8 КЛАСС. №1 жұмыс. Әр түрлі температурадағы суды араластырғандағы жылу мөлшерін салыстыру. Ж ұмыстың мақсаты: Жылу алмасуда ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерін анықтау және алынған нәтижені түсіндіру.
Құрал –жабдықтар: Калориметр, өлшеуіш цилиндр(мензурка),
термометр, стақан, ыстық суы бар шәугім
(бүкіл сыныпқа біреу).
Жұмыс барысы:
Массасы 100г ыстық суды сыртқы ыдыстың ішіне қойылған калориметрдің ішкі ыдысына құйыңдар. Ыстық судың t₁ температурасын өлшеңдер.
Стақанға дәл сондай суық су құйып және оның t₂ температурасын өлшеңдер.
Ыстық суы бар ыдысқа абайлап суық су құйыңдар, алынған қоспаны термометрмен араластырып және оның t температурасын өлшеңдер.
Ыстық судың, қоспаның t температурасына дейін суығанда, берген жылу мөлшерін Q₁=cm( t₁ - t ) формуласымен және суық судың осы t температураға дейін жылығанда алған жылу мөлшерін Q₂=cm₁( t - t₂ )формуласымен есептеңдер.
Өлшеу мен есептеу нәтижелерін төмендегі кестеге жазыңдар.
Ыстық судың берген жылу мөлшерін суық судың алған жылу мөлшерімен салыстырыңдар және тиісті қорытынды жасаңдар.
Тәжірибенің салыстырмалы қателігін мына қатынаспен есептеңдер: ℇ =[ ] , мұндағы Q₁ - ыстық судың берген жылу мөлшері, Q₂ - суық судың алған жылу мөлшері.ℇ =[ ] =0,05