«7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне» арналған тәрбие сағаты.
Күні: 06.05.2022ж
Тобы: «Айгөлек» аралас тобы
Көңілді әуенмен балалар көтеріңкі көңіл-күйде отырады.
Жүргізуші:
Құрметті асқар таудай әкелер,арқа сүйер аталар және де біздің кішкентай ұландар!
Сіздерді келе жатқан Ұлы жеңістің 70 жылдық мерей тойымен және Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық,ұзақ өмір,отбасытарыңызға бақыт,
бірлік,береке тілейміз.
Жеңіс күні,Жеңіс жыры
Асқақтата шырқалсын.
Ардагерлер қалауы
Мәңгі өшпесін алауы.
Желбіресін жеңімпаздар жалауы,-дей отырып осы
Жеңіс күніне арнап біздің балалар тақпақтарын айтады.
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама.
Жеңіс келді әке боп,
Елдегі көп балаға.
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән болып.
Жеңіс келді алақай!
Тоя жейтін нан болып.
Әлияны бұл күнде,
Барлық бала біледі.
Әлия-аты көңілде,
Әкпеміз деп жүреді.
Даламыздың даңқысыз,
Балауса гүл,балғын қыз.
Жанын қиып,халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.
Жүргізуші: Жеңіс күні адамзат аңсап күткен қастерлі күн. Бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Қазақтың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк есімін,аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлын,осы соғыста ерлік көрсеткен ата-апаларымыздың,әкелеріміздің есімін қашанда мақтанышпен айтамыз.Олардың ерліктері ешқашанда ұмтылмайды. Ендеше осы батырларымыздың құрметіне ән орындаймыз.
Ән:«Жеңіс күнін тойлаймыз».
І-шумақ:От жалыннан жаралған,
Отан – біздің анамыз.
Жауды жеңіп оралған,
Ортамызда – ағамыз.
Қайырмасы:
Ерлігіне бар адам
Таңдана қағар тамсана
Омырауға қадаған
Ордендері қаншама!!!
ІІ-шумақ: Айтқан сайын жақсы аға,
Әңгімеге тоймаймыз.
Біздер бүгін бақшада,
Жеңіс күнін тойлаймыз!
Жүргізуші: Ертеңгі күнде әскери борыштарыңды өтеп келіп, бүгінде Отанымызды қорғайтын азамат болып қаласыңдар. Мейрамдарың құтты болсын Отан қорғаушылар!
Бірнеше спорттық жаттығулар жасалынады.
Отаным анамдай көремін.
Озасың бәрінен сенемін
Желбіреп әрқашан көк туым
Гүлденіп көркейіп өсемін.
Отан -біздің үйіміз
Отан біздің жырымыз,
Отан біздің бақшамыз,
Құлпыртатын гүліміз.
Барлығы:Біз Отанның ұланымыз,Біз Отанның қыранымыз.
Ән: «Алға қазақ жігіттері» балалардың орындауында.
Ойын: «Күш сынаспақ»
Викториналық сұрақтар: (балаларға арналған)
1. Біздің әскер күшті ме? (Күшті)
2. Бейбітшілікті қорғай ма? (Қорғайды)
3. Ұлдар әскерге бара ма? (Барады)
4. Қыздарды өздерімен бірге ала ма? (Жоқ)
5. Матрос деп кімді айтады? (Теңізшіні)
6. Ұшқыш шекарада тұра ма? (Жоқ)
7. Ол құстан биік ұша ма? (Иә)
8. Бүгін қандай мереке? (Жеңіс күні және Отан қорғаушылыр)
9. Қыздар мен аналар мерекесі ме? (Жоқ)
10.Бейбітшілік - өмірде ең қымбат нәрсе ме? (Иә)
Жүргізуші:Асқақ ән көңілді тербесін,
Тұтпасын күн қара пердесін.
Бақытпен көз ашқан балалар,
Бүлікшіл соғысты көрмесін,- деп Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |