(құю немесе тамшылатып жіберу)
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндісі бар шприц, тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта, дәріні тамшылатып жіберуге арналған жүйе, штатив.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен амандасу, жағдайын сұрау. Емшара барысын түсіндіру, келісімін алу.
Науқасты ыңғайлы қалыпқа жатуын сұрау (арқасымен жату).
Қолды гигиеналық денгейде өңдеу.
Катетерді бекітілген таңғыштан босату.
Шприцті дайындау (жарамдылық мерзімін және орамының бүтіндігін тексеру). Дәрілік заттың атын, жарамдылық мерзімін, оқып шприцке сорып алу. Дәрілік затты ампуладан сорып алу немесе жүйені құрастыру стандартын қараңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу. Қолғапты кию.
Катетер бекітілген таңғыштың тазалығын және бүтіндігін көзбен көріп бағалау.
Антисептикке малынған стерильді салфеткамен бітеуішті өңдеу және оны шешіп алу.
Катетердің өткізгіштігін тексеру. 2,0 мл-0,9% натрий хлорид ерітіндісі бар шприцті катетерге жалғастырып, поршеньді цилиндрде қан көрінгенге дейін өзіңізге қарай тартыңыз. Физ. ерітіндіні жіберіңіз. Катетерді жуу үшін алынатын физ ерітіндінің мөлшері катетердің және оның құрылғыларының көлемінен 2 есе көп болуы керек.
Катетердің өткізгіштігі бұзылған жағдайда (бұл кезде ерітінді жіберу кезінде жоғары қарсылық байқалады) емшараны тоқтатып дәрігерге хабарлау керек.
Катетер өткізгіштігі бұзылмаған жағдайда физиологиялық ерітінді енгізгеннен соң дәрілік зат сорып алынған шприц немесе тамшылатып жіберуге арналған құрастырылған жүйе жалғастырылады.
Дәрілік зат жаймен жіберіледі, тамырға ұсақ «қалдық» ауа тамшыларының кетіп қалмауы үшін шприцте аз мөлшерде дәрі қалдырылады.
Дәрілерді тамшылатып жіберген кезде жүйені катетерге жалғастырғаннан соң енгізілетін дәрінің жылдамдығын, яғни тамшылардың жиілігін реттеу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша).
Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу.
Дәрілерді тамшылатып жіберу барысында науқастың жағдайын бақылау.
Инфузия біткен соң қолды гигиеналық денгейде жуу.
0,9% 5,0 мл физиологиялық ерітіндіні шприцке сорып алу.
Қолғапты кию. Енгізілген дәрілік ерітінді шприцін немесе тамшылатып жіберу жүйесін катетерден ажыратып алу.
Физ. ерітіндісі бар шприцті жалғастырып ерітіндіні енгізу.
Шприцті ажырату. Катетерді стерильді бітеуішпен бекіту.
Катетерді стерильды салфеткамен жауып бекіту.
Қолданылған заттарды утилизациялау.
Қолғапты шешу. Қолды гигиеналық денгейде жуу.
Емшараны орындау туралы медициналық құжаттарға тіркеу.
Достарыңызбен бөлісу: |