7 – тақырып. Еңбекке орналастыру және жұмыс пен қамтамасыз етуді реттеу құқығы



Дата16.05.2022
өлшемі17,61 Kb.
#143483
Байланысты:
7 - тақырып.


7 – тақырып.
Еңбекке орналастыру және жұмыс пен қамтамасыз
етуді реттеу құқығы.

  1. Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың түсінігі және оның негізгі бағыттары.

  2. Азаматтың жұмыс бастылық өрісіндегі құқығы.

  3. Қызметкерлерге арналған әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар.

Еңбекті қоғамдық ұйымдастыру және құқықтық реттеудің мәні, мазмұнымен тетігі мемлекеттік еңбек ресурстарын пайдалану саласындағы саясатты анықтайды. Азаматтардың еңбек және кәсіптік ынтасына қолдау көрсету, жұмыс орындарын көбейту, жұмыс берушілермен олардың өкілдерінің мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын жүргізуге қатысуы, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық сипаттаға шараларды қамтиды. Жұмыспен қамту қатынастары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 2001 жылы 23 қаңтардағы №149-11 Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының заңымен, ұжымдық шарттар мен келісімдермен басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеліп, азаматтарға, қазақстандағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға қатысты қолданылады. Осыған орай жұмыспен қамту деп – азаматтардың жеке мұқтаждықтарын қанағаттандыруға байланысты заңдарға қайшы келмейтін еңбектік қызметін айтамыз.


Заңдарда көзделген жағдайлардан басқа реттерде азаматтарды әкімшілік жолмен басқа да әдістермен мәжбүрлеп, жұмыс істетуге жол берілмейді.
Халықтың еңбек ететін тобына заңдарға сәйкес келесі азаматтар жатады:

  1. жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдар;

  2. кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар;

  3. өз бетімен жұмыс істейтіндер;

  4. азаматтық құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін және өңдіріс орындарының мүшелері;

  5. қосалқы кәсіппен айналысатындар мен шарт бойынша өнім өткізетіндер;

  6. жалақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар мен бекітілгендер;

  7. қарулы күштерде, ұлттық қаүіпсіздік органдарында, шекара әскерлерінде, ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, ұлттық ұланда, төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің бөлімдерінде және басқада әскери құрамаларда қызмет атқарушылар халықтың еңбек ететін тобына жатады.

Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің келесі әдістері бар:

  1. мемлекеттік халықты жұмыспен қамту органдары (еңбек биржалары) арқылы;

  2. жеке делдалдық агентіктер арқылы;

  3. ақпарат құралдары арқылы (жарнама);

  4. өз бетінше жұмыс табу арқылы жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Қолданыстағы заңдарға сәйкес жұмыссыздар еңбек нарығының сұранысына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебінен белгіленген тәртіппен кәсіби даярлықтан өтуге, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы. Жұмысқа мұқтаж адамдар үшін мемлекеттік кепілдіктер көзделген. Заңдарда әлеуметтік қамқорлыққа аса мұқтаждардың санаттары үшін қосымша кепілдіктер белгіленіп, нысаналы топтар құрамына келесі азаматтар кіреді:

  1. Аз қамтамасыз етілген немесе тұрмысы төмен тұлғалар;

  2. 21 – жасқа дейінгілер;

  3. Балалар үйінде тәрбиеленушілер, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз 23-жасқа дейінгі балалар;

  4. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды асырап отырған жалғыз басты немесе көп балалы ата-аналар;

  5. Зейнеткерлік жасқа жаткен адамдар;

  6. Мүгедектер;

  7. Заңға сәйкес тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды бағып отырған азаматтар;

  8. ҚР Қарулы күштері қатарынан босатылғандар;

  9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

  10. Оралмандар нысаналы топтарға жатады.

Жергілікті атқарушы органдар еңбек нарығындағы жағдайларға және жергілікті бюджет қаражатына сүйене отырып, нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін және әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларды белгілей алады. Халықтың еркін және жемісті еңбек пен айналасу мақсатында мемлекет өңдіріс күштерін дамытып оларды ұтымды орналастыруға, еңбек ресурстарының жинақтылығын көтеруге және өз бетімен жұмысты дамытуға, бар жұмыс орындарын сақтауға және жаңа жұмыс орындарын ащуға қызметкердің сенімді тәртіппен бағыттаған шараларды жүзеге асырады. ҚР үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар қызметкер мен жұмыс берушінің өкілдерін қатыстыра отырып, республиканы әлеуметтік экономикалық дамытудың тиімді жоспарлары мен халықты жұмыс пен қамту бағдарламасын жасап бекітеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет