Ақмола облысы Ерейментау ауданы «Торғай орта мектебі» кмм-сі



Дата19.05.2017
өлшемі170,18 Kb.
#16526

Ақмола облысы Ерейментау ауданы

«Торғай орта мектебі» КММ-сі





Бекітемін

Мектеп директоры:

__________________

Ж.А. Будешов



«14» 02. 2017 ж.

Бастауыш сыныптардың 15.02-24.02.2017 аралығында «Білім негізі – бастауышта» атты онкүндікті өткізу жоспары



Іс-шаралар

пәні

мерзімі

сынып

жауаптылар

1

«Город зимой»

орыс тілі

15.02

3 «А»

Абдрахманова Т.Д.

2

«Морское путешествие»

математика

16.02

0 «Б»

Новожилова Ю.М.

3

«Еңбекпен ел көгерер»

әдебиеттік оқу

17.02

2 «А»

Самигат Б.

4

«Құм мінезі»

әдебиеттік оқу

18.02

4 «А»

Жусупова Г.К.

5

«Будущее время глагола»

русский язык

18.02

3 «Б»

Елубаева А.К.

6

«Имя числительное, как часть речи»

русский язык

18.02

4 «Б»

Елубаева А.К.

7

«1 – 10 көлеміндегі сандарды қайталау»

математика

20.02

0 «А»

Ахметжар Д.

8

«Жер ғаламшарының көрінісі»

жаратылыстану

21.02

1 «А»

Сулейменова А.М.

9

«Our living room»

ағылшын тілі

21.02

2 «А»

Нурмагамбетова А.С.

10

«Менің туған жерім»

казахский язык

22.02

1 «Б»

Темирбекова Г.Ж.

11

«Звук и буква Ч ч»

обучение грамоте

23.02

1 «Б»

Ершова О.В.

12

«Етістік»

қазақ тілі

23.02

3 «А»

Молдагулова Б.К.

13

«Изменение глагола по числам»

русский язык

24.02

2 «Б»

Бегалинова З.А.


2016-2017 оқу жылының 15-24 ақпан аралығында бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің ашық сабақтар онкүндігінің өтуі  туралы  есебі

Тексеру мақсаты:

Бастауыш сыныптар апталығының мұңалімдердің сабақтарында оқытудың жаңартылған жүйесін қолдана білуі мен оқушылардың пәндерге  деген қызығушылығына әсерін, оқушылардың шығармашылық жұмыстарға құштарлығын, көркем шығармаларды мәнерлі оқығандығын, сабаққа қатысуын тексеру.

  Апталық барысында 0-4 сыныптар арасында ашық сабақтар өткізілді.

Жоспар бойынша барлық іс-шаралар болды. Оқушылар өздеріне көп мәлімет алды деп ойлаймын. Онкүндік барысында 15.02 күні орыс тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова Токжан Даулетовна 3 “А” сыныбында «Город зимой» тақырыбында ашық сабақ өткізді. 16.02 күні орыс даярлық тобының мұғалімі Новожилова Юлия Михайловна математика пәнінен «Морское путешествие» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтарда дидактикалық ойындар, қызықты сергіту сәті өткізілді. Сабақтар әсерлі, әрі қызықты өтті. 



17.02 күні 2 «А» сыныбында Самигат Ботагоз әдебиеттік оқу пәнінен «Еңбекпен ел көгерер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ жақсы өтті, оқушыларға арналып көптеген мәліметтер, көрнекіліктер дайындалды. Оқушылар сабаққа өте белсенді қатысты. 18.02 күні 4 «А» сыныбында Жусупова Гульмира Кабытаевна әдебиеттік оқу пәнінен «Құм мінезі» және Елубаева Айнура Канатовна орыс тілі пәнінен шағын комплектілі сыныптарда: 3 “Б”-да «Будущее время глагола», 4 “Б”-да “Имя числительное, как часть речи”тақырыптарында ашық сабақ берді. Шағын комплектілі сыныптармен жұмыс істеу қаншалықты ауыр болса да, мұғалім қос сыныппен уақытын үнемді пайдаланып, ұйымдастырған жұмыстарын асқан шеберлікпен атқара білді. 20.02 күні қазақ даярлық тобының мұғалімі Ахметжар Данекер математика пәнінен «1 – 10 көлеміндегі сандарды қайталау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Мұғалім сабаққа көп мәліметтер дайындап, оқушыларға тақырыпты меңгертті. 21.02 күні 2 «А» сыныбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нурмагамбетова Айгуль Саттыбаевна «Our living room» тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ әсерлі өтті, оқушылар ағылшын тілінде жаңа сөздер үйреніп, өздеріне сабақтан көптеген мағлұматтар алып, белсенділік танытты. Оқушылар сабақта зерттеу жұмысы, топпен жұмыстар жасады. 21.02 күні 1 «А» сыныбының мұғалімі Сулейменова Асемгуль Мысыровна жаратылыстану пәнінен «Жер ғаламшарының көрінісі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабақта жердің жасанды моделі – глобуспен танысты. Сабақ оқытудың жаңартылған жүйесімен өткізілді. Оқушылар қатты қызығушылық танытты. 22.02 күні 1 «Б» сыныбында қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім Темирбекова Гульмира Женисовна «Менің туған жерім» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта интерактивті тақта пайдаланылды, оқушылардың қызығушылығын оятатын көптеген мәліметтер, көрнекіліктер дайындалды. 23.02 күні 1«Б» сыныбында Ершова Ольга Валентиновна оқытудың жаңартылған әдістерін қолдана отырып, «Звук и буква Ч ч» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта жаңа технология үлгілерін қолданды. Сабақ оқушылар мен сабаққа қатынасқан мұғалімдердің көңілдерінен шықты. 24.02 күні 2 “Б”сыныбының мүғалімі Бегалинова Зура Амантаевна орыс тілі пәнінен “Изменение глагола по числам” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтарда мұғалімдер өздерін білімді, тәжірибелі, жаңашыл ұстаздар ретінде көрсете білді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Бұл онкүндік бастауыш сынып мұғалімдерінің өз шығармашылық әлеуметін ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Оқушылар пәндер бойынша жақсы білім көрсеткіштерін көрсетті. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеуі арқасында келген жетістік деп сенімді  айтуға боладыБелсене қатысқан оқушылардың еңбегі алдағы уақытта басқа оқушыларға үлгі болды. Онкүндік бастауыш сынып оқушыларына ерекше естерінде қалатындай болды.

 

 



 Бастауыш сыныптар ә/б жетекшісі: Сулейменова А.М.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет