П.13: Тарихи жадының сақталуы - тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде -1с.
Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және инвестициялық қызмет. Қазақстан Республикасының бітімгерлік миссиясы. ҚР-ның Азияда өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті (АӨСШК, 1992 ж.) ұйымдастыру бойынша бастамасы. Қазақстанның Батыс-Шығыс мәдениаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі. Өзара сенімді нығайту жөніндегі бастамалар. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері (2003 ж.). Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері. ЕҚЫҰ позициясының нығаюы, ұлттардың әлемдік қауымдастығы тарапынан осы басты саяси ұйымға сенім мен құрметтің күшеюі. 2010 жылғы 1-2 желтоқсандағы Астанадағы Саммит – дүниежүзілік маңызы бар оқиға. Еуразия идеясының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың заманауи түсінігінше дамуы, оның Еуразия халықтарының ортақ игілігі үшін өзара тиімді, тығыз өзара қатынастардың қажеттігін негіздеуі. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Еуразиялық экономикалық одақ: теория және шындық. Қазақстан, Ресей, Белоруссия: Кедендік одағының құрылуы және қызметінің басталуы, оның маңызы. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы және оны жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |