Раушангүлдер тұқымдасы



Дата14.12.2021
өлшемі2,69 Mb.
#126805
Байланысты:
Алма туысы


Раушангүлдер тұқымдасы

Раушангүлділер тұқымдасы: қос жарнақтыларға жататын бұта, ағаш тәріздес бір не екі жылдық өсімдіктер. Жер шарында кең таралған, негізінен қоңыржай аймақта өседі, 100 аса туысы 3 мыңнан астам түрі белгілі. Қазақстанда 36 туысы, 200ден астам түрі бар оның 12-сі өте сирек кездесетін, сондықтан қорғауға алынып Қазақстанның `` Қызыл кітабына`` енгізілген Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары күрделі кезектесіп орналасады, бүтін жиекті қосалқы жапырақшалары болады. Гүл күлтесі бесеу, аталығы мен аналығы көп, гүлқоршауы көбіне екі қатарлы. Гүл қос жынысты, жеке-жеке не топтанып орналасқан. Бұл тұқымдасқа жататын өсімдіктер жел және жәндіктер арқылы тозаңданады. Жемісі-көп сүйекті жаңғақ, жаңғақша, жидек, алма тұқымдастары кездеседі. Раушангүлділердің жапырақтары барлығында бірдей емес. Жай жапырақтағылар: алма, алмұрт, долана, шие, өрік және т.б. ағаштарында болады. Күрделі жапырақтар: бүлдірген, құлпынай, таңқурай, және т.б. Қауырсын тәрізді күрделі: итмұрын, және т.б.





Сиверс алмасы


Раушангүлдер тұқымдасына жататын, саны қысқарып бара жатқан түрі. Қазақстанның оңтүстігімен оңтүсті- шығысында тау сілемдерінде кездеседі. Қазақстаннан тыс Қытайдың батыс бөлігі мен Орта Азияның оңтүстік тауларында таралған. Жапырақты, сирек қылқан жапырақты ормандарда, тау беткейлерін бекітуші, көптеген мәдени сорттың жабайы. Түр пішіні алуан түрлілігімен, әсіресе мөлшерімен, түсімен және жемістің дәмімен ерекшеленеді. Алматы қаласының ботаника бағынан А.Ж.Жанғалиев жетекшілігімен оқушылар бірнеше ондаған келешегі зор жабайы өсетін түрлерін жинады. Жәнеде Сиверс алмасы Алматы, Ақсу Жабағылы, Қаратау қорықтарында қорғауға алынған.


Түрі

Сиверс,А- Сиверс-М Siverrsii

Тіршілік формасы

Ағаш

Жапырағы

Ұзындығы 8см, Ені 3-4см

Жапырағының көлемі

Сағақта

Жапырағының орналасуы




Жапырағының формасы

Бүтін

Таралу аймағы

Орта Азия, Батыс Қытай









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет