6В02301-Қазақ филологиясы мамандығының



Дата14.09.2023
өлшемі17,35 Kb.
#181015
Байланысты:
Амангельды (есебі)


6В02301-Қазақ филологиясы мамандығының
1 курс студент Амангельды Аяжанның фольклорлық тәжірибе бойынша
ЕСЕБІ
22.05-03.06.2023 ж. аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауданында фольклорлық тәжірибеден өттім. Халық ауыз әдебиеті пәні бойынша алған теориялық білімдерімді тәжірибе жүзінде қолданып, ел арасындағы халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаумен айналыстым.
Зерттеу нышаны болған Зеренді ауылының атауына байланысты ел арасындағы аңыздарды жергілікті халықтан сұхбат алу арқылы жинақтадым. Ерлі зайыпты Ербол атамыз бен Клара әжеміздің балаларына айтқан бесік жырының-2, ертегілердің-5 түрін жазып, мақал-мәтелдердің-10, жаңылтпаштың-4 , жұмбақтың-3 тақырыбын анықтадым. Жиналған мәліметті диктофонға жазып, видеоға түсіріп, фото жасадым. Одан бөлек Зеренді ауылының мәдениет сарайы мен орталық кітапханасында қонақ болдым. Ел ішіндегі тарихи – мәдени ескерткіштермен танысу арқылы ел тарихы мен мәдениетіне, тұрмыс – салтына, әдет – ғұрпына қызығушылығым артты. Бұл практика адамдармен тіл табыса білу, ауыл арасындағы, ел ішіндегі сөз тапқырлығы, шешендік, суырып салмалық, жыраулық өнерінің өміршеңдігін насихаттауға үлкен көмегін тигізді.
Іс-тәжірбиенің нәтижесі: халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудың жүйелілігін, құжатталуын, сұрыпталуын, ғылымға негізделе тұжырымдалуын қамтамасыз ету міндеттерін шештім.


Студент: Амангельды Аяжан

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет