Халық шаруашылығының саласы ретінде туризмнің тиімді дамуы мен аумақтық ұйымдастырылуының туристік аумақтардың ғылымға негізделген оңтайлы аудандастырылуына тәуелділігі. Туристік аудандастыру мақсатында аумақтарды зерттеулердің бұрыңғы КСРО мен Ресейдегі даму тарихы. Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, Б.Н. Лиханов, В.С. Преображенский, Е.А. Котляровтардың еңбектері. Қазақстан аумағын демалыс пен туризм мақсатында аудандастыру әрекеттері. «Рекреациялық аудан», «туристік аудан» ұғымдары, осы ұғымдар эволюциясының қысқаша тарихы. Салалық (интегралдық) әлеуметтік-экономикалық аудан ретіндегі туристік аудан ұғымы. Туристік аудандастыру әдістері. Туристік аудандардың таксономиясы.
Аумақтың туристік-рекреациялық сыйымдылығы ұғымы. Осы сыйымдылықты туризм және рекреация мақсатында зерттеу мәселелері. Табиғи кешендердің азғындамауы және рекреация үшін жайлы жағдайды сақтап қалу мақсатында рекреациялық жүктемелерді оңтайлау қажеттілігі, рекреациялық жүктемелер нормативтерін анықтау. Ұтымды рекреациялық табиғатты пайдалану технологиясы, оның әдістері мен тетіктері.
Туризм – күрделі кеңістіктік әлеуметтік-экономикалық құбылыс және қоғамдық-шаруашылық жүйе. Дүниежүзілік туристік ұйым (ЮНВТО) қабылдаған туризмнің тұжырымдамалық моделі; оның жүйелік бөліктері (элементтері), олардың өзара және сыртқы айналамен байланыстары. Туризм индустриясы – туристерге арналған қызмет көрсетулер мен тауарларды өндіру, тарату, алмастыру және тұтыну, туристік-рекреациялық ресурстарды игеру және пайдалану, туризмнің материалдық-техникалық базасын қалыптастыру үрдістерін қамтамасыз ететін, өндірістің материалдық және бейматериалдық салаларға жататын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Туристік кәсіпорындар – туристік қызмет көрсетулерді өндіретін туризм индустриясының бір бөлігі. Туроператорлар мен турагенттер, туристік ұйымдар, олардың қызметі.
Туристік нарық, оның сипаттамасы мен ерекшеліктері. Туристік өнім ұғымы. Туристік сұраныс, оның мән-мағынасы мен негізгі сипаттамалары. Туристік сұраныстың қалыптасуына әсер ететін факторлар. Туристік ұсыныс – туристік құндылықтар мен көрсетілетін туристік қызметтер жиынтығы. Туристік аттрактивтілік – қалыптасып болған туристік ұсыныс.
Достарыңызбен бөлісу: |