6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті (шифр) (мамандықтың атауы) Алматы, 2020


Қайта өрлеу мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді



бет34/44
Дата21.02.2023
өлшемі331,2 Kb.
#169692
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44
Байланысты:
УМКД Мәдениеттану
РУС МУ к практике, РУС МУ к практике, Lecture 4, Дәріс тезистері ҚБ
Қайта өрлеу мәдениеті төрт кезеңге бөлінеді. Жоғарыда көрсетілген белгілер енді ғана біліне бастаған кезең «проторенессанс» (қайта жаңғыру қарсаңы) деп аталады. Екі ғасырға созылған бұл тарихи кезеңнің әр ғасыры (XІІІғ. дученто, XІVғ.-треченто деп аталады) тамаша дарынды адамдарды өнер сақнасына шығарды. Солардың бірі – Қайта өрлеу мәдениетінің бастауында болған ұлы Данте Алигьери (1265-1321ж.). ұлы даранның қыл қаламынан шықққан атақты комедияларының кереметтігі соншалық, оның талантына бас иген ұрпақтары бұл туындының «Құдіретті комедия» деп атады. Данте, Франческо Петрарка (1304-1374) және Джованни Бокаччо (1313-1375ж.) қайта өрлеу (жаңғыру) дәуірінің дарынды өнер қайраткерлері және итальян негізін қалаушылар болды. Олардың шығармалары дүниежүзілік әдебиетке қосылған тамаша туындылар қатарынан орын алды.
Қайта өрлеу кезеңінің мәдени дәстүрлері, оның өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала бастаған кезең – ХV ғасыр, яғни «Бастапқы Қайта өрлеу дәуірі» (кватроченто) деп атаймыз. Ал Италия мәдениеті идеялары мен принциптерінің гүлденген кезеңі және оның құлдырау қарсаңын – «Кемелденген жаңғыру кезеңі» (Чинквеченто) деп атаймыз. Бұл дәуір ХVI ғасырды қамтиды.
Қайта Өрлеу мәдениетінің басты назары адам тұлғасына аударылды. Адам бойындағы ізгі қасиеттерді жан-жақты көрсету арқылы оны биік дәрежеге көтеру және оның ар-намысын, абыройын қорғау – басты орынға қойылды. Міне, сондықтан болар, шынайы гуманизм адамның бостандық алуға, бақытты болуға, өз қабілетін дамытуға құқығы бар екендігін жариялады, адамдар арасындағы қарым-қатынаста теңдік, әділдік, адамды сүю және адамгершілік принциптерін жақтады. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қайта өрлеу заманының гуманизмі адамды дін бұғауынан босатуға бағытталды яғни дін мен шіркеу ықпалын әлсіретуге барынша күш салды.
Қайта өрлеу дәуірінде өнер салаларының ішінде сурет салу және т.б. ұдайы даму үстінде болды. Шындығындада, дүниені танып-білумен қатар оны шынайы жеткізе білуде суретшілердің мүмкіндіктері мол, олай болса олардың дүниетанымдық мақсаттарды шешудегі белсенділігінің сыры да осында болса керек. Ал бұл жағдай итальяндық Қайта жаңғыру дәуірінің көркемдік сипатта болуына тікелей әсер етті.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдерінің ішінде сол дәуірдің тынысын терең сезінген, сол бір аласапыран кезең мен жарық дүниенің әсемдігін, адамның жан-дүниесін өнер туындылары арқылы бере білген алып тұлғалар болған. Солардың бірі – өнер алыбы Леонардо да Винчи (1456-1519 жж.) Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол – әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болды. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының, токарь станогінің жобаларын жасады. Деонардо да Винчи соным ен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі – «Құпия жиын».
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған «Мона Лиза» – Джоконда туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Леоандо «Джокондоны» салуда салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды.
Осы орайдағы өнер тарихындағы ұлылардың бірі – Рафаэль Санти (1483-1520 жж) нағыз кемелді шағында – 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның «Сикст мадоннасың еуропалықтар үшін өте қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебі», «Парнас» т.б. гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы – атақты Микеланджелоның атақты мүсіндері – «Давид», «Моисей», «Бұғаудағы құл», т.б. суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген.
Қайта өрлеу дәуірі – мәдениет пен өнер және ғылым тарихындағы ұлы бетбұрыс кезең болды. Үш ғасырдан астам уақыт ішінде Еуропаның көптеген бұрын-соңды болып көрмеген гүлдену, мәдени қозғалыс басталды. Орта ғасырлар мәдениетінің мән-мағынасын сәулет өнері көрсететін болса, Қайта өрлеу дәуірінде живопистік туындылар (суреттер) басым болды. Дін өктемдігінен, оның құрсауынан босанудың арқасында өмірдің сан-саласын тұтас көрсететін, адамды рухани жағынан толық қанағаттандыратын шығармалар дүниеге келді. Бұл дәуірде адамның бұл дүниедегі алатын орны жан-жақты көрсетілді. Ренессанс мәдениетінің негізінде жаңа заманда еуропалық адам қазіргі өркениетке қарай шешуші қадам жасады.
Осындай ұлы мәдени бастамалардың жаршысы болған Италия елінде, алғаш рет католиктік реакция басталып, гуманистік қозғалыстың өкілдері шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. ХVI ғасырдың 40-шы жылдары инквизиция басталды.
Дүниежүзілік мәдениет тарихындағы үлкен тарихи белес – Қайта өрлеу дәуірі аяқталды. «Қайта өрлеуді» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVІ-XVІІғ. болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X-XVғ. қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта өрлеу» мәдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталу ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар



  1. «Қайта өрлеу»ұғымының мәні.

  2. Қайта Өрлеу мәдениетінің кезеңдері

  3. Ренессанс кезеңінің өкілдері

  4. Леонардо да Винчидің еңбектері

2

№11
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет