7-сынып, қазақ әдебиеті Бөлім атауы: Толғауы тоқсан қызыл тіл Тақырыбы: Cүйінбай – достық дәнекері Оқу мақсаттары: Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы ақын тұлғасын ашу;
Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сұрақ-жауап:
Сүйінбай мен Қатаған айтысының
тақырыбы мен идеясы қандай?
Айтыстың тарихи құндылығы неде?
Шапырашты батыр ел, Батыр туған мен едім! Менменсіген мықтының Талайын жеңген ер едім.
Үзінді кімнің сөз саптауы? Ақын осы сөздермен не айтқысы келген?
№1 тапсырма. ТЖ.
Сүйінбай мен Қатаған бейнелерін салыстыра
отырып, Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен ерекшеліктерін жазыңыздар.
Дескриптор: Екі ақынның өзіне тән ерекшеліктерін жазады;
Екі ақынның ортақ қасиеттерін анықтайды;
Болжамды жауабы: Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі (М.Әуезов). Бадана көз, сұлу жігіт, Жамбылдың ұстазы болған, атақты айтыскер ақын. Қазақтың игі жақсыларымен бірге қырғыздың шонжары Орманханның берген асына барып, Қатағанмен кездеседі. Елге деген құрметін көрсетіп, өлең жолдарын өрнектеп амандасады. Қырғыз жұртына сәлем беріп, көңілін білдіргісі келетінін жеткізеді.
Қатаған – қырғыздың атақты айтыскер ақыны. Қағылез, қайыстай қара жігіт, өздігінен шыдамсыздық танытып Сүйінбайға тиіседі. Өзінің мақтаншақтығын, асыра сөйлейтін сабырсыздығын көрсетіп қояды. Ұтымсыз айтылған сөздері арқылы жеңіліп, ашуға булығады.
Ұқсастықтары – екеуі де елі құрмет тұтқан атақты суырып-салма айтыс ақындары. Сөз маржанын тере білген, өз халқын мақтан тұтқан өнер адамдары...
№2 тапсырма. «Сүйінбай – достықтың дәнекері» «Автор орындығы» бойынша ойларыңызды дәлелдеңіздер. Дескриптор:
Сүйінбай мен Қатаған арасындағы қарым-қатынастың, сөз қақтығысының қалай өрбіп, дамығанын өлең жолдарынан тауып оқиды;
Сүйінбайдың Қатағанға айтқан сөздері арқылы тапқырлығын, сабырлылығын, көргенділігін айтып, бойындағы құндылығын анықтайды.
Сүйінбайдың жеңіске жетуінің, елді риза етуінің себептерін атайды.
Сүйінбай ақынның тұлғалық бейнесін ашады.
№3 тапсырма. ЖЖ
№3 тапсырма. ЖЖ
Сүйінбайдың:
«Іздегенім осы еді, Өз-өзінен қағынып, Қатаған сөзден жаңылды Қызып тұрған темірге Өзі келіп қарылды» деуі айтыстың тағдырын шешкен сөз болғандығын дәлелдеп эссе жазыңыздар.
Сүйінбай мен Қатаған айтысының екі ел үшін маңыздылығы қандай деп ойлайсыңдар?
ҚОРЫТЫНДЫ Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы – айтыстың ерекше үлгісі. Сүйінбай қазақ халқына қандай танымал болса, Қатаған да қырғыз елінің мəшһүр ақыны. Екеуі екі елдің тілі, тілегі, мұрат-мақсатындай болған. Қай ел өзінің атақ-абыройын төмендеткісі келеді. Қазақтар Сүйінбай мықты ақын десе, қырғыздар Қатағанды кем соқты демеген.
«Сөз бастаған бұлбұлмын, Топ бастаған дүлдүлмін! Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған жүйрікпін!- деген шешуші сәтіндегі Сүйінбайдың бейнелі сөздері елдің назарын еріксіз өзіне аударады. Қырғыз жерінде болған астың үстінде Қатаған ағайын жұртпен амандасқан Сүйінбайға бірден тарпа бас салады. Неде болса, қазақтың сөзге шебер, қарсыласын алып та, шалып та «Кенесары төренің басын кесіп алғанмын, сен кегіңді алғанша ішіңде кетер арманың…» деп мықтымсып, шабады… Сүйінбайды сөз түйіп әрі өтеді, түйіп бері өтеді. Қазақтар шынында да әуелгіде сағы сынып қалады. Араға аз-кем үнсіздік салып, Сүйінбай атқа қонады. Қатағанның отына қарсы от ала жүгірмей, «төскейде малы, төсекте басы қосылған» екі ел арасын шабындыға жібермей, сабыр дейтін биіктен көрінуге шақырады.
– Сүйінбай ботам! Екі елдің бас қосқан үлкен айтысында Қатағанды жеңгенің үшін: Ыстықкөлдің ақ көбігінен жаратылған асқан сұлу Мейіз атты қыз, алты қанат ақ орда, алтын бесік, бір бүркіт, мойнында күміс қарғысы бар екі тазы сыйлаймыз. Риза бол қарағым! – деген екен айтысқа төрағалық етіп отырған Қара Бәйтік
… Мейіз атты сұлуды жарты жолдан өз еліне қайтарған Сүйінбай ақынның асыл мінезі біз үшін мәңгілікке үлгі болып қала бермек.
Кері байланыс