7 «Айша» балабақшасы Жасыл дәріхана Құрастырған: Шынгожина Б. А. Жасыл дәріхана



бет2/7
Дата01.04.2017
өлшемі1,23 Mb.
#13243
1   2   3   4   5   6   7

Шетен – биіктігі 10-15 метрдей болатын ағаш. Сұрғылт түсті, жылтыр қабығы бар. Жапырақтары қауырсын тәрізді, кезектесіп орналасқан. Мамыр-маусым айларында гүлдейді. Гүлі майда, ақ, күлгін, қызыл түсті болып келеді. Моншақ тәрізді, қызыл түсті жемісі қыркүйек айында піседі.

Дәрілік мақсатта жаңадан үзілген және кепкен жемістері пайдаланылады. Шетен жемісінің ағзаға дәрумен жетіспегенде, асқазан қышқылы азайғанда емдік қасиеті зор. Бауыр, өт ауруларын емдеуге, несеп, өт айдауға, бүйрекке және қуыққа байланған тасты түсіруге, іш жүргізуге пайдаланады. Шетеннің жемісінен басқа жапырағы, бүршігі, діңінің қабығы да дәрілік шикізат.Көгалдандыру саласында шетенді шөмеле тәрізді (штамб) пішінде де өсіреді.Шетен ағашын музыкалық аспаптар жасауда кеңінен қолданады. Діңінің қабығынан қызғылт-қоңыр, бұтақтарынан қара, ал жапырақтарынан қоңыр бояу алады.
Жолжелкен – көп жылдық өсімдік. Биіктігі 30–40 см-ге дейін жетеді. Сабағының төменгі жағында жерге жайыла өсетін сопақша жапырақтары бар. Гүлдері ұсақ, төрт тармақты масақтан тұрады. Кішкене қауызында 8-ден 13-ке дейін тұқымы болады. Маусымнан қыркүйек айларына дейін гүлдейді.

  Жолжелкен жапырақтарының құрамында аукубин глюкозиді, ащы және илік заттар, ферменттер, лимон қышқылы, каротин, аскорбин қышқылы, К витамині және аздаған мөлшерде алкалоидтар мен фитонцидтер бар. Ұрығында 44 процентке жуық шырыш, май, плантеоза мен сапониндер кездеседі. Дәрілік мақсатқа жолжелкеннің жапырақтарын, ұрығын, шырынын, тамырын пайдаланады. Бұл өсімдіктің емдік қасиеті өте ерте кезден белгілі болған.      
Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында кезектесіп орналасқан. Гүлдері тұтас немесе біршама үгітілген жартылай шар тәрізді гүлсебеттерден тұрады, гүл сабақтары 3см-ге дейін болады,гүл тұғыры қуыс, жартылай шар тәрізді немесе конус тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, жұпар иісті, дәмі татымды, ащылау.

Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.Сонымен қатар қан тоқтататын, микробты жоятын,дәрі ретінде де қолданады.



Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет