7. Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау
Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау үшін тәулік бойы енгізілген препараттар мөлшері, оларды енгізу жылдамдығы науқасты бақылау картасына тіркеледі. Катетеризация орнын әр 48-72 сағат сайын ауыстыру ұсынылады.
Егер инені алып тастаған соң, көктамыр «жоғалғаны» анықталса, яғни ерітінділер инфузиясы кезінде пункция орны ісініп шықса, катетерді тері астынан толығымен шығару қажет. Содан соң мұқият перифериялық көктамыр катетерін жинап катетерді енгізу емшарасын басынан қайталау қажет.
Инфузиялық терапия жүргізуден алдын науқас терең тыныс алып – тынысын ұстауы қажет. Резеңке тығынды алып, катетерге 0,5 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, поршенді өзіңізге қарай тартып, қанның шприцке еркін келуіне көз жеткізіңіз. Катетерге көктамыр ішілік инфузия үшін жүйені (ине, «ине–көбелек», тамшылатып жіберуге арналған реттеуіші бар жүйе) жалғастырыңыз. Науқасқа дем алуға рұқсат беріп, тамшы жиілігін реттеңіз. Шприцтегі қанды астаушаға құйыңыз.
Инъекцияға арналған порт арқылы енгізілген дәрінің қозғалу схемасы
Слайд 12
Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу.
Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алудан алдын канюляны катетер көлемімен бірдей көлемді физиологиялық ерітіндімен шаю керек, содан соң алғашқы 5 мл қан алып тасталады (қанның ластанбағанына және басқа дәрілермен араласпағанына көз жеткізу үшін). Енгізілген антикоагулянттар, ерітінділердегі заттардың (глюкоза, калий) қанды сұйылту әсері ескеріледі. Олар қанды зерттегенде қателіктер себебі болуы мүмкін. Егер қанды биохимиялық және коагулолалық зерттеу қажет болса, алдымен қан биохимиялық зерттеуге содан соң коагулолалық зерттеуге алынады. Катетерден вакуумды жүйе көмегімен қан алынатын болса, Люэр адаптері қолданылады. Вакуумды жүйе көмегімен қанды катетерден алу күре тамырдан алынғандай жүргізіледі.
Слайд 13
Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар.
Катетердің шеткі көктамырда ұзақ уақыт болуында келесі асқынулар болуы мүмкін:
көктамырда тромб түзілуі;
катетерде тромб түзілуі;
тромбоэмболия және ауалы эмболия;
инфекциялық асқынулар (5-40%), мысалы сепсис, іріңдеу; Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау көрсеткіштері:
катетер қою орнында ісінудің пайда болуы;
катетер айналасы терісінің қызаруы;
жергілікті қызба;
катетер енгізу орнында ауырсыну;
катетер қойғаннан соң 48-72 сағат өткен соң; - катетердің тромбымен бітелуі.
Слайд 14
Слайд 15
Слайд 16
Достарыңызбен бөлісу: |