7 сынып
1. Физикада зеттелетін табиғат құбылыстарының атауы.
а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық құбылыстар
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
2. Табиғатты бақылау барысында жинақталған ғылыми деректер бойынша ұсынылған тұжырымдардың атауы.
а). Физикалық шама
б). Тәжірибе
в). Гипотеза
г). Физикалық өлшеу
д). Физикалық эксперимент
3. Физикалық теорияның негізгі мәселесі
а). Құбылысты түсіндіру
б). Физикалық эксперимент
в). Физикалық өлшеу
г). Болжау ұсыну
д). Физикалық шаманы есептеу
4. Физиканың ғылыми тілін игеру кезінде пайдаланылатын арнайы тірек сөздің атауы
а). Физикалық аспаптар
б). Физикалық терминдер
в). Физикалық заңдар
г). Физикалық шамалар
д). Физикалық тәжірибелер
5. Физика сөзін ғылымға енгізген ғалым
а). Галилей
б). Декарт
в). Аристотель
г). Ньютон
д). Демокрит
6. Уақытты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
7. Ұзындықты өлшейтін аспап
а). Барометр
б). Сызғыш
в). Секундомер
г). Спидометр
д). Манометр
8. Халықаралық бірліктер жүйесіндегі ұзындықтың негізгі бірлігі
а). Миллиметр
б). Сантиметр
в). Метр
г). Спидометр
д). Километр
9. Қандай шама миллиметрмен өлшенеді?
а). Аудан
б). Ұзындық
в). Жылдамдық
г). Уақыт
д). Көлем
10. Қайсы сөз физикалық дене ұғымына жатпайды?
а). Парта
б). Қалам
в). Бор
г). Қарындаш
д). Кемпірқосақ
11. Табиғаттағы барлық физикалық денелер ... құралады
а). Өте кішкентай шаралардан (металл, пластмасса немесе шыны)
б). Тек протондардан
в). Атомдардан немесе молекулалардан
г). Тек ғана электрондардан
д). Тек ғана нейтрондардан
12. Диффузия құбылысы нені дәлелдейді?
а). Тек молекулалардың бар екенін
б). Тек молекулалардың қозғалыста болатынын
в). Молекулалардың бар екендігін, қозғалыста болатынын және олардың арасында бос орын болатынын
г). Молекулалардың өзара әсерлесетіні
д). Ештеңені дәлелдемейді
13. Затты құрайтын бөлшектер
а). Егер денені жоғары лақтырса, қозғала бастайды
б). Егер денені 1000С – қа дейін қыздырса, тыныштықта болады
в). 00С – та тыныштықта болады.
г). Кез келген температурада үздіксіз және бейберекет қозғалады
д). Абсолют тыныштықта болады
14. Темір кесекті сығу мүмкін емес. Өйткені қысқан кезде темір бөлшектері ...
а). Үздіксіз, бейберекет қозғала бастайды
б). Бір – біріне күштірек тартыла бастайды
в). Бірдей массада және бірдей өлшемде болады
г). Бір – бірінен күштірек тебіле бастайды
д). Массасы көбейе бастайды
15. Дене өз көлемін сақтамайды және берілген көлемді толық иелене алады. Денені құрайтын зат қандай күйде болады?
а). Газ тәрізді
б). Сұйық
в). Қатты
г). Газ тәрізді немесе сұйық
д). Тура жауап беру мүмкін емес
16. Зат ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?
а). Қарындаш
б). Бор
в). Су
г). Ағаш
д). Темір
17. Физикалық құбылыс ұғымына тиісті емес сөзді атаңдар?
а). Мұздың еруі
б). Найзағайдың жарқылы
в). Сынып
г). Жанартаудың атқылауы
д). Жаңбырдың жаууы
18. Төмендегі сөздердің қайсысы механикалық құбылысқа тиісті?
а). Тамшының тамуы
б). Жұлдыздардың жымыңдауы
в). Мұздың еруі
г). Сіріңкенің жануы
д). Судың қайнауы
19. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық аспаптарға тиісті?
а). Градус
б). Температура
в). Термометр
г). Килограмм
д). Метр
20. Миллиметр – бұл
а). Физикалық шама
б). Физикалық дене
в). Физикалық аспап
г). Физикалық құбылыс
д). Өлшем бірлігі
Достарыңызбен бөлісу: |