2.1. Діннің құрылымы
Діннің қоғамдағы рөлі мен орнын анықтау оның құрылымын анықтаумен тікелей байланысты. Діннің құрылымы дін туралы теорияда маңызды орын алады. Дін құрылымы діни сана, діни іс-әрекетдіни ұйым болып бөлінеді:
Діннің құрылымы:
- Діни сана
- Діни іс-әрекет
- Діни ұйым
Діни сана қасиетті мәтіндер мен жазбалардағы құндылықтар рәміздер, парасаттылық және этикаға негізделген сенімнің жиынтығы мен дүниетанымдық жүйе. Діни санаға белгілі бір сенім жүйесінің шеңберінде қалыптасқан дін өкілінің дүниетанымы, мәселен мұсылмандық діни сана, буддистік діни сана, христиандық және т.б. жатады. Діни сананы қарастыру және зерттеу арқылы адамның қоғамдық өміріндегі ұстанымын анықтауға болады.
Діни санага: діни түсініктердағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, концептуалды деңгейде қорытылады, содан соң олардың теориялық негізі жасалады.
Қоғамдағы алатын орны
|
Құрылымы
|
Сатысы
|
Күнделікті
|
Тұжырымдамалы
| |
Діни сенім
Діни ілім
Діни идеология
|
Дағдылар
Қағидалар
Дәстүрлер
| |
Діни сананың қоғамдағы алатын орнына байланысты мемлекеттік жүйе сакралдық, секулярлық не болмаса этностық діни тұтастық түрінде қалыптасады. Әр қоғамның өзіне тән діни санасы бар. Қоғамда діни сана басым болып, әлеуметтік қатынастарда және тұрмыста діни сенім жетекші орын алған мемлекеттердегі үрдіс сакралдыққа ие болады. Мемлекеттегі билік жүйесі діни және азаматтық салалардан тұрады.
Сакралдық (лат.т. sakra) қасиетті деген ұғымды білдіреді. Секулярлық (лат.тsaecularis) зайырлы деген мағынаны білдіреді. Бұл үрдісті ұстанатын мемлекеттерде қоғамдық қатынастар мен діни қатынастар бір-бірінен оқшауланып, діни және азаматтық билік біржолата ажыратылады. Діни қызметпен тек діни ұйымдар ғана айналысады. Мысалы, Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет қатарына жатадысондықтан мемлекетте дін мен азаматтық салалар бір-бірінен ажыратылған.
Этностық діни тұтастық. Діни санадан азаматтық дүниетаным басым тұрады. Қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланып, діни бірлік этностық тұтастық аясында қалады.
Діни ұйым (бірлестік)
Діни мекеме
Конфессия
Секта
Деноминация
Достарыңызбен бөлісу: |