Американ әлеуметтанушысы П.Сорокин қақтығыс адамның басты қажеттіліктерінен, яғни, тамаққа киімге, өзін-өзі сақтауға, шығармашылыққа деген қажеттілігінен айыру деп есептейді. Алайда қажеттіліктер ғана емес, сондай-ақ оны қанағаттандыру құралдары, соған сәйкес қызмет түрлері, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүмкіндіктерін пайдалану да маңызды.
Сонымен, әлеуметтік қақтығыс-бұл қоғамдық өмірдің құрамды бөлігі. Оның негізі әлеуметтік теңсіздікте, меншік үшін күресте, билікте, басты қажеттіліктерді қанағаттандыруда. Әлеуметтік даму, өзгеріс қақтығыс арқылы, оның шешілуі арқылы жұргізіледі. Қақтығыстарды реттеуге және оны қажетті салаға бағыттауға болады.
2. Қақтығыстар типологиясы. Әлеуметтану қақтығыстың үш негізгі сатысын бөліп көрсетеді.
1. Қақтығыс алдындағы саты. Әлеуметтік қақтығыс бір сәтте пайда болмайды. Эмоционалдық қысым, ашулану және қатыгездік біртіндеп жинала тұседі де, кенеттен көзқарастар алшақтығы себебінен пайда болады. Қақтығыс индивидтен немесе сылтаудан басталады. Басқаша айтқанда, кәдімгі бір сыртқы оқиға қақтығысушы тараптарды қозғалысқа келтіреді. Олар өз мақсаттарының қайшы екендіктерін мойындайды, әр тарап өз стратегиясын қалыптастырады, яғни жағдайды өзінше бағалап, өз әрекеттерін есептейді. Бұл сатыда басқарушы аппарат өз стратегиясы мен әрекеттер тәсілін дұрыс таңдай білуі тиіс, өйткені ол осы арқылы пайда болған қақтығыстың алдын алады.
2. Негізгі саты. Бұл сатыда қарсыластар әрекеті ашық сипатқа ие болады. Бұл сөз сайысы, экономикалық санкциялар, тән жарақатын келтіру, саяси күрес, спорттық сайыстар түрінде болуы мүмкін. Екі жақтың қақтығыстық әрекеті – қарсылас жақтың мақсаты мен көзқарасының жеңіске жетуін болдырмау. Қарсылас топтар өткір келіспеушіліктерді реттеуге ұмтылмайды, керісінше, барынша шиеленістіре тұседі. Қалыпты өзара байланыстар мен қатынастардың бұрынғы құрылымдарын бұзуды жалғастыра тұседі. Агрессиялық, дұшпандық, жек көру сезімдері ұлғая тұседі. Бірақ қақтығысқа басқалар да тартылуы мүмкін, мұның өзі қақтығыс аясын кеңейте тұседі.
Бірақ қақтығыстар барысында үлкен өзгерістер басталады: біртіндеп құндылықтарды, өз мүмкіндіктерін, тараптардың өздері туралы танытуды және сыртқы орта туралы түсініктерін асыра бағалай бастайды. Ресурстардың да таусылуы мүмкін. Бұдан кейінгі әрекеттер таңдау жолына тұседі: қақтығысқа қатысуды жалғастыру керек пе әлде қақатығысты шешу тәсілін іздеген дұрыс па? Егер екінші бағдарлама таңдап алынса, қақатығыс үшінші сатыға өтеді.
3. Шешімін табу сатысы белсенді қақтығыс әрекетін тоқтатудан басталады. Қарсыластар бірін-бірі жау деп есептеуді қояды. Жақтардың бірінің талабы өзгереді (шегініске барады), күрестің келешегі жоқ екендігін таниды, немесе екі жақ та шегініске барады. Қақтығыстың шешілуінің басталуы ресурстардың таусылуынан немесе үшінші бір кұштің килігуінен болуы мүмкін.
Сонымен, көріп отырғанымыздай қақтығыстар қоғамда қарама-қарсы рөл атқарады. Қоғамның тұрақты жағдайы деп ынтымақтастық тұрпатын айта аламыз. Бұл пісіп жетілген дау-жанжалды жай ғана жауып тастау емес. Бұл тәсіл жағымсыз кұштердің топтасып әрекет етуіне алып келеді. Қақтығыстың негізгі мақсаты - адамдарды игеріп,белгілі бір жемісті ағымға тұсіру.
Достарыңызбен бөлісу: |