Байланысты: umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022
Тәрбие жоспарын қалай құруға болады? 1. Мектеп өміріне қатысты және қазіргі кездегі мектеп пен міндеттерін анықтайтын мемлеттік құжаттармен танысу; Білім және ғылым минстрлігінің оқу-әдістемелік журналдарымен танысу; тәрбиенің, жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясының өзекті мәселесіне қатысты психология және педагогика, әдістемелік әдебиеттерді оқу.
2. Балалардың жас ерекшеліктері, сынып ұжымының даму деңгейі, мектеп, мұғалімдер ұжымы, отбасы және тұрғылықты жердегі тәрбие мекемелерінің ерекшеліктерін ескере отыра мақсат пен міндеттерін анықтау. Мақсатқа сәйкес оның стратегиялық міндеттері белгіленеді. Мысалы: «Мәдениет құндылықтарын меңгеру арқылы жоғары сынып оқушыларының (9-11) рухани дамуын ынталандыру».
Оның міндеттеріне:
1. Оқушылардың сабақтан тыс зияттық- танымдық әрекеттерін ұйымдастыру.
2. Салауатты өмір салтына ынталандыру, ол үшін өздерінің бағдарламасын құру.
3. Оқушыларды мәдениет құндылықтарымен тығыз қарым –қатынас жасауға ынталандару.
4. Оқушаларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, өздерінің қолдары бос уақаттарын тиімді пайдалануға және демалыстарын қызықты өткізуге сай әр түрлі әрекеттерін ұйымдастыру.
5. Мектептің, тәрбие мекемелері мен бірлестіктердің және пән үйірмелерінің болашақ тәрбие жоспарымен танысу, алдыңғы қатарлы озық сынып жетекшілерінің тәжірибелерімен танысу, пән мұғалімдері және ата-аналармен пікір алмасу.
6. Оқушылардың жеке тұлғасы мен сынып ұжымын зерттеп тану.
7. Алдағы мерзімде болатын айтулы даталы күндер мен мейрамдарды анықтау, солардың ішінде ең қажеттісін таңдау.
8. Болашақта балалармен баратын мәдени ошақтарды айқындау.
9. Жоспарлау. Оқушылардың немесе белсенділерді жоспарлауға, оны талқылауға тарту. Жоспардың жобасын жалпы сынып жиналысында талқылау және бекіту.