7-Дәріс. Байыту фабрикаларындағы жүк тасымалдау



бет3/9
Дата20.09.2022
өлшемі40,27 Kb.
#150067
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7

Гравитациялық тасымалдау
Гравитациялық тасылым кезінде ҥйілімді және жекешеленген жҥк
жазықтықпен сырғанап немесе ауырлық кҥшінің әсерімен еркін қҧлап тҥседі.
Сырғанау немесе қҧлау кезінде жҥктің жеке кесектері бір-бірімен соқтығысып,
жеке кесектің сырғу жылдамдығынан айырмашылығы бар орташа
жылдамдықпен қозғалатын қозғалысты жҥк ағымын туғызады. Жҥк алып
жҥруші элементтер ретінде, табандары кӛлбеу болып келетін ағаш тӛсемдер,
болат табақтар, науалар немесе қҧбырлар орнатылады (6-сурет). Кейде жҥк
алып жҥруші элементтер спиралды науалар тҥрінде тік қҧбырларға
орнатылады.
Жҥктерді тҥсіруге арналған тік бағытты тӛсемдер жҥктің сапасын
тӛмендетіп жібереді (мысалы кӛмір), сол ҥшін тӛсеніштің қабырғаларында
кезекпен бір жағынан екінші жағына кӛлденең горизонталь немесе еңісті
сӛрелер бекітіледі. Осы кезде жҥк бір сӛреден екінші сӛреге тӛгіліп қҧлау
жылдамдығын азайтады. Тасымалдау қҧрылғысының мҧндай тҥрін
сарқырамалы қҧлама деп атайды.
Гравитациялық тасылым қондырғыларының артықшылығы олардың
конструкциясының қарапайымдылығы, энергия шығындарының және электр
механикалық жабдықтардың болмауы, тасымалдау қҧрылымдарын қолдану
арқылы жҥкті жинауға мҥмкіндік береді. Олардың кемшіліктері: жҥктердің
қозғалу жылдамдығын реттеудің мҥмкін еместігі, жҥк алып жҥруші
элементтердің қатты тозуы, әсіресе ылғал жҥктерді тасымалдау кезінде
кептелулердің пайда болу мҥмкіндігі, кейбір жҥктер ҥшін майдаланудың
орынсыз болуы, қондырғыларды, адамдарды және қосалқы жҥктерді
тасымалдау ҥшін пайдаланудың мҥмкін еместігі.
6-сурет. Гравитациялық тасымалдау қҧрылысы:
а- бірбетті төсем; б,в-ашық науалар; 2-жабық науа; д-құбыр; е-винттік
түсіру; ж-сарқырамалы құлама.
29
Гидравликалық тасымалдау
Байыту фабрикаларында қатты зат тҥйіршіктерін (кесектерін) судың
ағынымен қозғалтуын гидравликалық тасымалдау деп атайды. Тығыздығы
жоғары қатты зат тҥйіршіктердің, одан тӛмен тығыздықтағы тасымалдаушы
ортада (суда) қозғалуы, ағынның кинематикалық қҧрылысына байланысты
және ол ағынның қозғалу режиміне тәуелді. Гидравликалық тасымалдауда
гидро қоспаның қозғалуы турбулентті ағымда жҥргізіледі.
Гидроқоспа деп белгілі іріліктегі тау-кен бӛлшектерінің сумен араласқан
қоспасын айтады. Гидроқоспа қатты бӛлшектердің іріліктерімен және олардың
қоспадағы ҥлесімен сипатталады.
Гидроқоспалардың келесі тҥрлерін атауға болады:
структуралық - бӛлшектердің ірілігі 1-50мкм, олар шӛгінді жинау кезінде,
ҧнтақтауда, ал кӛбінесе диспергациялауда;
ҧсақ дисперсті-50-150мкм; ірі дисперсті-100-2мм; біркелкіліксіз ірі
дисперсті-1,5мм және одан жоғары; полидисперсті-бӛлшектердің ірілігі
әртҥрлі.
Басты физика механикалық қасиеттері болып саналатындары: қатты зат
ҥлесі (кӛлемдік S немесе массалық S1); жалған тҧтқырлық  (н·с/м2)
(майдаланған немесе ӛте майдаланған қоспаларда); меншікті салмақ γ (кН/м3).
Гидроқоспалардың тҧрақталған қозғалысы келесі параметрлермен
сипатталады: ағынның шеттік қозғалу жылдамдығы Uкр (м/с), ағынның
жҧмыстық жылдамдығы U (м/с) – бҧл жылдамдық шеттік қозғалу
жылдамдығына тең немесе одан жоғары, яғни U≥Uкр; гидравликалық кӛлбеу
(еңіс) немесе ағынның меншікті жоғалымы і (бірлік бӛлшектері) немесе (%).
Пайдаланылатын энергияға қарасты гидравликалық тасымалдау
тӛмендегідей болып бӛлінеді: ӛз-ӛзімен ағу (қысымсыз), табиғи немесе
жасанды ағынмен ағу (арынды).
Гидрокӛлік қондырғылары әсер ету принципі бойынша бӛлінуден басқа
жасалатын қысым шамасы бойынша тӛмен қысымды (7∙106 Па дейін ), орташа
қысымды ( 7∙106 пен 16∙106 Па дейін) және жоғары қысымды (50∙106 Па дейін)
болып жіктеледі.
Гидравликалық тасымалдауда қҧбырлар, дренаждау тоғандары және
науалар қолданылады. Әртҥрлі бӛлшектердің ағын ішіндегі қозғалу
сипаттамалары әрқалай: олардың тасымалдануы сырғанату, дӛңгелету, секірту
немесе ағын ішінде батпай қалқу жағдайларында жҥргізіледі. Қозғалу тҥрлері
кӛп нәрсеге тәуелді: қатты заттың ҥлесіне, пішініне, тығыздығына және
қҧбырдың науаның ішкі бетінің пішініне, судың ағу жылдамдығына,
пульпадағы қатты зат мӛлшеріне және т.б.
Гидравликалық тасымалдауды есептеу кезінде ескерілетін жағдай ол қатты
зат бӛлшектерінің ағындағы шеттік қозғалу жылдамдығы. Осы жылдамдық кӛп
себептерге тәуелді: шӛгіп баратын қатты зат бӛлшектерінің тығыздықтарына,
ірілігіне сонымен қатар ортаның тығыздығына және тҧтқырлығына.
Гидротасымалдаудың артықшылығына мыналар жатады: ҥздіксіздік; қҧбыр
жҥйелерінің салыну және пайдалануының қарапайымдылығы; қҧбыр
трассасындағы механикалық жабдықтардың болмауы, демек қызмет кӛрсету
30
мен жӛндеудің жеңілдігі; пайдалы қазбалардың жол бойында байытылу
мҥмкіндігі; тасымалдау жҧмыстарын толық автоматтандыру мҥмкіндігі; еңбек
сиымдылығының аздығы; тарамдалған қҧбырларды қолдану жолымен
жҥктерді бірнеше жерге тасымалдау мҥмкіндігі: ӛткізу мҥмкіншілігінің
жоғарылығы.
Гидрокӛлік қондырғыларды қолдануды шектеп отыратын кемшіліктерге
жататындар: тасымалданатын жҥктердің сипаты мен тҥріне байланысты
шектелуі, атап айтқанда олардың ірілігі бойынша жҥктің алдын-ала ҧсақталу
қажеттілігі; абразивтік жҥктерді тасымалдау кезінде қҧбырлардың қатты
тозуы; энергия шығынының артуы; ҥлкен су мӛлшерінің қажеттілігі; тӛмен
температураларда қҧбырлардың қатып қалу қауіптілігі; ӛнімдерді
тасымалдаудан кейін сусыздандыру процесінің қажеттілігі.
Гидро тасымалдау қондырғылары, қолдануына байланысты ӛндірістік
(фабрика ішінде) және магистралды болып бӛлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет