№7 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
2018-2019 оқу жылына арналған әдістемелік
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2018-2019 оқу жылындағы мектептің тақырыбы
Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді оқу үдересіне енгізуді жалғастыра отырып, бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу
Мақсаты
Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, жеке тұлғаға бағытталған білім беру
Әдістемелік кеңестің өзекті мәселесі
Жас ұрпақты тәрбиелеуде білім мазмұнын жаңарту арқылы Қазақстанның болашағы зерделі тұлғаны қалыптастыру
Мақсаты
• Мұғалімдерді жаңа бағдарламамен таныстыру;
• Сабақта жаңа технологияларды тиімді пайдалануға дағдыландыру;
• Мұғалімдердің психологиялық-педагогикалық қабілеттерін ұдайы жетілдіріп отыру;
• Мұғалімдерді нәтижеге бағытталған іс-әрекетке бейімдеуге үйрету;
• Үш тілде білім беру бағдары бойынша тәжірибелерін шыңдау;
• Мұғалімдердің өзін- өзі жетілдіруіне баса назар аудару;
• Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);
Міндеттері:
• Білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
• Оқу мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
• Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми-әдістемелік көмек көрсету;
• Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету
• Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар ұйымдастырып, олардың лицейдегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;
• Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
• Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |