6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі



бет21/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022

Тәрбие жоспарының үлгісі
1. Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен- жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2. Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3. Жаңа оқу жылына сай белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру: (формасы- сынып сағаты), тақырыптық әңгімелер, саяси хабарлама, оқырмандар конференциясы, пікірталас, сұрақ-жауап кеші, олимпиада, көңілділер мен тапқырлар клубы, еңбекке қатысты істер, спорттық және мәдени шаралар, кездесулер, бұқаралық шаралар жатады.


2. Бұл бағытта сыныпқа қатысты ұйымдастыру шаралары белгіленеді (Ұйымдастыру формасы- сынып жиналысы). Онда оқушылардың оқу, тәрбие және қоғамдық пайдалы істеріне қатысты ұжымдық шараларды жоспарлау, оларды ұйымдастыру жұмыстары көрсетіледі. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдарына қатысты сынып жиналысының тақырыбын, олардың күн тәртібін белгілейді, сынып жетекшісі әр түрлі үйірмелер мен клубтар жұмысының тақырыбын жоспарға кіргізе отыра: көмек көрсету, ақыл-кеңес беру оларға өзінің тікелей қатынасын көрсетеді.
3. Сол сыныпта істейтін барлық пән мұғалімдері, пәндік үйірмелерінің жетекшілерімен байланыс орнатып, олардың жоспарлауында оқу- тәрбие жұмыстарына арналған бұқаралық шаралары белгіленіп, өзара жауапкершіліктері анықталады, өзара әректтері көрсетіледі.
4. Отбасы мен жұртшылықпен жұмыс: оқушылардың ата-аналарымен байланыс орнату, ата-аналар лекториясының тақырыптарын белгілеу. Мектеп ата-аналар комитетінің жоспарынан: ата-аналар жиналысының тақырыбын, мерзімін, олардың отырыстарын , шараларды өзінің жоспарында көрсете отырып, олардың өзара байланысын қамтамасыз ету секілді жұмыстар белгіленеді.
5. Жеке оқушымен жұмыс: бұл бөлімде сыныптағы кейбір оқушының сабақ үлгеріміне, тәртібіне қатысты, оның қабілетін шыңдауға сай жұмыстардың түрлері кіреді.
Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар, және пән мұғалімдерімен бірлесе атқаратын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі:

  1. Апта аралығын көрсету

  2. Негізгі бөлімдер

  3. Тәрбиелік шаралардың мазмұны

  4. Формасы мен тәсілі

  5. Мерзімі, уақыты

  6. Жауапты адамдар

  7. Өтілгені туралы белгі

1. Сынып ұжымын ұйымдастыру
2. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері
3. Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс
4. Отбасы және жұртшылықпен жұмыс
5. Жеке оқушымен жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет