Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында Бөгетсай мектеп-гимназиясында мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдануға және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталған шаралардың орындалуы туралы анықтама
Қыркүйек, 2015 жыл
Бөгетсай мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы және ҚР Конституциясының 20 жылдығы аясында мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдануға және жастарды патриоттық сезімге тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар жоспары бекітіліп, сол жоспарға сәйкес шаралар жүзеге асырылды. Алдымен, үгіт-насихат тобын құру туралы мектеп директорының бұйрығы шығарылды. Жалпы мектепте, салтанатты жиындарда міндетті түрде мемлекеттік ту кіргізіліп, мемлекеттік гимн орындалады.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы №873 Қаулысына сәйкес Мемлекеттік рәміздер мектеп ғимаратының сыртында, мектеп басшысының кабинетінде орналастырылса, сонымен қатар мектептің 1 қабатында арнайы стенд жабдықталған.
Мектеп директорының кабинетінде елтаңба мен туы «Алматы қала безендіру» АҚ-ның көлемі 1х2, шығару мерзімі – 05.09.2008. ҚР стандарты 988-2007» іліп қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |