Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушылар бірнеше сөздерді, бір сөйлемді, қарапайым сызбаны немесе формуланы қолдана отырып, сұрақтарға қысқа нақты жауап беруі қажет.
20-21
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларды бірнеше сөйлем, түсініктемелерді, сызбаларды немесе бірнеше кезеңнен тұратын дәлелдеулерді келтіре отырып орындау қажет.
22
Жалпы, ашық тапсырма құрастыру барысында келесі талаптарға назар аударған жөн:
Тапсырманы, сұрақты анық және түсінікті түрде тұжырымдаңыз.
Сұрақты ақпараттық және сұраулы бөлікке бөліңіз.
Оқушының мәдениет, жас ерекшеліктерін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, яғни тапсырма оқушылар ұғатын түсінікті тілде берілуі қажет.
Барлық мүмкін нұсқаларды есепке алып, жауап үлгісін анықтаңыз, оны тапсырма нәтижесін тексеру кезінде қолданыңыз.
Тапсырмаға белгіленген жалпы балл мөлшерінің жауап бөліктеріне қалай үлестірілетінін көрсетіңіз.
Құрастырылған тапсырмалар мен жауап үлгілерін бағалауға әріптестеріңізді тартыңыз. Қажет болған жағдайда құрастырылған тапсырманы түзетіңіз, өзгеріс енгізіп, толықтырыңыз
23
Материалды бекіту мақсатында практикалық жұмыс жасауды ұсынамыз.
Пәннің қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағынан (5-11-сыныптар) өзіңіз таңдаған оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды зерделеп, 2