7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі



Дата08.02.2022
өлшемі15,37 Mb.
#123103
Байланысты:
7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.
3 СОӨЖ, СӨЖ, 5 СОӨЖ,СӨЖ

7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі.
VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қаласында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келгенін атап өту керек. Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізілді. Ойындар елдің атын шығарып қана қоймай, қысқы спорт түрлерінің дамуын жаңа дәрежеге көтермек. Әлемге әйгілі “Медеу” мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебушілері үшін арманға айналған заман да болған.
Азияның көптеген елі Азия ойындарын Олимпиада ойындарымен қатар қояды, сондықтан осы көлемді іс-шараны дайындау және өткізу Қазақстанның түрлі саладағы көшбасшылық орнын тағы бір көрсетіп, ел жетістігінің түрлі қырын көрнекі түрде растау болады.
Азия ойындарына шамамен құрлықтың 45 елі қатысады деп жоспарланған. VІІ қысқы Азия ойындарының бойтұмары ретінде мемлекетіміз «қар барысын» таңдады. Сақтардың мифологиясында барыс әділдіктің қорғаны ретінде бейнеленеді, ол төреші ретінде алдында өтіп жатқандарға биіктен көз салады. Сондай-ақ, барыс жиі ғарыштық әлем тәртібін қорғау белгісі, әлем құрылуының тұрақтылығының кепілі болып табылып, өмір ағашының қорғанышы ретінде көрінеді. Осының барлығы өз кезегінде олимпиада қозғалысының негізгі идеяларымен қиюласады
Ойындар Алауы
2010 жылғы 31 желтоқсаннан 2011 жылдың 1 қаңтарына қараған түні Азиялық Олимпиада кеңесінің штаб-пәтері орналасқан Эль-Кувейт қаласында біздің эстафетаның алауы жағылады.
Алау 2 қаңтар күні 6-шы қысқы Азия ойындары өткен Қытайдың Чангчун қаласына әкелінеді. 3 қаңтар күні Қазақстан Республикасы, Алматы қаласына жеткізіледі. Алауды қарсы алуға арналған салтанатты рәсімнен соң эстафета қала көшелерін жүріп өтіп, аймақтарда сапарын жалғастырады.
27 күн ішінде Алау Қазақстанның барлық аймағын аралап, 30 қаңтар күні Астана көшелерімен өтіп, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда Азия ойындарының ашылу салтанатында мәресіне жетеді. Жоспарланған маршрут бойынша республикамыздың әр аймағында екі күндік эстафета алауының сапары көзделген. Эстафета тек облыс орталықтары ғана емес, ауылдарды, республикамыздың көрікті туристік жерлерін де басып өтеді. Эстафета қыс мезгілінде өтетін болғандықтан Алауды алып өту үшін автокөлік, шаңғы, коньки, ат, түйе, тікұшақ сияқты тасымал құралдары қолданылады.
Спорт түрлері
Азия ойындарының жалпы жарыстары Астана мен Алматы қалаларында спорттың 11 түрінен өткізіледі. Олар: конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей, шаңғы жарыстары, биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғыда қысқы бейімделген спорт түрі.
Тарихы
Kazakhstan-2011-Bill-2000-Reverse.jpg
Шымбұлақ
Медеу мұз айдыны
Олимпиадалық ойындарға арналған шаңғы трамплины, Алматы.
Қазақстан – 2011 жылы өтетін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығын бірінші рет алған ел. 2006 жылы, 5 қаңтарда Алматы қаласы ойындар өткізу орны ретінде қабылданды, ал 2007 жылғы 29 қазанда жарыстардың бір бөлігі Алматыдан Астанаға ауыстырылды.
2006 жылы, 4 наурызда Кувейтте осы елдің президенті Шейх Ахмад Аль-Фахад Аль-Сабах басқаратын Азиялық Олимпиада кеңесі мен сол кездегі Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов пен бүгінгі туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов мырза басқарған Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті арасында үш жақты келісім – ұйымдастырушы қаламен келісімшартқа қол қойылды. Мұндай жауапты сайысты өткізуде таңдаудың Қазақстанға түсуі тегін емес. Бұған отандық спортшылардың әлемдік ареналардағы жетістіктері де айтарлықтай әсер еткені анық.
Алматы қаласында 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындарын өткізу туралы келісім шартқа 3 жыл бұрын Кувейтте Азия Олимпиадалық кеңесінде қол қойылған болатын. Бұған дейінгі алты қысқы ойындардың ұйымдастырушылары – Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты үш держава болды. Енді Қазақстанға қысқы ойындарына маңызды үлес қосу мүмкіндігі туындап отыр. Аталған жарыстарды өткізу Қазақстан үшін беделді оқиға болып табылатынын ескеру қажет. Азиада 2011-дің алдын ала дайындалған бағдарламасына сәйкес ашылу және жабылу салтанаты, мұздағы спорттың бірнеше түрлері бойынша жарыстар Астана қаласында өтеді, ал Алматы қаласында қар спортынан жарыстар өткізіледі. О баста бұл ойындарды өткізу мәртебесіне Алматы қаласы ие болғанымен қазақ шенеуніктер Астана мәртебесін көтеру идеясымен ойындарды Астанаға көшіруді меңзеді. Дегенмен Астана әлі ірі деңгейлі Ойындарды өткізуіне әлі қауқары аз болғандықтан ойындарды екі қалада өткізу жоспарланды.
Әйтсе де, бірде бұлай, бірде олай болады деп Ашылу салтанатын Астанада, ал жабылу салтанатын Алматыда өткізіледі деп келген шенеуніктер 2010 жыл басында Жабылу салтанаты да Астанада өтетін болды.
Ареналар
Алматы қаласының нысандары Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, “Медеу” биік таулық спорт кешені, халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені, “Шымбұлақ” биік таулық база. Осы нысандар 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының жарыстарын жүргізуге қызмет етеді. Астана қаласының нысандары жабық футбол стадионы, жабық конькимен сырғанау стадионы, «Қазақстан» Cпорт сарайы.
Пожалуйста, удалите эту запись после редактирования страницы.
Скачайте этот фон и используйте его во время онлайн-созвона с вашими друзьями для полноценного игрового опыта.
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы
Аталған нысана шайбалы хоккей (әйелдер) бойынша жарыстарды өткізуде пайдаланатын болады. 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізуге Спорт және мәдениет сарайын қайта құру тек ірі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ғана емес, сондай-ақ қалалықтар мен қонақтарға спортпен, дене тәрбиесімен және қызықты уақыт өткізуге ашылады.
Қайта құрудан кейін Сарайдың сыйымдылығы 5000 орынды құрайды. Қосымша 1000 орын орнатылады. Барлық инженерлік-техникалық коммуникацияларды ауыстыру жоспарланды, шешінетін жер, медико-қалыптастыратын кешендер, демалыс бөлмелері, баспасөз орталығы, комментаторлық кабинкалар орналасатын қосалқы орындардың аумағы ұлғаяды. Ең соңғы модификациядағы электрондық табло орнатылатын болады. Сондай-ақ 850 машинаға парковка ұйымдастыру жоспарланған.
«Медеу» жоғары таулы спорт кешені
«Медеу» Азия ойындары үшін шешуші мағынаға ие болады. Бұнда бенди- допты хоккей бойынша жарыстар өткізу жоспарланған. Әлемге атақты жоғары таулы мұз айдынын қайта құрудың масштабты жобасына бірнеше кезеңдер кіреді. Біріншіден, ескі машина залын – оның шамамен 3300 шаршы метр алаңын толық ауыстыру жүргізіледі. Қайта құрудан кейін бокс, күрес, баскетбол, минифутбол – әр түрлі бағыттағы спорт залдары, сондай-ақ жаттықтыру залдары мен скалодром орналасады. Сонымен қатар, қоғамдық қолдану орындары – буфет, баспасөз орталығы, жаппай сырғанау вестибюлі және мұражай өзгертіледі, сондай-ақ мұз айдының әкімшілігі мен қызметшілеріне арналған қосымша орындар ашылатын болады. Спортшылардың уақытша демалысы үшін орындар да жөндеуге жатады – олар спортшылар тұру қажетті қазіргі тиісті талаптарына сай деңгейге дейін жеткізіледі, ал олардың жалпы саны 130-дан 150-ге дейін өседі
Трибунадағы көрермендер үшін орындықтар толығымен жаңаға ауыстырылады, ал трибуналардың өзі гидро бөлектенеді. Жылу, желдету, сумен жабдықтау және канализация, энергиямен жабдықтау сияқты кешеннің инженерлік-техникалық жүйелері толық ауыстыруға жатады. Қазіргі технологиялық жүйелердің халықаралық стандарттарға сәйкес келуі үшін жаңалар, - мысалы, мұз аренасын жарықтандыру жүйесі, теледидарлық жүйесі, күзет жүйелері және бейне бақылау құралдары, электрондық табло, фотофиниш жүйесі және әділ-қазылар жүйесі, сағатты бекіту жүйесі, мұз оқиғаларын хабарлау жүйесі, мұзды орналастыру жүйесі қосылатын болады.
Мұз айдынының өзі де өзгеріске ұшырамақшы. Коньки тебу спорты, канада хоккейі, керлинг, мәнерлеп сырғанау және допты хоккей сияқты спорт түрлерін аймақтық және халықаралық деңгейінде жаттығулар мен спорт іс-шараларын өткізуге толығымен дайындалады. Сонымен қатар, суық кезеңдерде мұз жабындысын және жазғы уақытта қосымша жабындыны қолданумен жаппай сырғанау мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу режимінде пайдаланылатын болады.
Қазақ спортшылары мақсаттары
2011 жылы елдегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан 3 орынды иеленуден үміткер. Қытайда өткен алдыңғы ойындарда Қазақстан жалпы командалық есепті Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік Кореяға жол бере отырып, төртінші орынды иеленді
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
ИБАДУЛЛАЕВА АРУЖАН

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет