Оқылым тапсырмасы – әртүрлі оқылым дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар (сұрақтар). Алғашқы жаттығулар жалпы мазмұнын түсінуге бағытталса, кейінгі жаттығулар нақты ақпаратты табуға арналуы тиіс.
Мұғалім оқылымға арналған сабақтың құрылымына сәйкес өз сабағын жоспарлай алады. Мысалы 10-сыныпқа арналған «Мұхит тіршілік мекені. Әбдіжәміл Нұрпейсов «Қан мен тер» бөлімі бойынша сабақ жоспарын қарастырайық.
Оқу мақсаты: 10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.