6М090200 -туризм мамандығы бойынша


Рекреациялық география – қоғамдық-географиялық ғылым



бет4/20
Дата22.06.2022
өлшемі68,61 Kb.
#146980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
6М090200 Туризм каз

Рекреациялық география – қоғамдық-географиялық ғылым. Рекреациялық географияның міндеттері. Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары, объектісі және зерттеу пәні. Рекреациялық жүйе және территориялық рекреациялық жүйелер түсініктері: В. С. Преображенский, Л.И. Мухина, Ю.А. Веденин, И.В. Зорин. Рекреациялық жүйелердің антропоорталықтық мағынасы. Рекреациялық географияның адам, қоғам және олардың іс-әрекеті туралы білім жүйесіндегі орны; қоғамдық, жаратылыстану, техникалық ғылымдар жүйесіндегі рекреациялық географияның орны.
Рекреациялық география және туризм географиясы – ұғымдар арақатынасы. Туризм географиясының объектісі және зерттеу пәні, мақсаты мен міндеттері. Туризм географиясының негізгі ұғымдары мен терминологиясы. Туризм географиясы мәселелерінің топтары: географиялық кеңістіктің туризм дамуына лайықтылығы; туристік қозғалыс – кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс; интегралдық критерийлер негізіндегі туристік құбылыстардың кеңістіктік классификациясы. Туризмді географиялық тұрғыдан зерттеу тарихы. Туризм дамуының негізгі кезеңдері. Туризм географиясының географиялық және басқа ғылымдар жүйесіндегі орны. Туризм географиясының ТМД елдеріндегі және Қазақстандағы дамуы. «Туризм» және «турист» ұғымдарының шығу тегі. Саяхат жасаушылар және уақытша келушілер. Туристік-рекреациялық әлеует, демалыс пен туризм дамуының алғышарттары мен ресурстары ұғымы. Туристік-рекреациялық ресурстардың аттрактивтілігі. Туристік аумақтардың таксономиясы, рекреацияның шаруашылық әлеуеті ұғымдары. Туристік инфрақұрылым және туристік шаруашылық.
Қазіргі заман туризмінің жіктелуі: маңызы, қағидалары, айлалары. Саяхат мақсатына байланысты туризм классификациясы. Рекреациялық, іскерлік, діни, этникалық туризм. Жаппай және элитарлық, коммерциялық және әлеуметтік, ұйымдасқан және әуесқой, белсенді және белсенді емес, көліктік және экологиялық туризм.
Табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристік-рекреациялық ресурстар, олардың туризм дамуындағы рөлі мен маңызы. Туристік-рекреациялық ресурстардың негізгі сипаттамалары. Туристік-рекреациялық ресурстардың демалыс пен туризм үшін лайықтылығын анықтау және бағалау – туризм географиясының басты міндеттерінің бірі. Баға беру шкалалары. Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаудың үш негізгі түрі: медициналық-биологиялық, психологиялық-эстетикалық, технологиялық баға беру. Туристік-рекреациялық ресурстарды бағалаудың сапалық және ұпайлық (баллдық) формалары. Аумақтың туристік-ресурстық бірлескен әлеуетін бағалау әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет