6М090200 -туризм мамандығы бойынша


Туристің дене шынықтыру ерекшеліктері. Физикалық дайындығына қойылатын талаптар



бет15/20
Дата22.06.2022
өлшемі68,61 Kb.
#146980
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
6М090200 Туризм каз
Құс шаруашылығы
Туристің дене шынықтыру ерекшеліктері. Физикалық дайындығына қойылатын талаптар. Белсенді туристік саяхаттарға дайындалу кезіндегі физикалық дене шынықтыру маңызы. Туристердің дене шынықтыруының мақсаты, қағидалары, әдістері мен құралдары. Жалпы және арнайы дене шынықтыру. Туристік күш, төзімділік, тепе-теңдік сияқты негізгі физикалық қасиеттерін тәрбиелеу. Жаттығулар циклдерін жоспарлау. Дене шынықтырудың туристік шеберлк дәрежесін арттырудағы маңызы.
Белсенді коммерциялық турларға қатысушылар мен оларға қызмет көрсетушілердің дене шынығу деңгейіне қойылатын жалпы талаптар. Туристік нормативтер мен бағалау тестілері. Туристік көпсайыс бойынша жарыстарға қатысу – жорық алдындағы дайындықтың маңызды кезеңі. Белсенді туристік саяхаттар – ағзаны сауықтыру құралы. Жорықтағы физикалық ауыртпалықтарды дұрыс жоспарлау.
Туристік құрал-жабдықтар. Туристік құрал-жабдықтар топтары. Туристік құрал-жабдықтарына қойылатын талаптар. Туристік құрал-жабдықтардың туризм түрлері бойынша ерекшеліктері. Әртүрлі қиындық дәрежедегі спорттық жорықтарға арналған туристік құрал-жабдықтар тізімін құрастыру. Сақтандыру жабдықтары. Арқан түрлері және туристік баулар. Жеке құрал-жабдықтар. Құра-жабдықтардың салмағы. Жеңіл туристік жорыққа арналған жеке құрал-жабдықтар тізімінің үлгісі. Жеке құрал-жабдықтар тізімін әзірлеу кезінде туризм түрін ескеру.
Топтық құрал-жабдықтар. Топтық құрал-жабдықтар тізімінің үлгісі, жалпы сипаттамалар, қойылатын талаптар. Туризм түріне, саяхат мақсатына, маусымға, топ құрамына т.б. ерекшеліктерге байланысты топтық құрал-жабдықтарды таңдап алу. Туристік құрал-жабдықтардың қазіргі түрлері, Қазақстан туристік нарығының тенденциялары және толтырылу перспективалары. Арнайы туристік құрал-жабдықтар. Құрал-жабдықтарды саяхатқа даярлау, тексеру, қиыстырып келтіру, түзеу. Жөндеу, күтім жасау және сақтау. Жөндеу саймандарын даярлау. Маршрутта тасымалдау. Туристік құрал-жабдықтарды пайдалану қауіпсіздігі.
Белсенді туризмдегі қауіпсіздік. Маршруттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары. «Туризмдегі қауіпсіздік» ұғымы. Туризм түрі мен маршрутың қиындық категориясына байланысты жаралану мен жазатайым оқиғалардың себептері. Белсенді туристік саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі. Біздің еліміздегі және шет елдеріндегі апат жағдайына шалыққан туристер топтарын бақылау және оларды құтқару тәжірибесі мен қазіргі формалары. Іздесіру жұмыстары, зақымдыларды туристер тобы күшімен тасымалдау. Бұқаралық туристік іс-шараларды өткізген кезде бақылау-құтқару жасағын (БҚЖ) қалыптастыру (функциялары, апатты оқиғаларды алдын алу, материалдық-техникалық жабдықтау, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу). БҚЖ-ның Республикалық оперативті-құтқару жасағымен (РОҚЖ), «051» құқару қызметімен, ҚР ТЖМ басқа бөлімшелерімен, мемлекеттік апаттық-құтқару қызметтерімен өзара әрекеттесуі.
Жорық кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Күрделі жер бедерінде сақтандыру және өзін-өзі сақтандыру – қауіпсіздіктің кепілі. Сақтандыру түрлері және оны ұйымдастыру қағидалары, сақтандыру жабдықтары. Негізгі баулар, олардың түрлері, не үшін керек, классификация. «Техникалық әдіс» ұғымы. Тау және су туризміндегі негізгі техникалық әдістер. Полиспаст. Аспалы өткелді ұйымдастыру. Құтқару жұмыстарын ұйымдастыру. Жарыққа құлап кеткен адамды суырып алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет