Жүк тасушы кӛлік құралдары Тасымалдау машиналары мен жабдықтарына қойылатын талаптар мен
пайдаланудың ерекше шарттарының алуан тҥрлілігіне байланысты байыту
фабрикаларында кӛптеген алуан тҥрлі кӛлік қҧралдарын қолдану қажеттілігі
туындайды. Олар әсер ету принципі, тасымалдау тәсілі, тартқыштық және жҥк
алып жҥруші элементі, тҧтынатын энергия тҥрі, конструкциясы және басқа
белгілері бойынша бір-бірінен ӛзгешеленеді.
Тасымалдау қҧралдары әсер ету принципі бойынша ҥзіліссіз және ҥзілісті
әсер етуші қондырғыларға бӛлінеді.Ҥзіліссіз әсер етуші қондырғылар бір
трассада жҥріп келе жатып тиеліп және жҥгін тҥсіріп жҥкті ҥздіксіз ағыммен
тасымалдап отырады. Оларға конвейерлер, пневмо және гидро кӛлік
қондырғылары, гравитациялық кӛліктер, тҧйық тартқыш сым арқаны бар
қондырғылар және басқалары жатады.
Тасымалдау тәсілі бойынша былай бӛлінеді: жҥкті сҥйретіп тасымалдайтын
қондырғылар (ысырмалы конвейерлер, ысырмалар және басқалары);
сырғанатып тасымалдайтын (гравитациялық қондырғылар); ырғытып
тасымалдайтын (дірілді конвейерлер); жҥкті алып жҥруші элементтермен
тасымалдайтын (таспалы конвейерлер, вагоншалар және т.б.); ауалық
(пневмокӛлік) және сулық (гидрокӛлік) ортамен тасымалдайтын қондырғылар.
Тартқыш элементтерінің тҥрі бойынша кӛлік қҧралдары тартқыш
шынжырлары бар (ысырмалы конвейерлер, элеваторлар, итергіштер және
басқалары), таспалары бар (таспалы конвейерлер, элеваторлар және басқалары),
сым арқандары бар (ҧшсыз және ҧшты сым арқанды-аспалы жолдар және
басқалары), доңғалақтары бар (локомативтер, ӛздігінен жҥретін вагондар, тиеп
тасымалдаушы машиналар және басқалары).
Сол сияқты тартқыш элементтері жоқ (тербелісті және дірілді конвейерлер,
тҥсіргіштер, гидро- және пневмо кӛлік қондырғылары, гравитациялық кӛлік
қондырғылары) қондырғыларға бӛлінеді.
Жҥк алып жҥруші элементтерінің типі бойынша жылжымалы жҥк алып
жҥруші элементтері бар қондырғыларға (вагоншалар, таспалы және тақташалы
конвейерлер, шӛмішті элеваторлар және басқалары), қозғалмайтын науа,
қҧбыр, тӛсеніштер тҥріндегі қондырғыларға (ысырмалы және бҧрандалы
конвейерлер, гравитациялық, гидро және пневмокӛліктер және басқалары)
бӛлінеді.
Тҧтынатын энергия тҥрі мен жетек тҥрі бойынша электрлі,
пневматикалық,гидравликалық, дизельді және гравитациялық тасымалдау
қондырғыларына бӛлінеді.
Қосалқы тасымалдау жабдықтарына тҥсіргіштер (нәрлендіргіштер),
қақпақтар, тиегіштер, қайта тиегіштер, тҥсіруші жабдықтар, биіктікті
теңгермелеуішілер, жолдық тоқтатқыштар, тежеуіштер және басқалары жатады.
28
Тасымалдаушы машиналарға тиеуші, тиеп - тасымалдаушы және
толтырмалаушы машиналар жатады.
Кӛлік қҧралдары мен қосалқы жабдықтар тҥрлерінің әрқайсысының
әртҥрлі пайдалану жағдайларына байланысты алуан тҥрлі конструкциялық
тҥрлері мен типтік ӛлшемдері болады.