7 сынып Қазақстан тарихы пәнінен I тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1.Тапсырма: Тест сұрақтарына жауап бер
1. Қайып хан таққа отырды:
А) Қасымнан кейін
В) Сәмекеден кейін
С) Тәукеден кейін
Д) Әбілқайырдан кейін
Е) Болаттан кейін
2. Орта жүз хандары
А) Күшік, Сәмеке, Жолбарыс
В) Сәмеке, Жолбарыс, Әбілқайыр
С) Әбілқайыр, Сәмеке, Күшік
Д) Болат, Сәмеке, Күшік
Е) Жолбарыс, Болат, Сәмеке
3.Жоңғарларға зеңбірек құюды үйреткен тұтқын
А) И.Георги
В) И.Г.Ренат
С) Цеван-Рабтан
Д) Я.Гавердовский
Е) Д. Флэтчер
4.Қазақ ақсұйектері 1710 жылы құрылтайда бас қосқан жер.
А) Ордабасы
В) Қарасиыр
С) Түркістан
Д) Бәйгетөбе
Е) Қарақұм
5.Әбілқайыр 20 мың жауынгері бар жасақпен Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше рет жорық жасаған жыл
А) 1723 ж
В) 1726 ж.
С) 1710 ж.
Д) 1724 ж
Е) 1640 ж.
6.«Қырғыздарда (қазақтарда) әскери өнер қасиетті санап, онымен бүкіл халық айналысты. Қару ұстай алатындардың барлығы өзімен бірге қылыш, кем дегенде пышақ алып жүруі, ал ел шетінде жау тигенде халық жасағы құрамына қосылуы тиіс болды.» деп жазған
А) Д. Флэтчер
В) Н.Коншин
С) Я.Гавердовский
Д) И.И.Крафт.
Е) И.Георги
2 тапсырма: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси
оқиғаларын сипаттаңдар
Саясат бағыты
|
Әбілқайыр хан
|
Абылай хан
|
Ішкі саясат
|
|
|
Сыртқы саясат
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
3-тапсырма. Қазақтардың Аңырақай шайқасында жеңіске жетуінің нақты 5 себебін белгілеңіздер.
1. Жердің географиялық жағдайын шебер пайдаланды
2. Қазақ батырларының жанкешті, ұлтжанды екенін көрсетті
3. Қазақ қолбасшыларының мықты стратег екенін дәлелдеді
4. Сарбаздарын білтелі мылтықпен түгелге жуық қаруландырды
5. Алдын-ала барлығын дәл есептеді
6. Ор қаздырып, әскерін дұрыс орналастырды
7 .Бірліктің жемісін айқындады
8. Жоңғарлар үшін соғыс күтпеген жерден басталды
4-тапсырма. Мәтінмен жұмыс:
Абылай бүкіл ішкі саяси қызметібір орталықтан басқарылатын тәуелсіз мемлекет құруға бағытталды... Ш.Уәлиханов былый деп жазды:«Қазақтардың аңыз әңгімелерінде Абылай айырықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Ешбір ханның Абылайдай шексіз билікке қолы жеткен жоқ»... Ресейдің қол астына өтуді қабыл алғанына қарамастан , ол іс жүзінде Ресейге мүлде тәуелсіз ішкі және сыртқы саясат жүргізді... Патша үкіметі Абылайды тек Орта жүздің ханы деп таныды. Абылай ант қабылдап және патшаның сенім грамотасы мен тарту-таралғыларын тапсырудың салтанатты рәсіміне барудан бас тартты.Өйткені: «Мені хан етіп сайлаған халқымолай болса, орыс патшасының тағына тағзым етіп, ант беруге міндетті емеспін», - деп білді.
Абылай ханға бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрудың сәті түсті. 1771 жылы Түркістан қаласында қазақтың бүкіл үш жүзінің ханы болып жарияланды. Бұған жоңғарлар мен Еділ қалмақтарын талқандаудағы үлесі игі ықпал етті.
Абылай ханның азаматтық тұлғасына сипаттама беріңдер:
1_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2________________________________________________________________________
Ш.Уәлихановтың пікірімен келісесің бе? Қазақтың қай ханын Абылаймен теңестірер едің?
1______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Абылай хан шексіз билікке қалай қол жеткізді?
1______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |