Зәйтүн– зәйтүн тұқымдасына жататын мәңгі жасыл көп жылдық ағаш тектес өсімдік.
Негізінен тропиктік, субтропиктік аймақтарда өседі. Соның ішінде шаруашылық үшін маңызды түрі –еуропалық Зәйтүн .Биіктігі 5 – 6 м, кейде 10 – 12 м-ге дейін жетеді. Жапырақтары ұсақ, сопақша келген, қарама-қарсы орналасқан. Гүлі ұсақ, қос жынысты, гүл шоғы ақшыл. Жемісі – сүйек, сопақша, толық піскен кезде күлгін немесе қара түсті келеді. Зәйтүннің шикі жемісінің құрамында шамамен 50 – 75% май болады, сонымен қатар қант, белок, пектин, В, С дәрумендері, А провитамині, т.б. құнды заттар кездеседі. Жемістерін салқындай сығып алған бірінші фракциясы зәйтүн майы деп аталады, ол тағам дайындауда, дәрі ретінде, ал қалған жемісін, тұқымын қыздырып барып, сығып алынған екінші фракциясы – ағаш майы сабының қайнатуда қолданылады.
Қаражидек – қаражидектер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның таулы, орманды және далалы аймақтарында өсетін 3 (итбүлдірген, көкжидекті Қаражидек және қаражидек) түрі бар. Бұлардың Биіктігі 15 – 40 см-дей. Ұсақ та сопақша келген жасыл түсті жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, қызғылт жасыл түсті, шар тәрізді болады. Мамыр – маусымда гүлдеп, қыркүйекте жемісі піседі. Жемісі – жұмыр келген қышқылдау дәмі бар қара жидек (миуа). Емдік мақсатта Қаражидектің миуасы мен жапырағын пайдаланады. Қаражидек миуасының тұнбасымен асқазан мен ішек қабынуын, іштің қатуын, бүйрек пен қуыққа тас байлануын, радикулит пен ревматизмді емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |