1-топ. Екі қорапта барлығы 85 алма болды. Егер бірінші қораптан 80%, ал екінші қораптан 60% алманы алсақ, екі қорапта барлығы 24 алма қалады. Бастапқыда екі қорапта неше алма болған?
1-топ. Тіктөртбұрыштың екі қарама қарсы қабырғасын созғанда оның ауданы 2 есе өсті, ал периметрі 44 см-ден 56 см-ге артты. Бастапқыда тіктөртбұрыштың ауданы қандай болған?
2-топ. Төрт мысықты екі-екіден таразыға салып өлшеді. Нәтижесінде 6 кг, 7 кг, 8 кг, 9 кг, 10 кг, 11 кг салмақтар алынды. Төрт мысықтың жалпы салмағы қандай?
2-топ. Асқар мен Бағлан 100 м қашықтыққа жүгіріп жарысты. Асқар 97 метрге жеткен кезде, Бағлан мәреге жетіп жеңіп кетті. Келесі жолы Бағлан Асқарға жеңілдік жасап бастапқы сызықтан 3 м артқа шегініп тұрды. Егер олардың жылдамдықтары тұрақты болса бұл жолы кім жеңеді?
3-топ. Сатушының барлығы 2400 жұмыртқасы болды, оның кейбірі тауық жұмыртқасы, кейбірі бөдене жұмыртқасы. Ол кездейсоқ бірнеше бөдене жұмыртқасын сындырып алды. Содан кейін ол өз жұмыртқаларына тағы 150 тауық жұмыртқасын қосуға мәжбүр болды. Нәтижесінде жұмыртқалардың жалпы саны 4,5%, ал бөдене жұмытқаларының саны 5%-ға азайды. Бастапқыда қанша тауық жұмыртқасы болған?
3-топ. Сұлуқыз суға екі құмырамен келді. Бұлықтағы су екі тесіктен ағады, біріншісіндегі су екіншісінен 3 есе тез құяды. Сұлуқыз екі тесікке екі құмыраны бірдей қояды. Кіші құмырадағы су жартылай болған кезде, ол екі құмыраны ауыстырып қойды. Содан кейін екі құмыра бірдей толды. Егер екі құмыраның жалпы сиымдылығы 8 л болса, әр құмыраның сиымдылығын анықтаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |