7-жасқа аяқ басқан балалардың қимыл дамуының ерекшеліктері. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасы



Дата17.04.2020
өлшемі0,83 Mb.
#62933
Байланысты:
7-жасқа аяқ басқан балалардың қимыл дамуының ерекшеліктері


7-жасқа аяқ басқан балалардың қимыл дамуының ерекшеліктері.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

Студент:

Курс:4

Мамандық: 010003 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»



Біліктілік: 0101013«Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі»

Топ:

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І.Қимыл-қозғалысты қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.

1.1.Қимыл-қозғалысты қалыптастырудың негізгі бағыттары.

1.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың салауатты өмір салтына бағыттау.

ІІ Негізгі бөлім

2.1.Мектепке дейінгі ұйымда балалардың денсаулығымен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі.............................

2.2.Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.........................................

2.3. Мектепке дейінгі ұйымда бала денсаулығын нығайтудың маңызы...

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША


КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Ел басымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, мектепке дейінгі балалардың денсаулығын нығайту, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және бағытталған» делінген

Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс.



І.Қимыл-қозғалысты қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері.

1.1.Қимыл-қозғалысты қалыптастырудың негізгі бағыттары

Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар:

1. Жалпы дене дайындығы.

2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.

3. Спорттық дайындық.

Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.

Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз – еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.

Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.



Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары

Қағида – бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына мыналар жатады:

1. Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.

2. Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі.

3. Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.

Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген: а) дене тәрбиесінің басқа еңбек, ақыл-ой, өнегелік, эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланыса отырып, жастарды өнегелікке, тәртіптілікке баулу, зейінділікке, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсерін тигізу; ә) дене тәрбиесінің әр түрлілігі. Жалпы және арнайы дене дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру сияқты дене тәрбиесі үрдісінің әр түрлілігі спортшыларды, жаттығушыларды қызықтырады. Адамның жан-жақты дамуы үшін қимыл шеберлігін меңгерумен бірге барлық дене қасиеттерін дамытуға ұмтылдырады.

Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесуі дене тәрбиесінің жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға баулитын қолданбалы ерекшелігін көрсетеді.

Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижелілігі олардың көлемі мен жаттығудың орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан жасөспірім ағзасының биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педогогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.

1.2 Ұлттық ойындар арқылы балалардың салауатты өмір салтына бағыттау.

Ойын - маңызды іс. Егер біз ойынды тек көңіл көтеру үшін немесе дем алу ретінде пайдалансақ, одан ешқандай пайда болмайды. Қандай ойын болса да, ол негізгі мақсатқа жұмысалуы керек, өйіткені ойын баланы дамытады. Ойын адам жолын ынтымақтығымен бірге, оның бойындағы көптеген қасиеттерді ұштап, білім дәнін бойға білдіртпей дарытады. Ойындардың қай - қайсысы болсада баладан төзімділікті, тапқырлықты, ізденімпаздылықты, шеберлікті, т.б. толып жатқан қасиеттерді талап етеді.

Төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруы тиіс:

1.Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек

2.Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі балаларға әбден түсіндірілгені жөн.

3.Ойынға балалардың түгел қатысуын қамтамасыз етуі керек.

4. Ойынның жүру барысында тәрбиеші балалардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек.

Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды танидыдағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады , десе, француз педагогы Жан Жак Руссо: Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсан, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді, деген екен.



ІІ. Негізгі бөлім

2.1.Мектепке дейінгі ұйымда балалардың денсаулығымен адамгершілік рухани сапалы тәрбиесі.

2.2.Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:

1) физкультура сабақтары;

2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);

3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).

Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар Мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.

Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.

Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).

2.3.Балабақшада бала денсаулығын нығайтудың маңызы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылғы Жолдауында «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін, ынтымақты жауапкершілік қағидаты, міне осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұмысындағы, мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс »-екенін атап көрсеткен.

Балалардың денсаулығын нығайтуда, спортқа әуестендіріп,күн тәртібі ережелерін сақтай білуге, жаңа инновациялық жолдар арқылы шынықтыру, салауаттылыққа тәрбиелеу Мектепке дейінгі мекеменің негізгі мақсаты.

Жан-жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата-ана мен балабақшаның міндеті.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келе айтқанда,мектепке дейінгі балалардың күні бойы өз беттерінше қимыл әрекеттерін жасауының, едәуір маңызы бар. Бала қимылдауды барынша қажетсінеді, алайда олар мақсатсыз және кездейсоқ қимыл болмауы үшін тәрбиешінің нысаналы басшылығы қажет. Бала үшін қызықты әрекетті дер кезінде ұсыну, оны әлсін – әлсін түзету, уақытын мөлшерлеу керек.



Өз бетінше жаттыға жүріп, мектепке дейінгі бала өзін еліктірген мақсатқа жеткізетін әрекетке назарын шоғырландырады. Оны ойдағыдай жүзеге асырады, ол әрекеттерді салыстыра отырып және олардың неғұрлым тиімділерін таңдап , әрекет ету әдістерін өзгертеді. Демек бұл процес баланың онымен немесе жаттығуымен тәрбиешінің үйретуі кезінде алдын-ала таныстыруынан басталады. Қимыл-қозғалыс - дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Қимыл-қозғалыс баланың жас ерекшелігіне сай өзгеріп күрделене түседі. Жас шамасына қарай күрделене түскен жаттығулар өз құрамына күнделікті тұрмыстан, адам еңбектерінен, әскери қимыл қозғалыстардан сонымен қатар спорт түрлерінде кездесетін қозғалыс түрлерінен алынатын жаттығуларды енгізеді. Жаттығу кезінде баланың барлық тірек-қимыл мүшелері жұмыс жасап, барлық мүшелерінің іс-қимылдары дамып, жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қызметі арта түседі.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы Астана, 2007

2. Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы Астана, 2016

3. Андабекова С «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 2012

4. Меңжанова А.К «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы, 1992

5. С.Тайжанов, А.Қарақов «Дене тәрбиесі» Алматы, 2018

6. Нурдавлетова З.Н. Мектепке дейінгі балалар психологиясы оқу құралы. – Алматы,2011.

7.Потапчук А. А. Гимнастика и массаж для малышей 3-7 лет. –М

8. Мухамеджанова У.Ж, Жубандыкова А.М. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі , Алматы 2018

9.Пензулаева Л.И. Физкультурные занятия в детском саду. – Москва,2009.

10.Балабақшадағы дене тәрбиесінің бағларламасы және оған арналған әдістемелік нұсқау. Алматы,1990.

11.Хухлаева Д.В. Теория физического воспитания вдошкольных учреждениях. – Москва,1984.

12.ВавиловаЕ.Н.Учитебегать,прыгать,лазать,метать.−Москва,1983.

13.Осокина Т.И. «Физическое воспитание в детском саду». − Алматы,1982.

14.Осокина Т.И., Тимофеева Е.А. Подвижные игры для малышей. – Москва, 1990

15.«Бала мен балабақша» журналы №6, 7 2012ж.

16.«Бала тәрбиесі» журналы №12, 2009ж.

17.«Отбасы және балабақша» №2,3 ,2011ж.

18.«Мектепке дейінгі білім» №1(7) қаңтар/ақпан 2007ж

19.«Мектепке дейінгі білім» №5(17) қыркүйек/қазан 2008


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет