Патогенез– (pathos - қиналу, genesis - ататегі) – патологиялықфизиологияныңаурудың даму механизімінзерттейтінбөлімі, олалғашқызақымдануданбасталады. Алғашқы зақымдану айқын, анық (травмалар, жарақаттар), жәнеарнайызерттеутәсілдерінсізкөрінбейтін (молекулярлықдеңгейдегі) болуымүмкін.
Аурудыңдамуындажарақаттанужәнеқалпынакелуүрдістерітығызбайланысты. Аурудың әркезеңіндеқорғаныс – компенсаторлыүрдістермолекулярлыжәнежасушадеңгейіндедамиды. Патологиялық үрдістер мен аурулардыңдамуынданегізгітізбектіанықтаудыңмаңызыөтезор, өйткені осы тізбектің бөлігін жойғанда сауығуға әкелуі мүмкін.
Патогенез тізбегініңнегізгібуыныбілмейпатогенетикалық ем жүргізумүмкінемес.Патологиялықүрдіскезіндепайдаболатынағзалар мен жүйелердегіөзгерістер «керіайналыпсоғушеңбері» принципібойыншадамитынзақымданудыңпрогрессиясынаәкеліпсоғуымүмкін.
Мысалы: қанкеткендепайдаболатыноттегітасымалдануыныңнашарлауыжүрекжетіспеушілігінеәкеледі, ал олоттегініңтасымалдауыныңнашарлауынкүшейтеді.
Схема.
Қанкеткендегі «керіайналыпсоғу шеңбері».
Қан кету (қанайналымындағықанкөлемініңазаюы).
Қанныңоттегіліксиымдылығыныңазаюы.
жеделжүрекжетіспеушілігіұлпалық гипоксия
3. Этиология"ұғымының анықтамасы. "Патологиялық реакция", "патологиялық процесс", "патологиялық жағдай"ұғымдарын анықтау. "Патогенез" ұғымы туралы
Этиология (грек. aіtіa – себеп және logos – ілім) – аурудың пайда болу себептері мен оған қолайлы жағдайларды зерттейтін ілім. Аурудың негізгі себебі ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) жағдайлардан туындайды. Сыртқы Этиологиялық себептерге: түрлі жарақат, температура, атмосф. қысымның өзгеруі, сәуле және электр энергиясының әсері, органик. және органик. емес улар, микробтар, вирустар, зат алмасудың бұзылуы (ашығу, витамин жетіспеушілік, құнарсыз тамақ, т.б.) жатады. Ішкі Этиологиялық себептерге: адам организмі құрылысы ерекшелігі, тұқым қуалайтын аурулар жатады. Соңғы кезде Этиологиялық себептердің қатарына физ., хим., биол., әлеум. және психоәлеум. әрекеттерді жатқызады. Аурулардың пайда болуының негізгі себебі организмнің ерекшелігіне байланысты, ал әр түрлі факторлар белгілі бір аурудың дамуына ғана әсер етеді. Сондықтан Этиология мәселесі сыртқы және ішкі ортамен тығыз байланыстыра отырып, адам организмінде туа және жүре пайда болатын күрделі физиол. өзгерістермен ұштастырыла зерттеледі.[1][2]