11
2.
Практика күнделігі.
«Аударма ісі» білім беру бағдарламасының студенттері үшін
кәсіби практиканы өтетін орын, практика базасы ретінде таңдалған
кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер болып табылады.
Практика өтетін орынмен келісімшарт практика басталғанға
дейін кем дегенде 2 ай бұрын жасалады.
Студенттердің оқу аудармашылық практикасының тікелей
жетекшісі кафедра шығарған оқытушылар арасындағы тәжірибелі
маманмен жүзеге асырылады.
Практика жетекшісі:
- өзіне бекітілген студенттердің практикасын ұйымдастыруға жауап
береді;
- студенттерді жұмыс орындарына бөлуге қатысады;
- студенттерге практиканы өтуге қажетті жағдай жасауға және
практика бағдарламасын орындауға мүмкіндік береді;
- жұмыс орнында қауіпсіздік техникасы бойынша мерзімді алғашқы
нұсқамалықпен қамтамасыз етуге және нұсқамалықты өткізуге
жауапты болады;
- практика тапсырмаларын дайындауға қатысады;
- ұйымдағы практика жетекшісімен байланысады;
- студенттермен кеңес өткізеді;
- студенттердің жазбаша аударманы орындауын бақылайды;
- практика қорытындысы бойынша есеп дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: