Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар: 1. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?
2. Сынып жетекшісінің қызметін атаңыз.
3.Сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтаңыз.
Әдебиеттері: 1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы,
Дәріс 5 Мектепте тәрбие жұмысын жоспарлау
Дәріс жоспары: 5.1.Жоспарлаудың мақсаты мен қызметі және оған қойылатын талаптар.
5.2. Тәрбие жұмыстарын жоспарлаудың формалары, әдістері мен тәсілдері.
5.3. Тәрбие жұмысын жоспарлаудың әдістемесі
Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.