда өмірдің жақсы, көңілді кезеңдер; төменінде – мұңлы, ренішті кезеңдер. Жиі \ сирек штрихтар уайымдардың , интенсивтігін білдіреді.
Субъективтік бағаның уақыт шкаласы баланың өміріндегі болған жағдайлардың маңыздылығын «сол жерде, сол кезде» көруге көмектеседі, дәулеттілік дәрежесін.
Дәулеттілік дәрежесі қуанышты кезеңдердің санын ренішті кезеңдердің санына қатынасымен анықтаймыз.1 ден көп өлшеулер қуанышты кезеңдердің басымдылығының белгісі. Егер 1ден кем болса, онда ренішті кезеңдердің басымдылығын білдіреді. Мысалы , қуанышты кезеңдер бала магнитафон немесе велосипед және т.б. сатып алумен байланысты , жаңа статусты алумен (оқушы аталуы , жарыста лидер болуы ),басқа біреуде досы пайда болуымен байланысты. Ренішті кезеңдерді біреуі бір затты жоғалтуымен, аурумен, екінші – « нашар » адамның пайда болуымен байланыстырады, үйден қашып кетуімен.
Достарыңызбен бөлісу: |