2. Магистратураға түсуші тұлғалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар «6М090200 – Туризм» мамандығы бойынша магистратураға бакалавр дипломымен немесе шет елдік білім беру мекемелерінің бакалавр дипломымен расталған жоғарғы білімі бар тұлғалар қабылданады.
«6М090200 – Туризм» мамандығы бойынша алдыңғы деңгейлі білімге қойылатын талаптар:
оқу, оқу-зерттеу және ғылыми жұмысындағы мәселелерді шешу барысында пән бойынша білімдерін білуі және пайдалана білуі тиіс;
кәсіби салада, туризм индустриясы мен қонақжайлылықтың қызмет көрсету технологиясын, туризмді ғылыми тұрғыдан зерттеу ерекшелігін білу;
іргелі ғылыми және кәсіби дайындығы болуы тиіс; заманауи ақпараттық технологияларды, оның ішінде ғылыми ақпарат алу, өңдеу және сақтау әдістерін игеруі тиіс;
туристік іс-әрекеттің ғылыми және әдістемелік маңызын білуі, кәсіби білімді меңгеруде жоғары дәрежедегі біліктілігін көрсете алуы қажет;
жүйелі көзқарасымен қазіргі таңдағы ғылыми зерттемелерге баға бере алуы және осы ғылым негізінде жалпылама түйін мен тұжырым жасай алуы тиіс;
базалық әдістемелік ыңғайы мен нәтижеге сыни тұрғыдан сараптама жасай білуі тиіс; қажет болған жағдайда өндірістік және ғылыми іс –әрекетке жаңа көзқарас пен шешілу әдісін ұсыну;
құжаттарды құрастыру, туристік ақпаратты сақтау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық технологияларды игеруі тиіс;
білімдерді біріктіру, қиыншылықтарды жеңу қабілетін тәрбиелеу; толық емес немесе шектелген ақпарат негізінде этикалық және әлеуметтік жауапкершілікпен тұжырым жасай білуі тиіс;
жеке мансап мақсатында өз-өзін жетілдіру әрі дамыту дағдыларын, сондай-ақ, ғылыми, техникалық және технологиялық салалардың мәселелерін шешу мақсатында әлеуметтік өзара әрекеттесу және ынтымақтастық дағдыларын игеруі тиіс;
өз білімдерін шығармашылықпен пайдалана білуі, сондай-ақ, қолданыстағы зерттеу мен талдау әдістерінің жаңа білімдердің пайда болуы мен түсіндірілуіне септігін қалай тигізетіндігін түсіне білуі тиіс;
кәсіби этика мен келіссөздер жүргізе алу, коммуникативті және іскерлік байланысты ұйымдастыра алуы, шығармашылық ұжымды және алға қойылған мақсаттың эффективтілігін бағдарлай білуі, нарықта бәсекелестікке қабілетті бола алу тиіс.