Тапсырма 4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау.- 15-20 мин
Тапсырма 5. Тест сұрақтарын шешу – (10-15 мин)
І нұсқа
1. Перифериялық көктамыр катетері арқылы зерттеуге қан алу үшін катетер канюлясын: С
А. 5 мл гепаринмен шаю керек
В. 5 мл ауа жіберу керек
С. 5 мл физиологиялық ерітіндімен шаю керек
Д. шамалы артқа тарту керек
Е. 5 мл новокаинмен шаю керек
2. Дәрілерді күре тамырға енгізу әдісі қолданылады, тек біреуінен басқа жағдайларда : С
А. ішекте сорылмайтын дәрілерді енгізу үшін
В. сілемейлі қабықтарға қатты тітіркендіргіш әсері бар дәрілерді енгізу үшін
С. суда ждәне майда еритін дәрумендерді енгізу үшін
Д. тез ыдырайтын дәрілерді енгізу үшін
Е. шұғыл жағдайларда жылдам әсер ету үшін
3. Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден тұрады, тек біреуінен басқалары:В
А. жұмсақ және иілгіш катетер
В. ауа өткізгіш қақпақ
С. ине өткізгіш
Д. бітеуіш
Е. қорғаныс қақпақша
4. Катетер таңдауда есепке алынады барлығы, тек біреуінен басқа: Е
А. пациент ерекшелігі
В. инфузия жылдамдығы
С. таңдап алынған көктамыр диаметрі
Д. перифериялық тамырдың қолжетімдігі
Е. орталық катетер диаметрі
5. Катетер қою үшін келесі қасиеттер ескеріледі, тек біреуінен басқалары: В
А. бүйір тамырлары жақсы дамыған жақсы көрінетін көктамыр
В. жақсы көрінетін орталық көктамыр
С. басым болмаған дене жағының көктамырлары
Д. дистальді орналасқан көктамырлар
Е. жұқсақ, иілгіш көктамырлар
6. Перифериялық көктамыр катетер инесін пункция кезінде тамырға енгізу тоқтатылады: Е
А. белгілі бір тереңдікке енгізген соң
В. катетерде қан көрінген жағдайда
С. ине-өткізгіш енгізілген соң
Д. бітеуіш қақпағын ашқан соң
Е. катетердің индикатор камерасында қан көрінген жағдайда