6М090200 -туризм мамандығы бойынша


Туристік шаруашылық – қалыптасуы мен дамуын туристердің келуі мен орналасуы ынталандыратын туристік ұсыныстың белгілі бір элементі



бет6/20
Дата22.06.2022
өлшемі68,61 Kb.
#146980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
6М090200 Туризм каз

Туристік шаруашылық – қалыптасуы мен дамуын туристердің келуі мен орналасуы ынталандыратын туристік ұсыныстың белгілі бір элементі. Тікелей және жанама туристік шаруашылық. Түнеу базасы, оның туризм дамуы үшін маңызы, жалпы сипаттамасы. Тамақтандыру базасы, оның құрылымы (гастрономиялық, сауда және жабдықтаушы мекемелері), сипаттамасы. Коммуникациялық база, оның құрылымы (көліктік-коммуникациялық желілері, көлік құралдары, көлік қозғалысын реттейтін қызмет, көлік пен байланыстың техникалық базасы), сипаттамасы. Қосалқы база – туристік шаруашылықтың басты элементі, оның құрылымы мен сипаттамасы. Туризмнің материалдық-техникалық базасының даму мәселелері мен болашағы.
Туризмнің экономиканың саласы ретіндегі ерекшеліктері: өнімнің өндірілуі мен сатылуының бір уақытта өткізілуі; туристік өнімнің өндірілуі мен тұтынуының бір жерде өткізілуі; тутынушыны өндіріс объектісіне қызмет көрсетілгенінен бұрын жеткізу; туристік өнімді «өзі тасымалдау»; тутынудың біріккен (агрегирленген) туристік ресурстың өзгеше түрлері. Туристік қызмет көрсету – күрделі, кешенді, уақыты мен көрсетілетін орны бойынша ұзақ әрі әралуан өндіріс, ұсыныс және сату үрдісі. Бәсекелестік жағдайында туристік қызмет көрсету сапасының маңызы. Туристік қызмет көрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштері.
Халықаралық туризмнің ерекшеліктері, ішкі туризмнен оның айырмашылықтары. Халықаралық туризмнің ел экономикасындағы маңызы. Халықаралық туризм дамуының негізгі факторлары мен шарттары. Қазіргі халықаралық туризмнің статистикасы. Халықаралық туристік ұйымдар және олардың туризм дамуында атқаратын рөлі. Халықаралық туризм дамуының қазіргі тенденциялары, әлемдік туристік ағымдардың географиясы.


Пән Tur 3305 «Туроперейтинг», 3 кредит


Туроперейтингтің жалпы сипаттамасы, түрлері және субъектілері. «Туроперейтинг» ұғымы мен оның мәні. Туроперейтингтің түрлері. Туроперейтингтің субъектілері.
Туроперейтингтің негізгі функциялары. Халықаралық туристтік нарығында туроперейтинг бизнесінің пайда болуы. Туроперейтингтің Қазақстанда пайда болу алғышарттары және оның кәсіпкерлер үшін тартымды факторлары. Туроперейтингтің терминологиясы мен аббревиатуралары.
Туроперейтинг кезеңдері. Ұлттық және халықаралық дәрежеде туроперейтингті басқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет