6В01510-Математика, 6В01511-Математика-информатика, 6В01582-Физика, 6В01513-Физика-информатика, 6В01721-Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01723-Шетел тілі


Дәріс 6. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



бет25/47
Дата29.03.2022
өлшемі1,36 Mb.
#137173
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
umkd tarbie zhum s n n teoriyas men adistemesi 2021-2022

Дәріс 6. Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
Мақсаты: Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысының ерекшеліктерін, ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Дәріс жоспары
1.Оқушылар ұжымын қалыптастырудағы тәрбие жұмысынының мақсаты, міндеттері және қағидалары.
2.Балалар ұжымының алуан түрлілігі: мектептік сынып, клубтық бірлестік, балалар бірлестігі.

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабак, екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады.


Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік кызметті аткарады: ағартушылык,, бағыттаушылык., болжамдылық және қалыптастырушылык.
Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара
байланыста болады.
Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық, әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін корғай білуді көздейді :
Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қанншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.
Біріншісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысалдарды келтіруге талпынады. Мысалы "Өзін-өзі тәрбиелеу туралы", "Өздігінен бідім алу дегеніміз не?"; "Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?", « Көркемөнер талғамы және сән» т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шакырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті - окушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жагдай туғызу.
Екінші түрі, мұғалімдер мен окушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның. Жолдарын, амал-тәсілдерін кұру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруытымен сипатталады. Оқушылар мүғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын кұрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұракқа шақырып, олардың сөздерін ұйлесітіріп, бағытынынп қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда каралатын мәселе такырыбына: "Адамның сырт көрініс мәдениеті", "Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу", "Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы" т.с.с.
Үшінші түрі. оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі окушылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу окушылардың өздеріне жүктеледі.
Тәрбие сағатын өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.
Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.
Негізгі бәлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.
Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.
Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын корытындылайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет